Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қызылордадағы ескі автовокзалды жалға алушылар неге ашуға мінді

Қызылордадағы ескі автовокзалды жалға алушылар неге ашуға мінді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Сәуле Өмірзақова қаланың Жеңіс көшесі бойында орналасқан автовокзалда оншақты жылдан бері сауда жасап, нәпақа тауып жүр.

Алайда сол жағалауда жаңа сапаржай қалай салынды, содан бері құзырлы органдар тыным бермейтін болған. 

— Төтенше жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласының өкілдері қайта-қайта тексеретін болды. Бізден жаңа автовокзалға көшуді талап етеді. Алайда осы жерге үйреніп қалған біз — кәсіпкерлер де, жолаушылар да ол жаққа барғымыз келмейді. Өйткені сол жағалауға жету қиын, таксидің бағасы ұшып тұр, — деді ол.

Кейіпкеріміздің сөзін өзі сияқты автовокзалды жалға алып, бала-шағасын асырап жүрген Мария Тоғызбаева, Жәмила Тайманова, Асылгүл Мүсірәлиева, Эльмира Әбенова, Алмагүл Ақбергенова сынды кәсіпкерлер де қостады.

Олар ескі болса да бұл нысанда санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарының толық сақталғанын, ал негізсіз тексерулер тек қысым көрсетіп, ілік іздеу мақсатында ұйымдастырылғанын жеткізді. 

Ал жолаушы тасымалдайтын көлік иелері мен жүргізушілері жергілікті полицияның тексеруінен көз ашпай отыр.

Осыны айтып құзырлы орындарға хат жолдаған. Шағым иелері қаланың орталығынан тым қашық сапаржайға қатынау өздері үшін де, жолаушылар үшін де тиімсіз деп есептейді. 

— Мысалы, Қызылордадан Шиелі ауданының орталығына жету құны — 1200 теңге. Ал қаланың негізгі бөлігінен сол жағалауға такси 1500 теңгемен апарады. Қызылордадан Шымкентке дейін билет — 4000 теңге, қаланың Шанхай бөлігінен жаңа автовокзалға 3500 теңгеге такси жалдайсыз. Бұл жолаушылардың ашуын келтіреді, — делінген хатта.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Автомобиль көлігі туралы заңның 14-бабы 2-тармағының 5-тармақшасына сәйкес автовокзалдардың қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы ғана хабарламаларды қабылдайтынын атап өтті. 

— Автомобиль көлігі туралы заңның 19-бабы 3-тармағының 4 және 4-1-тармақшаларына сәйкес автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пунктері қызмет көрсету кезінде жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пунктері қызметтерінің ұлттық стандарттарға сәйкестігін тексеру құзыреті уәкілетті органдарға жүктелген. Осы орайда автомобиль көлігіндегі кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жергілікті атқарушы органның, яғни басқарманың құзырына жатпайды. Басқарма тарапынан облыстағы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пунктерінің қызметіне тексеру жүргізілмейді, — деді басқарма басшысы Жәнібек Сыздықов. 

Ресми жауапта былтыр сәуірде қаланың сол жағалауында бой көтерген жаңа автовокзал ғимаратының артықшылықтары тізілген.

Фото: Қызылорда әкімдігі

— Бір уақытта 200 жолаушыны қабылдай алады, халықаралық Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожолына жақын, тасымалдаушылар мен жолаушылар үшін ыңғайлы жерде. Заманауи құрал-жабдықтармен және арнайы қызмет көрсету пунктерімен қамтылған. Қазіргі уақытта халықаралық, облысаралық, ауданаралық және қалаішілік бағыттар бойынша 164 автобус маршруты ұйымдастырылған. Автовокзал аймағы жол қауіпсіздігі мақсатында үлкен көлемді автобустар қозғалысына арналған 4 жолақты автомобиль жолымен қамтамасыз етілген. Жолаушылардың қала ішінде жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін бірнеше бағыттан 49 қалаішілік қоғамдық көлік қатынайды, — деді Жәнібек Сыздықов. 

Сол жағалауда басқа да әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің аз еместігі келтірілген. Ал екінші автовокзал — «Салтанат» ЖШС көрсететін қызмет түрлері туралы ақпаратты кәсіпкерлік нысанының басшылығынан алуға болатынын қаперге салыпты. 

Біз сөйлескен автовокзалды жалға алушылар жылы орнымыздан айырылып қаламыз ба деп қорқады. Ал жаңа сапаржайға көшіп баруға қарсы.  

— Басқа қалалардағы сияқты неге екі, тіпті одан да көп автовокзал болмасқа?! — дейді олар.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы автовокзал мәселесі бойынша ешқандай шағым түспегенін мәлімдеді. 

Еске салсақ, бұған дейін біз сол жағалаудағы жаңа автовокзал халықтың талап-тілегі мен сұранысына сай бюджет қаржысы есебінен 975 млн теңгеге салынғанын жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:224
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 19:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары