Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

С5+1 форматы С5+3 болып кеңеюі мүмкін америкалық сарапшы

С5+1 форматы С5+3 болып кеңеюі мүмкін америкалық сарапшы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

— «С5+1» форматындағы кездесудің бұл жолғы раундынан не күтуге болады деп ойлайсыз?

— Біріншіден, бұл жолы саммитте Орталық Азиямен бірге Оңтүстік Кавказбен әріптестік көкжиегі талқыға түседі деп ойлаймын. Болашақта «С5+1» форматы «С5+3» форматы болып кеңеюі мүмкін. Өйткені Әзербайжан, Армения және Грузия мемлекеттері де Орта дәлізді дамытуда маңызды рөл атқарады.

Екіншіден, аймақ АҚШ-тың ұлттық мүдделері мен жеткізу тізбегінің қауіпсіздігі үшін маңызды. АҚШ президенті алдағы үш жылда алдыңғы әкімшіліктердің тәжірибесіне сүйене отырып, Орталық Азиямен байланысты нығайтуға ниет білдіруі мүмкін. Бұл тек байланыстарды сақтау ғана емес, серіктестікті дамытудың нақты қадамдары болады. Бұл тәсіл қос тарапқа да тиімді болады. Орталық Азия елдерінің экономикасы мен саяси ықпалы нығайса, АҚШ өзінің стратегиялық мүдделерін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Үшіншіден, Орта дәліздің рөлін транзиттік маршруттарды әртараптандыру тұрғысынан талқылау күтіліп отыр. Мемлекеттер арасында ғана емес, жеке сектордан да инвестиция тартуға ерекше назар аударылады. Бұл С5+1 форматында «маңызды сирек минералдар жөніндегі диалогті» дамытуға, Орталық Азия мен АҚШ экономикасының өсуін ынталандыруға мүмкіндік береді.

— Жуықта Қазақстан АҚШ-пен локомотив өндірісіне бағытталған 4 млрд доллардың мәмілесін жасады. Кездесу аясында осындай ауқымдағы жаңа келісімдер жасалуы мүмкін бе?

— АҚШ Қазақстанның теміржол инфрақұрылымы мен оны пайдалы қазбаларға, сирек элементтер кеніштеріне инвестиция салудың маңызды екенін бұрын-соңды болмаған деңгейде түсініп отыр. Менің бағалауым бойынша, алдағы айларда жекелеген тау-кен жобаларына америкалық инвестиция келгенін көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Ресми Вашингтон Қазақстанның қаупін жақсы түсінеді — ешбір ел «шикізаттан басқа берері жоқ «сауын сиырға» айналмауы керек. Осыны ескерген АҚШ технология мен инновацияны дамытатын салаларға, тау-кен өнеркәсібіне тікелей қатысы жоқ салаларға инвестиция салуы мүмкін.

— АҚШ-қа Орталық Азия экономикасындағы қай салалар қызықты?

— Қазір екі басымдықты бөліп көрсетуге болады. Оның біріншісі — сирек элементтер мен маңызды минералдар. Екіншісі — көлік инфрақұрылымы. Өйткені осы аймақтан алынған ресурстарды теміржол арқылы Ақтау және Баку порттарына жеткізіп, әрі қарай жөнелту экспорттың біраз шаруасын жеңілдетер еді.

Болашақта кедендік рәсімдерді оңайлату туралы келісімдерге қол қоюға болады. Бұл қазақстандық өнімнің АҚШ-қа экспортын анағұрлым ашық етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар стратегиялық санатқа жатпайтын тауар экспортының тарифі 25%-тен 10%-ке дейін төмендеуі мүмкін.

— АҚШ-тың Қазақстанмен алыс-беріс тарифін қайта қарауы қаншалықты мүмкін дүние деп ойлайсыз?

— Бұл Конгресс деңгейінде шешілетін мәселе. Егер президент Дональд Трамп бұл ескірген норманың күшін жоюды алдағы кездесу кезінде құптаса, маңызды мәлімдеме болар еді. Алайда, түпкілікті шешімді биліктің заң шығарушы тармағы қабылдайды. Сондықтан көп нәрсе Конгресс көшбасшыларының, соның ішінде Д.Трамптың Каспий өңіріне қатысты мәселелердегі ұстанымымен санасатын Республикалық партия өкілдерінің көзқарасына, сондай-ақ ескі шектеулерді қайта қарау қажеттілігіне байланысты болады.

— «С5+1» саммитінде аймаққа қатысты қандай мәселеге аса мән берілуі керек деп ойлайсыз?

— АҚШ тарапына Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды бөлек қарамай, біртұтас іс-қимылдың нақты стратегиясын әзірлеуді ұсынар едім. Өйткені Америка өнеркәсібіне аса қажет сирек элементтер мен оны жеткізудің қауіпсіздігінде аталған екі аймақтың маңызы артып отыр.
Қазақстан өзін табиғи ресурстар көзі және көлік дәлізі ретінде ғана емес, технология мен ауыл шаруашылығына инвестиция салуға болатын, стратегиялық санатқа жатпайтын тауарларды да молынан экспорттай алатын ел ретінде таныта алады деп ойлаймын.

Бұған дейін Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Кореядағы кездесуі Орталық Азияның алыс-берісіне қалай әсер ететінін жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 16:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары