Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді ұлғайтады

ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді ұлғайтады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Әлемде мұнай өндіру көлемі ұлғаяды. ОПЕК+-ке мүше елдер осыған келісті. Сөйтіп өндіріс көлемі желтоқсанда тәулігіне 137 мың баррельге жетеді.

Бірақ одан әрі тізгінді тарта тұруға тура келеді. Яғни келер жылдың алғашқы жартысында өсімді тоқтатуға уағдаласты. Енді бұл жаһандық нарықтағы қара алтын бағасына қалай әсер етеді?

ОПЕК+ елдерінің бұл шешімі сарапшыларға ой салып қойды. Өйткені осыған дейін мұнай өндіру көлемі төмендемейді, тек арта береді деген болжамдар айтылып келген-ді. Ал өсім желтоқсанда артқанмен, одан әрі тоқтауы туралы сөз болған  жоқ. Бұл енді әлемдік экономикаға қалай әсер етеді.

ОПЕК+ елдерінің бұл жиыны Ресейге қысым күшейген тұста өтті. Өткен айда АҚШ Ресейдің екі ірі мұнай өндіруші компаниясына санкция енгізген еді. Бұл жағдайдың айтарлықтай ушығуына себеп болды. Яғни мұнай бағасы бес айлық ең төменгі деңгейге түскеннен кейін оны тұрақтандыруға көмектесті. Бірақ кей сарапшылар мұның нарыққа әсерін бағалау ерте екенін айтты. Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман айдың соңында Вашингтонға барып, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі. Трамп бұған дейін бірнеше рет ОПЕК-ті отын бағасын төмендетуге үгіттеген болатын. Brent маркалы мұнайдың фьючерстік бағасы жыл басынан бері шамамен 13%-ға арзандап, жұма күні барреліне 65 доллардан төмен түсті. Ресейге қарсы санкциялардан бөлек, өткен аптада Вашингтон мен Бейжің арасындағы тарифтік келісім бойынша бір жылдық бітім де нарыққа әсер етті.

Morningstar америкалық инвестициялық зерттеу орталығы:

- Нарық үлесін қорғау –  бағаны қорғаудан маңыздырақ. Бұл мәлімдеме ірі өндірушілер арасындағы белгілі стратегияның қайта оралғанын көрсетеді. Мұндай тәсілді біз 2014, 2020 жылдары да көргенбіз. Сол кезде Сауд Арабиясы мен Ресей өндірісті арттырып, жоғары шығынды бәсекелестерін, әсіресе АҚШ-тағы тақтатас өндірушілерін нарықтан ығыстырмақ болған.

ОПЕК+ құрамындағы сегіз ел биыл өндіріс көлемін тұрақты түрде арттырып, келесі айдағы өсімді қоса есептегенде тәулігіне 2,91 миллион баррельге жеткізді. Бұл әлемдік мұнай сұранысының шамамен 2,7%-ына тең. Алайда кейінгі айларда өсім қарқыны бәсеңдеді. Кейбір елдер бұрынғы артық өндірісті өтеуге тырысса, енді бірі  керісінше, өндірісті арттыруда қиындықтарға тап болып отыр.

АҚШ-Қытай келісімінің нарыққа әсері 

Әлемдегі ең ірі екі мұнай тұтынушы АҚШ пен Қытай – сауда бойынша ақыры біржылдық келісім жасасты. «Енді өндіріс пен тасымалдау көлемі ұлғайса, мұнайға сұраныс артады, бұл нарықтағы қысқа мерзімді бағаға оң әсер етеді. Баға 2-5%-ға қысқа мерзімде көтерілуі мүмкін. Сөйтіп нарықта тепе-теңдік сақталады. Алайда ОПЕК+ елдерінің өндірісті арттыруы немесе АҚШ-тағы тақтатас өндірушілері өндірісті көбейтсе, нарықта ұсыныс өсіп, баға қысымға ұшырайды», - дейді сарапшылар. 

Тамас Варга, Pvm Oil Analytics сарапшысы: 

- Инвесторлар бұл келісімді АҚШ-Қытай арасындағы құрылымдық өзгеріс емес, шиеленістің бәсеңдеуі деп қабылдайды. 90 күн ішінде не болатынын, жағдай қалай өзгеретінін алдын-ала болжау қиын. Бұл белгісіздік мұнайға деген сұранысқа қысым жасауын жалғастыруы мүмкін.

АҚШ-тың мұнай өндіру көлемі артты  

Кейінгі он жылда АҚШ-тағы тақтатас мұнайының қарқынды дамуы энергетикалық теңгерімді түбегейлі өзгертті. Бір кездері ОПЕК бір ғана мәлімдемемен бағаны өзгерте алатын. Енді оның ықпалы АҚШ индустриясына да қарайлайды. Бірақ тақтатас мұнай өндірісі капитал тәртібі мен инвестор сеніміне тәуелді. Мұнай бағасы 70 доллардан төмендесе, инвесторлар инвестициядан бас тартып, өндіріс азаяды. Бұл жағдайда ОПЕК+ елдері өздерінің нарықтағы ықпалын сақтап, ұзақ мерзімді перспективада ұпай жинайды, өйткені олар төмен бағаға төзімді және өндірісті тұрақты ұстай алады.

Мұнай бағасы арзандауы мүмкін  

Кейінгі уақытта Қытайда мұнайға сұраныс төмендеп Солтүстік және Оңтүстік Америкада ұсыныс артқан. Бұл әлемдік нарықта мұнайдың артық қоры жиналғанын көрсетеді.  Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамына сәйкес, осы тоқсанда әлемдік мұнай жеткізу көлемі қалыпты сұраныстан тәулігіне 3 млн баррельге артық болуы мүмкін. Ал келесі жылы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетуі ықтимал. Сонымен қатар JPMorgan және Goldman Sachs сарапшылары мұнай бағасы барреліне 60 доллардан төмен түсуі мүмкін деп болжайды. 

Мұнай - жай ғана тауар емес, геосаяси валюта. ОПЕК+ пен АҚШ өндіріс көлемін ұлғайтқан сайын, қара алтынның нарықтағы бағасы құбылмалы түрде қала береді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 07:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары