Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Мәслихат бизнес шығынын азайтатын шешімді қалай қабылдады

Мәслихат бизнес шығынын азайтатын шешімді қалай қабылдады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

— Жеңілдетілген декларация негізінде облыста 2026 жылдан бастап арнайы салық режимі бойынша мөлшерлеме 2%-ға төмендетілгені белгілі. Кәсіпкерлер үшін, шағын және орта бизнес үшін мұның қандай тиімді жақтары бар?

— Мемлекет басшысы 2025 жылдың 18 шілдесінде салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейтін жаңа Салық кодексіне қол қойды. Соған сәйкес шекті кірісі 600 мың АЕК-тен аспайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін (АСР) қолдану енгізілді. Бұл салық режимінің мөлшерлемесін қызмет түріне және объектінің тұрған жеріне қарай жергілікті өкілді органдарға, яғни мәслихаттарға 50%-дан аспайтын мөлшерде төмендетуге немесе арттыруға құқық береді. 

Мемлекет басшысының бастамасын толық қолдап, Қызылорда облысының жергілікті өкілді органдары оңайлатылған декларация негізінде АСР мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету жөнінде шешім қабылдады. Бұл — бизнестің шығынын азайтуға бағытталған маңызды қадам. Ол бойынша кәсіпкер тапқан табысының салыққа аз бөлігін төлеп, қалған қаржыны өз ісін дамытуға бағыттай алады. 

Мысалы, жылдық табысы 30 млн теңге болатын кәсіпкер бұрын 3% мөлшерлемемен 900 мың теңге төлесе, енді 2% мөлшерлемемен 600 мың теңге төлейді. Бұл қаражат оның өз ісін дамытуға қосымша мүмкіндік береді. Оның ішінде жалақыны көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу, құрал-жабдық алуға немесе қызмет сапасын жақсарту бар. 

Салық төлеу жылына 2 рет жүргізіледі. Бухгалтерлік есепке 135 мың АЕК-ке дейінгі кірісі бар жеке кәсіпкерлер (шамамен 550 млн теңге) міндетті емес. Сонымен қатар жалдамалы қызметкерлер санына шектеу жоқ, қосылған құн салығы мен әлеуметтік салықтан босатылады. Бұл Үкімет тыйым салған қызмет түрлерін қоспағанда барлық қызмет түрлеріне қолданылады.

Фото: Қызылорда облыстық мәслихаты

— Мәслихаттарға салық режимін төмендетуге мүмкіндік беру арқылы не ұтамыз? 

— Әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму ерекшеліктері жергілікті өкілді органдарға — мәслихаттарға жақсы таныс. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама аясында мәслихаттарға салық режимін төмендету құқығын беру жергілікті жердің нақты қажеттіліктеріне бейімделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Салықтық жүктемені азайту арқылы кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасалады. Ал бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің артуына ықпал етеді. Сонымен қатар бәсекелестіктің күшеюі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, олардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

— Мұндай шешім еліміздің бірқатар өңірінде қабылданды. Мәслихаттар үшін қандай қиындықтар болды, жан-жақты зерттеу нәтижесі нені көрсетті?

— Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы шешім қабылдауда мәслихаттар үшін негізгі қиындық жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің қысқа мерзімде азаю қаупін бағалау болды. Сондай-ақ жеңілдіктің шағын және орта бизнеске нақты әсерін болжау қажеттілігі туындады. Осыған байланысты салық органдарымен, кәсіпкерлермен және сарапшылармен талқылаулар жүргізілді. Жан-жақты талдау нәтижесі бұл шараның шағын және орта кәсіпкерліктің белсенділігін арттыратынын көрсетті. Атап айтқанда, салықтық тәртіп жақсарып, көлеңкелі айналым азайды, жаңа жұмыс орындары ашылды. Орта мерзімді кезеңде салық базасының кеңеюі есебінен бюджетке түсетін түсімдердің қайта өсуі қамтамасыз етілді.

— Бұл бастаманы кімдер көтерді және қандай дәйекті дәлелдер ұсынды?

— 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек салықтың АСР қолдануды тоқтатуына орай Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы, «Respublica» партиясы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы оңайлатылған декларация негізінде АСР мөлшерлемесін 50%-ға төмендету мәселесін жергілікті мәслихаттардың қарауына енгізуді ұсынды. Ұсыныс қала және барлық аудан әкімдігінің қарауына жолданып, жергілікті әкімдіктер тиісті мәслихаттардың төмендету жөніндегі шешім жобаларын әзірледі. Шешім жобалары «Ашық НҚА» порталына, мемлекеттік органдардың интернет ресурсына, жергілікті баспа басылымдарына жарияланды. Қоғамдық және сараптамалық кеңес талқылауларынан өтіп, тиісті қорытындылар алынғаннан кейін жергілікті өкілді органдардың қарауына енгізілді. 

— Салық мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігін мәслихатқа беру оның құзыретін кеңейтті дей аламыз ба?

— Мәслихаттардың құзыреті кеңейді деп толық айтуға болады. Бұрын салық мәселелерінің басым бөлігі орталық деңгейде шешілсе, енді жергілікті өкілді органға нақты тетік беріліп отыр. Мәслихат тек бақылаушы емес, енді экономикалық шешім қабылдайтын органға айналды. Өңірдегі бизнеске қалай қолдау көрсету керек екенін енді өзі анықтай алады.

Бұл мәслихаттың жауапкершілігін де арттырады. Салықты төмендету жай ғана жеңілдік емес, оның артында бюджет, жұмыс орындары, өңірдің дамуы тұр. Сондықтан депутаттар шешімді нақты есепке, талдауға сүйеніп қабылдайды. Сонымен қатар мәслихат пен кәсіпкерлер арасындағы байланыс күшейеді. Кәсіпкерлердің ұсынысы тыңдалады, пікірі ескеріледі. Бұл жергілікті басқарудың ашық әрі тиімді болуына жол ашады.

Қорытындылай айтқанда, салық мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігін мәслихатқа беру оның құзыретін кеңейтіп қана қоймай, жергілікті экономиканы басқарудағы рөлін күшейтті деуге болады. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 17:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see112

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see111

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see108

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see105

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see105

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see105

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары