Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Абай облысында Білім Инновация лицейінің құрылысы басталды

Абай облысында Білім Инновация лицейінің құрылысы басталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аймақ басшысы құттықтау сөзінде жаңа білім ордасының өңір үшін маңызы ерекше екенін атап өтті.

«Бүгін біз облысымыздың білім беру жүйесі үшін айрықша маңызға ие тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Қарағайлы тұрғын ауданында дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі – өңіріміздің білім саласындағы жарқын болашаққа бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім мен ғылымды дамыту, адами капиталды нығайту, жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыру ел дамуының стратегиялық басымдықтары екенін үнемі атап өтіп келеді. Президент айқындаған осы міндеттер аясында бүгінгі қолға алынып отырған игі бастаманың маңызы ерекше. Өйткені, мектеп салу – ғимарат тұрғызу ғана емес, ол – елдің ертеңіне, жас ұрпақтың білімі мен болашағына салынған инвестиция деп білеміз. Жобаның тағы бір маңызды қыры – жаңа ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін қазіргі лицей орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, қыз балаларға арналған мамандандырылған лицей ретінде ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, бүгінгі құрылыс екі бірдей игі мақсатқа жол ашады: біріншіден, ұлдар мен қыздарға арналған білім беру бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді; екіншіден, өңірдегі дарынды балалардың сапалы білім алуына қолжетімділікті арттырады. Бүгін қаланып жатқан іргетас – ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы. Осы игі іске атсалысып отырған барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», – деді Берік Уәли.

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына сұраныстың артуына байланысты 400 орындық жаңа лицейдің құрылысы қолға алынды. Ғимарат жанынан 300 оқушыға арналған жатақхана салынады. Жоба құны – 6,8 млрд теңге. Нысан 4,7 гектар жер учаскесінде орналасады. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Жобада математика, физика, химия, биология, информатика және робототехника пәндеріне арналған оқу кабинеттері, жаратылыстану бағытындағы зертханалар мен заманауи IT сыныптары қарастырылған.

Сонымен қатар мұнда шығармашылық үйірмелерге арналған бөлмелер, спортзал, асхана, кітапхана, мәжіліс залы және медициналық кабинет болады. Ғимарат аумағында демалыс орындары, көгалдандыру аймақтары, жаяу жүргіншілер жолдары мен автотұрақ салу көзделген.

Жаңа білім ордасының іргетасын қалау рәсімінде сөз сөйлеген ұстаздар мен ата-аналар өз ризашылықтарын жеткізді.

«32 жыл бұрын дәл осы күні қазіргі «Білім-Инновация» лицейі ашылған болатын. Басында 100 бала қабылданған еді. Оқушылар саны жылдан-жылға өсіп келеді. Бүгінгі күні біздің түлектеріміз төрткүл дүниенің әр түкпірінде жүр. Жаңа ғимараттың іргетасы қаланып, құрылыс жұмысы басталғанына дән ризамыз. Барша ұстаздардың, ата-аналардың, тұрғындардың және түлектердің атынан алғыс айтамыз», – деді ардагер ұстаз Кенжехан Накишев.

Семейдегі «Білім-Инновация» лицейі 1994 жылы құрылған. Осы кезеңде лицей көптеген дарынды оқушыны тәрбиелеп, олардың республикалық және халықаралық деңгейде білімін көрсетуіне мүмкіндік берді. Лицей оқушылары бірнеше жыл қатарынан облыстық «Үздік олимпиадалық команда» атағын иеленіп, пәндік олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Қазіргі уақытта лицей 1981 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Нысанның жобалық қуаттылығы 140 орын болғанымен, мұнда 224 оқушы білім алуда. Лицейге деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

Бүгінде Абай облысында 304 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Онда 100 мыңға жуық бала білім алуда. Өңірде оқушы орындарының тапшылығы 6,3 мыңды құрайды. Оның 4,3 мыңы Семей қаласына тиесілі. Бұл мәселені шешу мақсатында «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында облыста 5 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Семей қаласындағы Қарағайлы шағынауданында 1 400 орындық BINOM мектебінің құрылысы басталды. Сонымен қатар «Абайға құрмет» акциясы аясында Астана қаласы Семейде 1 500 орындық мектеп салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Жарма ауданының Суықбұлақ ауылындағы 100 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ Ақсуат ауданының Ақсуат ауылында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 300 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:71
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see117

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see114

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see114

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see110

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see110

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see109

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see108

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see105

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see104

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see104

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see104

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see102

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see102

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

05 Қараша 2026 16:01see101

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see101

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары