Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Осы аптада АҚШ та С5+1 нұсқасындағы саммит өтеді

Осы аптада АҚШ та С5+1 нұсқасындағы саммит өтеді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Осы аптада АҚШ-та С5+1 нұсқасындағы саммит өтеді. Бұл жиынға Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары қатысады. Кездесуден тараптар толайым табыспен оралуға үмітті.

Себебі әңгіме ауаны – энергетика, сирек металдар мен минералдар турасында өрбуі мүмкін. Әлбетте тың технология, цифрландырумен қоса көлік және логистика салаларында да серіктестікті нығайту көзделген. Жалпы қазіргідей геосаяси, геоэкономикалық құбылмалы уақытта өлшеп, пішетін өзекті мәселе жетерлік.

5+1 саммиті – саяси ұйым немесе экономикалық одақ емес. Президенттердің пікір алаңы. Мемлекеттер өз мүддесін, өңір мәселесін көтеріп, мәміле орнататын мәжіліс. Нақты АҚШ-пен 2-ші мәрте өткелі тұр. Алғаш 2 жыл бұрын Нью-Йоркке жиылған. Ол кезде Орталық Азия басшылары Джо Байденмен бас қосты. Бұл жолы тараптар Вашингтонда Дональд Трамппен кездеседі.

Нұриддин Сұлтанмұратов, саясаттанушы:

- Біріншіден, бұны бастаған әрине АҚШ болатын. С5+1 форматында. Бұл дегеніміз АҚШ-тың осы аймаққа қызығушылығының артуын білдіреді. Трамп әкімшілігі билікке келгеннен кейін сыртқы саясатқа мәнді аса бермейді және Орталық Азия назардан тыс қалады деген ойлар болды. Бірақ көріп отырғанымыздай, АҚШ әкімшілігі Сыртқы саясатқа ерекше назар бөліп отыр.

Жуырда Президент Ақ үй өкілдерін қабылдады. Олар да ұзақ мерзімді ынтымақтың басым бағыттарын айқындауға ықыласты екенін айтты. Ал Қазақстанның қалауы – Америкамен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті серпілту. Бірақ қаржы тарту үшін қажыр қажет, - дейді экономист Қажыгелді Шамбыл. 

Қажыгелді Шамбыл, экономист:

- Америкаға барған кезде Қазақстанның делегациясы үшін үлкен мақсаты болу қажет. Жалпы инвестиция тартуда мынадай бір саясат бар. Біз инвестордың келуін күтеміз. Бізде инвестиция тарту емес, қазіргі таңда инвестицияны күту саясаты тұр. Қазақстанда белгілі бір мемлекеттік қызметі бар адамдар инвестор қашан келеді деп күтпей, өзі жеке делегация болып, әрбір компания басшысының, әрбір шетел акционерлерінің есігін қақса да оған арланбау қажет. 

Экономист алып АҚШ-қа барып, ақша таппай келу үлкен айып,-деп отыр. Сондықтан саммитке сайланған делегация мүшелері мүмкіндікті мүлт жібермеу керек. Ал жаһандық, аймақтық және климаттық қауіпсіздіктер Орталық Азия басшыларының еншісіндегі мәселе. Мысалы, Ауғанстанның тұрақтылығы алқада бас құрайтын алтылық үшін де маңызды. 2040 жылға қарай суға жаһандық сұраныс та ұсыныстан 40 пайызға асып кетуі мүмкін. Сондықтан климаттың өзгеруіне қарсы күрес те өзекті. Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық проблеманы шешу үшін саяси күш-жігер мен экономикалық ресурсты жұмылдыру жайын айтып жүр. Сондай-ақ Президент елдің азық-түлікпен қамтуда өңірлік хаб ретінде қалыптасуға қауқарлы екенін де көтерді. Себебі Батыс пен Шығыс арасында құрлықтағы 80 пайыз көлік біз арқылы өтеді. Осылай Орта дәліз тасымалдау уақытын екі есе қысқартып, тауар айналымын айтарлықтай арттыра алады. Сирек металдарды игеруге иек артсақ, жарық беруде жарылқай аламыз.

Нұриддин Сұлтанмұратов, саясаттанушы:

- Біздің аймақ балама энергия экспорттаушы болуы мүмкін. Бірақ осы кезде бізге басқа да альтернативті транзитті жолдарды дамыту керек. Бұл жерде Каспий теңізі арқылы немесе АҚШ-тың бұрыннан айтып жүрген солтүстік-оңтүстік бағыт, яғни Орталық Азиямен, біздің оңтүстігімізде көршілес жатқан мемлекеттермен байланыс. Яғни Ауғанстан, Пәкістан, Үндістанға энергия көздерін тасымалдау және сауда көлемін арттыру.

Жалпы АҚШ-пен байланыс орнату Орталық Азия үшін ортақ олжа. Себебі Америка әлемдегі экономикалық, саяси әрі әскери тұрғыдан мықты мемлекет. Орталық Азия да осал емес. Табиғи ресурстарға бай өңір ретінде халықаралық қатынас пен сауда-экономикалық әрі гуманитарлық ынтымақтың маңызды субъектісі ретінде позициясын бірте-бірте нығайтып келеді.

Авторлары: Нысаналы Ығыл, Асхат Қарақойшиев 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 13:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары