Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақ хандығының экономикасы: көшпелі қоғам малдан бөлек немен айналысты

Қазақ хандығының экономикасы: көшпелі қоғам малдан бөлек немен айналысты

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы, академик, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Берекет Кәрібаев қазақ қоғамының шаруашылық жүйесін географиялық кеңістікпен тығыз байланыстыра отырып түсіндірді.

— Қазақ халқының XV–XVIII ғасырлардағы шаруашылығы туралы айтқанда көпшілік түсінбей қалатын бір мәселе бар. Әрине, мал шаруашылығы басым болды. Алайда Қазақстан жерінің географиялық сипаты біркелкі емес. Таулы аумақ та, сулы өңірлер де, шөл және шөлейт аймақтар да бар. Осыған байланысты шаруашылықтың түр-түрі қалыптасты, — дейді тарихшы.

Ғалымның айтуынша, шөл және шөлейт аймақтарда көшпелі мал шаруашылығының дамуы қола дәуірінен бастап белгілі.

Ал XV ғасырдағы шаруашылық құрылымында мал шаруашылығы негізгі орын алғанымен, оның өзі бірнеше үлгіде дамыды.

— Мал шаруашылығының өзі төртке бөлінеді: көшпелі, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы және отырықшы. Бұдан басқа да шаруашылық түрлері болды, олар негізгі болмаса да, экономикалық жүйенің маңызды бөлігі еді, — дейді Берекет Кәрібаев.

Отырықшылық, егіншілік және қала мәдениеті

Қазақстан аумағында отырықшылықтың көне ошақтарының бірі — Сырдария өзенінің жоғарғы және орта ағысы. Бұл өңірлерде егіншілік пен бау-бақша, қолөнер қатар дамыды.

— Отырықшы өмір салты болған жерде егін де, бау-бақша да болады, қолөнер де міндетті түрде дамиды. Мұндай жерлерде тұрақты елді мекендер қалыптасып, кейін әкімшілік және сауда орталықтарына байланысты қалалар пайда болды, — дейді ғалым.

Орта ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағында ондаған қала болды.

Олардың қалыптасу себептері де әртүрлі еді. Жетісуда қалалардың дамуына Ұлы Жібек жолы шешуші рөл атқарса, Оңтүстік Қазақстанда қалалар отырықшы шаруашылықтың нәтижесінде пайда болды. 

Ал Батыс Қазақстан аумағындағы, Жайық өзені бойындағы елді мекендер мен қалалардың қалыптасуына саяси факторлар ықпал етті.

— Кез келген саяси құрылымның, мемлекеттің әкімшілік орталығы ретінде де қалалар пайда болады. Бұл — табиғи заңдылық, — дейді Берекет Кәрібаев.

Фото: Мейірман Лес / Kazinform

Қалалар — экономикалық орталықтар

Қазақстандағы ең көп зерттелген қалалы өңір — Оңтүстік Қазақстан. Мұндағы қалалар тек әкімшілік емес, ең әуелі экономикалық орталықтар болды. Соның айқын мысалы — Отырар.

— Бір ғана Отырарды алсақ, онда экономиканың түр-түрі дамыды. Шыны өндіретін, кірпіш жасайтын шеберханалар болды. Егіншілік, бау-бақша, сауда-айырбас та қатар жүрді, — дейді профессор.

Жазба деректер мен археологиялық зерттеулерге сүйенсек, Сырдарияның орта ағысы бойында, яғни Шымкенттен Қызылордаға дейінгі аралықта шамамен 30 қамал-қала болған.

Олардың ауқымы мен тұрғын санына қарай олар ұсақ, орта және ірі қалаларға бөлінеді. Ал ірі қалалардың саны алтау: Сығанақ, Сауран, Яссы, Отырар, Сайрам, Созақ.

— Бұл алты қаланың әрқайсының маңызы әртүрлі болды. Бірі — әкімшілік орталық, бірі — әскери орталық, енді бірі — экономикалық әрі сауда-айырбас орталығы, тағы бірі — діни, рухани орталық ретінде ерекшеленді, — дейді академик.

Қайнаған сауда мен тіршілік

Орта ғасырлық қалалардағы экономикалық өмірдің қарқынын сол заманның жазба деректері де айқын көрсетеді.

Мысалы, Рузбех-хан Исфахани «Михман наме-и Бұхара» еңбегінде Сығанақ қаласы туралы ерекше дерек қалдырған.

— Бұл қалада таңертең базарда 500 түйе сойылса, кешке дейін бір жапырақ ет қалмайды, — деп жазды ол.

Берекет Кәрібаев бұл деректің асыра айтылған болуы мүмкін екенін ескерте отырып, оның ортағасырлық қалалардағы сауда мен тіршіліктің қаншалықты қарқынды болғанын көрсететінін айтты.

Мұндай қызу экономикалық өмір Сығанақта ғана емес, Отырарда, Яссыда, Сауранда, Сайрамда, Созақта да қайнап жатты.

Фото: Kazinform/ Midjourney

«Көшпелілер тек мал бақты» деген түсінік қайдан шықты

Ғалымның айтуынша, көшпелілерді тек малмен шектеп көрсету — ғылыми тұрғыдан негізсіз әрі ескі еуроцентристік көзқарастың салдары.

— Бұрыннан көшпелілер тек мал бақты, басқа ештеңе өндірмеді деген түсінік болды. Археологиялық және теориялық зерттеулер бұл көзқарастың теріс екенін көрсетіп отыр. Бұл — еуроцентризм тұрғысынан жазылған тұжырым, — дейді ол.

Тіпті таза көшпелі шаруашылықтың өзінде қазақтар көптеген тұрмыстық бұйымдарды өздері өндірген. Ат әбзелдері, киіз үйге қажетті жабдықтар, қару-жарақ соның дәлелі. Кей деректерде қазақтардың орта ғасырда білтелі мылтық та жасағаны айтылады.

— Орбұлақ шайқасы кезінде қазақтардың жертаса қазып, білтелі мылтық қолданғаны туралы деректер бар. Бірақ бұл кең таралмады, мұны өте ауқатты адамдар ғана жасай алды, — дейді тарихшы.

Берекет Кәрібаевтың айтуынша, қазақтардың шаруашылығын «таза көшпелі мал шаруашылығы» деп көрсету — тарихи шындықты бұрмалау.

Еске салайық, бұған дейін қазақтар карта мен GPS жоқ заманда қалай жол тапқанын жазғанбыз

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:206
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 14:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары