Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

Еуропалық комиссия басшысы қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықты хабарлады

Бұрын Өзбекстанға қараған екі ауыл ресми түрде Қырғызстан құрамына енді

Брюссельде Қазақстан мен ЕО арасындағы маңызды келісімдер жасалды

SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

Алматыда шетелге шыққан екі адам безгекпен ауырып жатыр

Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты өтеді

Брюссельден Ақтөбеге дейін: Қазақстан жол құрылысына 229,5 млрд теңге тартты

Визалар, миллиардтаған еуро және жаңа ұшақтар Тоқаев пен ЕО лидерлері бірлескен мәлімдеме қабылдады

АҚШ барлау қызметінің басшысы биозертханалардың жаһандық желісі туралы мәлімдеді бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

Қытай байланыс технологиясын сынау үшін жаңа жерсерігін ұшырды

Абайды көрген кісі

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

Аптап ыстық болады, дауыл тұрады: 23 маусымға ауа райы болжамы

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

25 маусымда Астанада жарық пен су болмайды: мекенжайлар тізімі

Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті

Осы аптада кинотеатрларда: жаңа кинопремьералар

Осы аптада кинотеатрларда: жаңа кинопремьералар

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Kazinform тілшісінің шолуында осы аптадағы кинопремьераларды ұсынамыз.

ПАНА (Убежище) 7.9⭐

Ұзақтығы: 107 минут
Елі: АҚШ, Ұлыбритания, 2026
Режиссері: Рик Роман Во

Дауылдан кейін тыныш өмір кешіп жүрген аралдағы тұйық жанның тағдыры күтпеген жерден күрт өзгереді. Ол құтқарған қызға қауіп төнеді, ал кейіпкердің өзі ұзақ жылдар бойы жасырып келген өткен өмірімен қайта бетпе-бет келеді. Екеуі табиғаттың қатал жағдайы мен оларды қуған адамдардан қашуға мәжбүр болады. Бұл қашу — аман қалу үшін жасалған соңғы әрекет.

ҚАРҒЫС. РЕИНКАРНАЦИЯ РӘСІМІ (Заклятие. Обряд реинкарнации) 5.0⭐

Ұзақтығы: 96 минут
Елі: Канада, АҚШ, 2025
Режиссері: Джулия Макс

Отағасы қайтыс болған соң анасы мен қызының арасы алшақтай түседі. Күйеуін қайта тірілтуді ойлаған әйел бейтаныс, күмәнді адамның көмегіне жүгінеді. Алайда жасалған рәсім бақылаудан шығып, екеуінің де өміріне қауіпті тылсым күштер араласады. Енді олар сол қауіппен бетпе-бет күресуге мәжбүр.

ЛЕВША 2.3⭐

Ұзақтығы: 117 минут
Елі: Ресей, 2026
Режиссері: Владимир Беседин

XIX ғасырдың соңы. Ресей мен Ұлыбритания арасындағы соғыс қаупі күшейіп тұрған тұста император сарайынан жұмбақ құрылғы — механикалық бүрге табылып, ел ішінде күдік пен алаң туғызады. Оқиғаның мән-жайын анықтау жас офицер Петр Огарёвке тапсырылған.

Ол император Александр III-тің сеніміне кіруді қалайды.

Шындыққа жету жолында Петр тағдыры ұмыт қалған, бірақ таланты теңдессіз тулалық шебер Левшамен күш біріктіреді. Екеуі сарай ішіндегі айла-шарғы мен қауіпке толы әлемге бет бұрады. Астыртын әрекетті әшкерелеу үшін кейіпкерлерге жүйеге қарсы тұрып, отбасы құпияларын ашып, парыз бен жеке сезім арасындағы ауыр таңдау жасауға тура келеді. Бұл жолы қауіп тек олардың тағдырына емес, бүкіл елге төнеді.

ҒАШЫҚПЫН САҒАН 8.9⭐

Ұзақтығы: 98 минут
Елі: Қазақстан, 2026
Режиссері: Думан Еркімбек

Еңлік — білім алу үшін Алматыға келген студент қыз. Отбасына қолғабыс тигізу үшін ол өз арманынан уақытша бас тартып, жұмыс іздеуге мәжбүр болады. Күтпеген жағдайдан кейін Еңлік университеттен шығарылып, бұл шындықты анасынан жасырып қалады.

Сол түні ол Арман есімді жас жігітпен танысады. Арман өнер жолын таңдаған, музыкамен өмір сүретін жан. Бірге еңбек ете жүріп, екеуінің арасы жақындай түседі, ал қарапайым достық біртіндеп махаббатқа ұласады. Алайда алып қала олардың арманын да, сезімін де сынға салып, өмірлік маңызды таңдау жасауға итермелейді.

ТАСТАМАШЫ, АНА! 9.4⭐

Ұзақтығы: 104 минут
Елі: Қазақстан, 2026
Режиссері: Рабиға Әбілпатта

Бауырларымен бірге балалар үйіне түскен Ілияс үйіне қайта оралу үшін барын салады, бірақ қатал тәртіп пен қалыптасқан жүйеден құтылу оңай болмайтынын түсінген соң, ол жүйемен күресуге бел буады.
МҰҢЛЫ БАЛЫҚ. СУ АСТЫНДАҒЫ ШЫТЫРМАН ОҚИҒА (Рыбка Унывака. Подводное приключение) 5.2⭐

Ұзақтығы: 92 минут
Елі: АҚШ, Австралия, 2026
Режиссерлері: Рикард Куссо, Рио Хэррингтон

Тұйық мінезді Мырза Балық көбіне қабағы қатулы жүретіндіктен, теңіз тұрғындары оны «Мұңлы Балық» деп атап кеткен. Бір күні оның үйі қирап, теңіз атбасы Пипаның шағын мекеніне құлап түседі. Сол сәтте Пипа оны тілектерді орындайды деген аңыздағы балық — Мерцашканы іздеуге бірге аттануға көндіреді.

Жол үстінде олар бұл керемет балықты іздеп жүрген өзге де теңіз тұрғындары бар екенін біледі. Әрқайсысы өз арманын орындауды қалайды. Алайда Мерцашка көп жылда бар болғаны бір ғана тілекті орындай алады. Ал енді сол тілектің кімге бұйырары — үлкен сын.

КИНОДАҒЫ КОПТАР (Копы в кино) 7.8⭐

Ұзақтығы: 90 минут
Елі: Қазақстан, 2025
Режиссері: Кіші Валерий Задарновский

Полициядағы әріптестер Токио мен Амбал шетелден экстрадицияланған данышпан математик Сұңқардың ізіне түседі. Шындықты ашу үшін олар қылмыстық құпиялар мен отбасылық драмаларға тап болады. Алдына шыққан қауіп-қатер Токио мен Амбалды бәрін тәуекелге тігуге мәжбүрлейді: жазықсыз жандарды қорғап қалу үшін ғана емес, өз өмірлеріне де басқаша көзбен қарау үшін.

STRAY KIDS: THE DOMINATE EXPERIENCE 9.6⭐

Ұзақтығы: 146 минут
Елі: Оңтүстік Корея, 2025
Режиссерлері: Фара Халид, Пол Дагдейл

Фильм K-pop жанрындағы әйгілі Stray Kids тобының Лос-Анджелестегі SoFi Stadium стадионында өткен ауқымды концертіне арналған. Туындыда «dominATE» әлемдік туры аясындағы сахналық қойылымдар мен сахна сыртындағы эксклюзивті кадрлар тоғысады. Көрермендер топтың қуатты энергиясын, шығармашылық жолын және концерт алдындағы дайындық сәттерін жақыннан тамашалай алады.

ЫСҚЫРЫҚ (Свист) 4.6⭐

Ұзақтығы: 97 минут
Елі: Канада, Ирландия, 2025
Режиссері: Корин Харди

Жоғары сынып оқушыларынан құралған бір топ бала ежелгі ацтектерге тиесілі өлім ысқырығын тауып алады. Алайда оның жан түршігерлік үні қорқынышты күшті оятып, өздеріне ажал шақыратынын олар бірден аңғармайды. Құрбандар саны артқан сайын, жасөспірімдер бұл тылсым жәдігердің тарихын зерттеп, өз қолдарымен басталған қасіретті тізбекті тоқтатуға тырысады. Бірақ әрбір кеш қалған қадам жаңа қауіпке жол ашады.

БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ 4.7⭐

Ұзақтығы: 107 минут
Елі: Қазақстан, 2026
Режиссері: Марат Телеуов

Бұл фильм — анасының туған күніне жиналған ересек апалы-сіңілілер туралы психологиялық драма. Жылы жүздесу мен отбасылық бірліктің орнына, бас қосу өткен реніштен туған жанжалға ұласады. Әсіресе науқас бауыры мен жалғыз қалған анасына деген салқын көзқарас отбасындағы жараны тереңдете түседі.

Туындыда материалдық құндылықтар мен өзімшілдік туыстық байланысты қалай әлсіретіп, адам бойындағы мейірім мен жанашырлықты қалай жойып жіберетіні көрсетіледі. Осындай қатыгез немқұрайлылық ақыр соңында ауыр трагедияға алып келеді: отбасының суықтығынан әбден титықтаған ағайындылардың бірі өз өмірін қиюға барады.

Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 11:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

23 Маусым 2026 18:05see119

Еуропалық комиссия басшысы қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықты хабарлады

23 Маусым 2026 20:05see115

Бұрын Өзбекстанға қараған екі ауыл ресми түрде Қырғызстан құрамына енді

23 Маусым 2026 18:05see114

Брюссельде Қазақстан мен ЕО арасындағы маңызды келісімдер жасалды

23 Маусым 2026 20:32see113

SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

24 Маусым 2026 17:52see112

Алматыда шетелге шыққан екі адам безгекпен ауырып жатыр

23 Маусым 2026 17:40see112

Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты өтеді

23 Маусым 2026 16:23see111

Брюссельден Ақтөбеге дейін: Қазақстан жол құрылысына 229,5 млрд теңге тартты

23 Маусым 2026 21:37see110

Визалар, миллиардтаған еуро және жаңа ұшақтар Тоқаев пен ЕО лидерлері бірлескен мәлімдеме қабылдады

23 Маусым 2026 20:16see110

АҚШ барлау қызметінің басшысы биозертханалардың жаһандық желісі туралы мәлімдеді бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

24 Маусым 2026 14:59see110

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

24 Маусым 2026 20:52see110

Қытай байланыс технологиясын сынау үшін жаңа жерсерігін ұшырды

24 Маусым 2026 09:53see109

Абайды көрген кісі

25 Маусым 2026 09:01see108

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

24 Маусым 2026 12:05see108

Аптап ыстық болады, дауыл тұрады: 23 маусымға ауа райы болжамы

24 Маусым 2026 09:36see108

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

25 Маусым 2026 09:01see107

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

25 Маусым 2026 11:01see106

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

24 Маусым 2026 22:40see106

25 маусымда Астанада жарық пен су болмайды: мекенжайлар тізімі

24 Маусым 2026 17:31see106

Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті

24 Маусым 2026 09:42see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары