Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Көрермендер назарына: осы аптадағы басты кинопремьералар

Көрермендер назарына: осы аптадағы басты кинопремьералар

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ЖАҢА ЕНЕ (Новая тёща) 5.0⭐

Жанры: Комедия

Ұзақтығы: 96 минут

Ел: Ресей, 2026

Режиссер: Асқар Ұзабаев

Виктор Суслов тағы да отбасы арасындағы тартыстың ортасында қалады. Бұл жолы ол жаңа қайын енесінің қас-қабағына қарап, оның қатал мінезіне көнуге мәжбүр. Онсыз да берекесі кетіп тұрған шаңыраққа Виктордың егіз бауыры Тоха келіп, тыныштықты мүлде қашырды. Үй ішіндегі әлгі «жалған жарасым» көп ұзамай быт-шыт болады. Қайын ененің де түрткі болуымен екі бауырдың баяғыдан бері басылмай келе жатқан кикілжіңі қайта тұтанып, жағдай одан әрі ушыға түседі. Ал дәл осы кезде Тоханы іздеп келген РЖФҚ қызметкерлері есік қағып, онсыз да шиеленісіп тұрған ахуалды тіпті күрделендіріп жібереді.

Ол сен емес 8.7⭐

Жанры: Комедия

Ұзақтығы: 87 минут

Ел: Казахстан, 2026

Режиссер: Азиза Мансұрова

«Ол сен емес» – ауыл өмірін шынайы әрі күлкілі етіп көрсететін комедия. Нұрсұлтан – қасапшы, бірақ жұмсақ мінезді, өзгеге жоқ деп айта алмайтын қарапайым жігіт. Әйелі Ақерке – пысық, тік мінезді, ештеңеден қаймықпайтын әйел. Тірліктің ауыртпалығы мен ұсақ-түйек ұрыстар олардың қарым-қатынасын күннен-күнге ушықтырады. Бір кеште қатты жанжалдан кейін екеуі төсекте үнсіз ұйықтап қалады. Таңертең оянғанда күтпеген жағдай болады – жандары ауысып кеткен. Енді Нұрсұлтан – әйелдің тәнінде, Ақерке – еркектің денесінде. Осыдан бастап күлкілі әрі ыңғайсыз жағдайлар басталады: Ақерке қасапшы болып, мал союға мәжбүр болса, Нұрсұлтан сәби бағып, енесімен тіл табысуға тырысады. Әрқайсысы екіншісінің орнында жүріп, бұрын байқамаған қиындықтарды көреді. Алғашында бұл – хаос пен абыройсыздыққа айналса, уақыт өте келе олар бір-бірінің еңбегін, сабырын, жан дүниесін түсіне бастайды. Соның арқасында қарым-қатынастары жаңа деңгейге көтеріледі. «Ол сен емес» – күлкіге толы оқиғалардың ортасында махаббаттың, түсіністіктің және отбасылық берекенің құнын көрсететін жүрекке жылы комедия.

АНА (Mама) 9.0⭐

Жанры: Драма

Ұзақтығы: 97 минут

Ел: Казахстан, 2026

Режиссер: Айбек Нығмет

Жазасын өтеп, бостандыққа шыққан Темір өмірін жаңадан бастауға бел буады. Бірақ өткеннің ізі өшпейді: «ұмыттым» деген күнә көлеңкеңдей соңынан қалмайды. Тағдыр оны ең ауыр сынақпен бетпе-бет әкеледі – деменцияға шалдыққан анасы. Бұл – қателік пен кешірім, парыз бен ар арасындағы тартыс туралы драма. Өткені мен бүгіні тоғысқан сәтте адам өз көлеңкесінен қашып құтыла ала ма? Темірдің таңдауы сізді де бейжай қалдырмайды.

ҚЫЗҒАЛДАҚТАР (Тюльпаны) 1.0⭐

Жанры: Комедия, Мелодрама

Ұзақтығы: 88 минут

Ел: Ресей, 2026

Режиссер: Анна Кузнецова, Юлия Лысова, Юлия Узких

8 наурыз деген не? Бұл – көктем, күн шуағы, қызғалдақтар, анаңның күлкісі, махаббатты сезіну мен бақыт. Сондай-ақ – әуре-сарсаң, құттықтаулар, дүкендегі кезек, гүлдер, бітпейтін сыйлық іздеу әбігері. Жыл сайын барша әйелдерге арналған осындай дүниежүзілік күйзеліс болатындай. Қарапайым адамдар ерекше оқиғаларға тап болады, жоспарланбаған кездесулер өмірді түбегейлі өзгертеді.

СЕКІРГІШТЕР (Прыгуны) 8.4⭐

Жанры: Шытырман оқиға, Комедия, Мультфильм, Отбасылық, Ғажайып

Ұзақтығы: 105 минут

Ел: АҚШ, 2026

Режиссер: Дэниэл Чонг

Ғалымдар адам санасын шынайы робот-жануарлардың денесіне уақытша ауыстыруға мүмкіндік беретін жаңа технологияны ойлап тапты. Осы тәсілдің арқасында адамдар жануарлардың әлемін олардың көзімен көріп, тіршілігін жақыннан сезіне алады. Бұл жаңалық адамдар мен жануарлар арасындағы байланысты мүлде жаңа деңгейге көтеруі мүмкін. Енді адам жануарлардың мінез-құлқын, қоршаған ортасын және өмір салтын бұрынғыдан әлдеқайда жақсы түсіне алады. Осы технологияны қолданған Мейбл жануарлар әлемінің талай құпиясын аша бастайды. Ол көргендері мен білгендері оның бұрынғы түсінігінен әлдеқайда асып түседі.

ӘДЕПСІЗ ҰСЫНЫС (Непристойное предложение) 4.0⭐

Жанры: Драма

Ұзақтығы: 103 минут

Ел: Испания, 2026

Режиссер: Поло Менаргиз

Бай әулеттің ақшадан тарыққан дарынды виолончелист қызы отбасын қиын жағдайдан шығарудың жолын іздейді. Оның ең жақын құрбысының ықпалды әкесі көмектесуге ұсыныс жасаған кезде, қыз мүмкін емес таңдау алдында қалады.

ХАМНЕТ: ГАМЛЕТКЕ ШАБЫТ БЕРГЕН ОҚИҒА (Хамнет: История, вдохновившая Гамлета) 9.6⭐

Жанры: Өмірбаян, Драма

Ұзақтығы: 125 минут

Ел: Ұлыбритания, АҚШ, 2026

Режиссер: Хлоя Чжао

Хамнет оба ауруынан қайтыс болған соң, оның қос ұлы Агнес пен Уильям Шекспир XVI ғасырдағы Англияда ауыр қасіретті бастан кешіреді. Балаларымен Стратфордта қалған Агнес өмірін жалғастыру үшін күш табуға тырысады, ал Уильям Лондонға аттанып, жүректегі қайғысын өзінің ұлы шығармаларының бірін жазуға түрткі етеді.

БӨТЕН (Посторонний) 7.6⭐

Жанры: Криминал, Драма

Ұзақтығы: 122 минут

Ел: Франция, 2025

Режиссер: Франсуа Озон

Алжир, 1938 жыл. Сымбатты әрі байсалды жас жігіт Мёрсо анасының жерлеу рәсіміне қатысады, бірақ ешбір сезімін білдірмейді. Күнделікті тіршілігіне оралған ол кеудесіндегі қуысты сезіп, зеріге бастайды, әрі Маримен қарым-қатынаста болуға мәжбүр болады. Барлығы мәнсіз көрінсе де, жағажайдағы қатты ыстық бір күнде Мёрсо мен оның айналасындағылардың өмірін түбегейлі өзгертетін күтпеген оқиға болады.

ҚАЛЫҢДЫҚ! (Невеста!) 8.6⭐

Жанры: Драма, Мелодрама, Хоррор, Ғажайып

Ұзақтығы: 126 минут

Ел: АҚШ, 2026

Режиссер: Мэгги Джилленхол

Чикаго, 1930 жылдар. Франкенштейннің құбыжығы доктор Евфронийдің серігі болғысы келеді. Олар бірге бір қызды – Франкенштейннің қалыңдығын – тірілтеді. Ол өте тез дамып, олардың үмітінен асып кетеді. Қыздың тірі болуы романтикалық оқиғаларға, полицияның қызығушылығына және күтпеген әлеуметтік өзгерістерге жол ашады.

ӨЗІНЕ ЖҰМСАҚ БОЛ (К себе нежно) 6.0⭐

Жанры: Мелодрама, Комедия

Ұзақтығы: 103 минут

Ел: Ресей, 2026

Режиссер: Иван Китаев

Надя – мансап жолында едәуір жетістікке жеткен отоларинголог-хирург, алайда 40 жасқа таяған шағында кенет өзі жайлы ештеңе білмейтінін түсінеді. Жұмысында құдайдың құтты күні науқастарының сезіну ағзаларын зерттесе де, өз сезімдерін мүлде ұмытып қалыпты, бәлкім ешқашан сезбеген де шығар. Күйеуі Борис күнделікті күйбең тіршілікке шыдамай, оны екі жыл бұрын тастап кеткен. Дегенмен екеуі әлі ажыраспады. Надя Оливия есімді қызын тәрбиелеп, әлі енесінің пәтерінде тұрып жатыр. Надяға әлем махаббатқа толы екенін көру үшін өзгерістер керек. Оның өмірінде «нәзіктіктің алты сабағы» пайда болады, оның әрбірі өзін тануға, дауысын шығарып, жаңа үміт ұялатуға көмектесуге тиіс.

МАХАББАТ КІНӘЛІ (Виновата любовь) 8.2⭐

Жанры: Мелодрама, Комедия

Ұзақтығы: 101 минут

Ел: Канада, 2024

Режиссер: Жозе Лоренсо

Торонтодағы сапары кезінде Вертер есімді аңғал әрі тартымды жас жазушы өміріндегі махаббатын кездестіреді. Алайда ол бойжеткеннің басқа біреуге уәде бергенін біледі. Жақын досы гипохондрик болса да, оны көндіруге тырысады. Бірақ Вертер жүрегін жаулап алу үшін өз өмірін түбегейлі өзгертеді. Ол кейде күлкілі, кейде қателіктерге толы әрекеттер жасайды, бірақ бәрі шынайы сезімнен туындайды.

Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Наурыз 2026 12:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары