Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Елімізде микросхемаларды жобалау саласы ақсап тұр Әбутәліп Мүтәлі

Елімізде микросхемаларды жобалау саласы ақсап тұр Әбутәліп Мүтәлі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлінің Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке ұлттық чип-дизайнды дамыту жөнінде сауал жолдап, Үкіметке чиптер дизайны саласын дамыту бойынша кешенді мемлекеттік саясатты әзірлеуді ұсынды.

Депутат Әбутәліп Мүтәлі Мемлекет басшысының алдағы үш жылда елімізді толық цифрландыру және жасанды интеллектті жан-жақты дамыту жөнінде стратегиялық міндет қойғанын сөз етіп, микросхемаларды жобалау және чиптер дизайны саласындағы өз біліктілігімізді дамытпай, бұл мақсатқа жетпейтінін айтты.

– Бүгінгі таңда микросхемалар – тұрмыстық техника мен смартфондардан бастап, қауіпсіздік жүйелері, көлік және мемлекеттік қызметтер көрсету салаларына дейінгі бүкіл цифрлық инфрақұрылымның өзегіне айналып отыр. Бағытты жетілдірмей, шынайы цифрлық егемендік туралы айта қиын. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, чиптер дизайны индустриясын дамыту үшін міндетті түрде өз фабрикаларымыздың болуы шарт емес. Сингапурда арнайы қолдау қорлары зерттеулерге 700 миллион доллар бағыттап отыр. Қытайда экспорттық шектеулерге қарамастан жасанды интеллектке арналған тәуелсіз шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік беретін салықтық жеңілдіктер мен субсидиялар ұсынылып, технологиялық парктер белсенді жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, өндірістік базасы болмағанына қарамастан британдық ARM компаниясы бүгінде әлемдегі смартфондардың 95%-ның архитектуралық негізін қалыптастырып отыр. Сол сияқты, нарықтық капитализациясы 4 триллион доллардан асқан NVIDIA компаниясы да өз өндіріс орындары жоқ, бірақ әлемдегі ең ірі микросхема өндірушілердің біріне айналды, – дейді ол.

Депутат соның ішінде еліміздің алып отырған орнын қозғады.

– Қазақстаннан осындай нарықтарға жаңа ойыншыларды шығару – стратегиялық маңызы зор міндет. Бірақ елімізде микросхемаларды модельдеу мен сынақтан өткізуге арналған зертханалар, білім беру бағдарламалары, ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы және мемлекеттік қолдау шаралары жеткіліксіз. Салада халықаралық тәжірибесі бар инженерлер мен тәлімгерлер тапшы, ал университеттер мен өнеркәсіп арасындағы байланыс әлсіз. Салдарынан біз микросхемаларды импорттауға мәжбүрміз. Алайда ең өкініштісі – жаһандық жартылай өткізгіштер индустриясынан шет қалып отырмыз. Бұл нарықтың көлемі қазірдің өзінде жүздеген миллиард доллармен өлшенсе, бес жылдан кейін 1 триллион долларға, ал 2035 жылға қарай 2 триллион долларға дейін өседі деп болжанып отыр, – дейді Әбутәліп Мүтәлі.

Оның айтуынша, микросхемаларды жобалау саласын дамытса Қазақстанға бірқатар елеулі артықшылық берері анық.

– Ұлттық қажеттіліктерге бейімделген технологиялық шешімдерді әзірлеуге, цифрлық жүйелердің сенімділігі мен мемлекеттік қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ микросхемалар мен дайын өнім импортының көлемін азайтуға жол ашады. Салада жаңа жоғары технологиялық жұмыс орындары пайда болып, жастардың инженерлік мамандықтарға қызығушылығы артады.

Дайын чиптер дизайны үлгілерін және зияткерлік меншікке қатысты лицензияларды экспорттау мүмкіндігі артып, экономиканың шикізаттық емес секторы нығаяды. Сондықтан Үкіметке чиптер дизайны саласын дамыту бойынша кешенді мемлекеттік саясатты әзірлеуді және бекітуді ұсынамын. Үкімет шұғыл әрі нақты шаралар қабылдап, мемлекеттік саясат аясында университеттер мен колледждерде зертханалар ашу, микросхемалардың ұлттық дизайн-орталығын құру, жобалау және тестілеу инфрақұрылымын дамыту, ғылыми жобалар мен стартаптарды қолдау, микросхемаларды жобалау бойынша оқу бағдарламаларын енгізу көзделуі тиіс. Дәл осы базалық инфрақұрылымды құру еліміздің шынайы әрі тұрақты цифрландыруын қамтамасыз етеді, – деді депутат.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 12:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары