Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Республика күні қарсаңында 16 жас ғалым баспаналы болды

Республика күні қарсаңында 16 жас ғалым баспаналы болды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Іс-шараның ашылуында министр қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің ғылым және жоғары білім жүйесінде жүзеге асырылып жатқан маңызды бастамаларға тоқталды.

-Қазіргі таңда Қазақстанның ғылымы мен жоғары білім жүйесі қарқынды дамып, әлемдік стандарттарға жақындап келеді. Академиялық дербестік университеттерге өз бағытын айқындауға және жаңашыл жобаларды іске асыруға жол ашты. Президент тапсырмасына сәйкес еліміз өңірлік академиялық орталық ретінде өз позициясын нығайтып келеді, – деді министр.

Министр өз сөзінде жас ғалымдардың өмір сапасы мен әлеуметтік әл-ауқаты Мемлекет басшысының ерекше назарында екенін атап өтті. Сондай-ақ Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бірқатар ғалымдар мен ғылым қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталғанын атап өтті.

-Ғылым тек идея мен ізденістен ғана тұрмайды, ол тұрақты қолдау мен қолайлы жағдайды да қажет етеді. Бүгін Ұлттық мереке қарсаңында 16 жас ғалымға пәтер кілттері табысталып жатыр. Бұл – мемлекетіміздің жас зерттеушілерге көрсетіп отырған жүйелі қолдауының және ғылым саласын дамытуға деген берік ұстанымының айқын көрінісі. Сондай-ақ бүгін Президент Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Отандық ғылымның дамуына серпін беріп жүрген көрнекті тұлғалардың еңбегі лайықты бағаланып, олардың жетістігі жас буынға өнеге, ел абыройының айғағына айналды, – деді Саясат Нұрбек.

Президенттің 2024 жылғы 31 мамырда Ғылым ордасында жас ғалымдармен кездесуінде берген тапсырмасын орындау мақсатында ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қолдау көрсету, сондай-ақ ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру үшін Комиссия Алматы қаласында баспана беру үшін ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарының кезекті тізімін айқындады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылғы мамыр айынан бастап баспанаға мұқтаж жас ғалымдардың (40 жасқа дейін қоса алғанда) тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Министрлік бұл жұмысты кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Негізгі мақсат – жас ғалымдарға қолайлы әлеуметтік жағдай жасау арқылы олардың ғылыми әлеуетін арттыру және ғылыммен тұрақты айналысуға ынталандыру. Жас ғалымдар санының артуы елдегі ғылыми-зерттеу қызметінің сапасы мен тиімділігін көтеріп, инновациялық идеялар мен жаңа технологиялардың дамуына серпін береді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның ғылым мен жоғары білім саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар 2023 жылғы 19 қазанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта аталған бағдарлама бойынша 482 жас ғалым жеңілдікпен баспана алды.

Осыған дейін Республика күні қарсаңында Қарағанды облысының көмір өндіру саласында еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкер еңбегі еленіп, жоғары мемлекеттік наградаларға ие болғаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 00:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары