Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Қарулы күштер қуаты

Қарулы күштер қуаты

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әлем елдері армияларының күш-қуатын салыстырып, жыл сайынғы рей­тин­гін жариялап отыратын Global Firepower (GFP) атты тәуелсіз плат­форманың биылғы көрсеткіштеріне зер салсақ, еліміздің Қарулы күштері был­тырғы деңгейден бір сатыға жоғарылап, 57-орынға тұрақтапты. Бұған ел бас­шылығы мен Қорғаныс министрлігінің армиямызды заманға сай модер­низациялау бағытында жүргізіп жатқан жұмыстары себеп болғаны аян.

Биыл Қарулы күштеріміздің құрылғанына 33 жыл толғаны мәлім. Азаттық жылдарында қазақ армиясы қандай жетістікке жетіп, нендей биіктерді бағындырды? Кез келген әскердің басты тірегі – қауқарлы қару-жарағы мен тегеурінді техникасы. Әлемдегі ең озық әрі заманауи қару-жарақты сатып алған жақсы. Алайда сондай қаруды өз еліңде өндіру, яғни отандық өндірістің дамығаны бәрінен де маңызды.

Белгілі әскери сарапшы Амангелді Құрметтің айтуынша, 90-жылдардағы тоқырау мен одан кейінгі өрлеу кезең­дерін бастан кешкен еліміздің әскери-өнеркәсіптік кешені кеңес заманында одақтың ірі әскери-өнеркәсіптік кеше­нінің шағын ғана бөлшегі болса, қазір де сол деңгейден аса ұзап кете қойған жоқ. Дегенмен бұл салада жеткен табыстарымыз да баршылық.

«Кеңес дәуірінде ел аумағында қос мақсатта жұмыс істейтін 51 кәсіпорын болған екен. Қазір қорғаныс және қауіп­сіздік бағытында жұмыс істеп жат­қан 30-ға жуық кәсіпорын бар. Соның көбі – «Қазақстан инжиниринг» холдингіне қарасты еншілес кәсіп­орындар. Тәуелсіздік жылдарында қан­дай жетістікке қол жеткіздік десек, ең алдымен ауызға ілігетіні – кеме жасау саласы. Оралдың «Зенит» зауыты Каспийдегі әскери-теңіз күштерімізді шағын катерлер, шағын кемелер және қайықтармен қамтамасыз етіп келеді.

Екінші өнімді бағыт – «Қазақстан Aselsan инжиниринг» компаниясы Түркияның «Aselsan» компаниясымен бірігіп, түнде көретін, байланыс, жылуға ден қойғыш (тепловизор) құралдарын жасап жатыр. Айта кету керек, қазір түріктің «Aselsan» компаниясы қару-жарақ сату бойынша әлемде алғашқы жүздікке кіреді.

Сондай-ақ «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» кәсіпорнының армиямыз үшін бронды көліктер шығарып жатқанын да тілге тиек етуге болады. Қазір сингапурлықтармен бірігіп бронды көліктерді жетілдіру қадамдарын жасап жатыр. Бірақ ол қаншалықты сәт­ті болатыны әрі Қарулы күштеріміз қаншалықты сатып алатыны туралы алдын ала болжам жасау қиын. Бұған қоса түріктің «Otokar» кәсіпорны да біздің нарыққа кіріп, әскеріміз үшін бронды көліктер өндіре бастады», дейді А.Құрмет.

Оның айтуынша, Қарағанды қала­сындағы патрон шығаратын зауыттың іске қосылуын да тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктің бірі деп бағалауға болады. Оралда ірі калибрлі «Утёс» пулеметі шы­ғарылғанымен, оған оқ-дәрі шетел­ден алынатын. Енді өз патрондарымызды қолданатын болған. «Бұған қоса Семейде бронды техника мен танк жөндейтін зауытымыз, Алматыда байланыс құрал­дарын жасайтын кәсіпорын жұмыс істейді. Өзге де жетістіктеріміз бар. Деген­мен елді елең еткізетін, қорғаныс кеше­німізді тұтас қамтамасыз ететіндей ірі кәсіпорындарымыз жоқ», дейді ол.

Сонымен қатар А.Құрмет кейінгі кезде елімізде 152 миллиметрлік снаряд шығару, түріктің «TUSAŞ» компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрып, атақты «Bayraktar» дрондарына ұқсас, тіпті кейбір тұстарында одан да асып түсетін «Anka C» дрондарын құрастыру жөнінде ақпараттар шығып жатқанын алға тартты.

«Біздің әскери-өнеркәсіптік кешені­міз Қарулы күштеріміздің қажеттілік­те­рін белгілі бір деңгейде өтегенімен, әлі де армиямыздың тәуелсіз болуы үшін қажетті құралдарды жасауға қабі­летсіз екенін мойындау керек. Біз реак­тивті қондырғылардың снарядтарын, баллистикалық зымырандар, әскери ұшақ пен танк шығармаймыз. Қару-жа­рақ­тың кемінде жартысын өзіміз шы­ғарсақ, үлкен жетістік болар еді», деді ол.

Кейінгі жылдардағы қарулы қақ­ты­ғыстарға назар аударсақ, қазір көбіне адам тікелей араласпайтын, алыстан бас­қа­рылатын қару-жарақ пен техника түрлеріне басымдық берілетінін көреміз. Атап айтқанда, ұшқышсыз бас­қарылатын аппараттар, FPV-дрондар, баллистикалық зымырандар төрге озып тұр. Осы орайда біз таяу күндері Алматы­дағы Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына бас сұғып, отандық мамандар жасап жатқан өнімдермен танысқан едік.

Соның бірі – су жаңа «Degelek» көпмақсатты гибридті ұшқышсыз басқа­рылатын аппараты. Институт бастығы, генерал-майор Нұртас Қабақовтың айтуынша, бұл дрон барлау жүргізу, оқу-жаттығу, жүк жеткізу мақсатында, тіпті дрон-камикадзе ретінде де қолданыл­мақ. Қазіргі уақытта жоба жетілдіріліп жатыр. Дайын болған соң, алдымен сынақтан өткізіліп, кейін Қарулы күштер құрамына қабылданады. Дегенмен ­атауы қазақша болғанына қарап, бұны толықтай отандық өнім деп те айтуға келмейді. Өйткені көп бөлшектері, соның ішінде электроника жағы шетелден сатып алынады.

Бұдан бөлек, институт мамандары Қарулы күштерге қабылданған әрі іс жүзінде жоғары тиімділігін дәлелдеген «Меруерт» дронға қарсы құралы мен өзге де тәжірибелік-конструкторлық үлгілерді жасап жатыр. Оның ішінде биыл еліміздің ең үздік инженері атан­ған кафедра бастығының орынбасары, подполковник Нұржан Зікірияев­тің жұмыстары да бар. Ол – Қарулы күш­терімізге қабылданған үш бірегей қорғаныс жүйесінің авторы. Соның бірі – әскери техника үшін көрінуді артты­ру­ға арналған оптикалық-электрондық модуль. Ол түнгі уақытта бақылау мен қозғалыс қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартады. Сонымен қатар оның басшылығымен Wing Loong-1 дрондарына кеңестік заманнан қалған снарядтарды ілу жобасы сәтті жүзеге асырылған. Елімізде мұндай ескі артиллериялық снарядтар көп сақталған екен. Оларды дронға байлау арқылы қолдану әлде­қайда сәтті болатыны дәлелденген.

FPV-дрондар қазіргі қарулы қақ­ты­ғыстарда ең жойқын күштің бірі болып отырғанын айттық. Бір қуаныш­тысы, елімізде осындай дрондарды жасай­тын жеке компаниялармен қоса, өз қо­лымен құрастырып жатқан өнертап­қыш­тар да бар екен. Соның бірі – Луговой гарнизонынының 03811 әскери бөлі­мінде қызмет ететін сержант Ұлыбек Қожанқұлов.

Алғашқыда «Sky Lark» дронымен жұмыс істеу курсынан өткен ол кейін техниканың бөлшектеріне тапсырыс беріп, өз бетінше құрастыруды бастаған. Бүгінде бұл әскери қызметші – FPV-дрондардың операторы ғана емес, оны құрастыра алатын сирек маманның бірі. Сондай-ақ оған өзге сарбаздарды да оқытып, үйретіп жүр. «Мен бұл жетіс­тікке жету үшін бос уақытымның бәрін арнадым. Түнгі уақытта микросхемалармен жұмыс істеп, бөлшектерді жинап, тәжірибемді арттырдым. Болашақ әскери қызметімді толығымен дрон қолдану саласымен байланыстырамын», дейді ол.

Иә, ата-бабамыздың «Жау жоқ деме, жар астында» дегені тегіннен-тегін емес. Айналамыздан жау іздемесек те, айбалтамыз қойында тұрғаны абзал. Бұл үшін қауіпсіздігіміз бен тыныштығымыздың қорғаны – Қарулы күштеріміз екенін ескеріп, оны жетілдіру мен отандық қару-жарақпен қамтамасыз ету алдыңғы қатарлы міндет болғаны абзал. 

Соңғы жаңалықтар

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған

Оқиға • Бүгін, 09:21

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:10

Депутаттар бастамашы болған бірқатар заң мақұлданды

Саясат • Бүгін, 09:00

Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығының жұмысымен танысты

Президент • Бүгін, 09:00

Қазақстан – Жапония: Сенімді серіктестік пен достық байланыс нығая береді

Президент • Бүгін, 08:55

Медициналық көмек толықтай автоматтандырылады

Саясат • Бүгін, 08:50

Көлеңкелі экономиканы қалай тоқтатамыз?

Экономика • Бүгін, 08:45

Инфляцияға қарсы күрестің ұтымды тәсілі

Инфляция • Бүгін, 08:43

Заңнамадағы оң өзгерістер

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Атқарылған жұмыс аз емес

Саясат • Бүгін, 08:37

Анар Фазылжан: Мәтінді жасанды жадқа тілтанушылар бейімдеді

Сұхбат • Бүгін, 08:35

Тиімділік пен ашықтық үйлесімі

Экономика • Бүгін, 08:33

Қарулы күштер қуаты

Айбын • Бүгін, 08:30

Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы: Саяси дамудың жауапты кезеңі

Қоғам • Бүгін, 08:28

«Жасыл сутегі» өндіретін қондырғы

Ғылым • Бүгін, 08:25

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 09:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары