Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Сапалы білім өскелең ұрпақтың өрісі

Сапалы білім өскелең ұрпақтың өрісі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қаланың білім беру жүйесінде жаңа оқу жылына дайындықпен қатар әрбір баланың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және өз құқықтарының қорғалуына мүмкіндік беретін кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді.

2025-2026 оқу жылында Шымкент қаласындағы 1 388 білім беру ұйымында 405 мыңнан астам бала білім алды. Оның ішінде 658 мектепке дейінгі ұйым мен 291 жалпы орта білім беру мекемесі жұмыс істеді. Бұл көрсеткіш қаланың білім беру жүйесіне түсетін жүктеменің ауқымын аңғартады. Бұл туралы Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өтті. 

Өткен оқу жылында қала мектептерінде 277 мыңнан астам оқушы білім алды. Олардың қатарында 16 003 түлек мектеп бітіру туралы куәлігін алса, 24 178 оқушы 9-сыныпты аяқтады. Білім алушылардың оқу жетістіктері де жылдан-жылға жақсарып келеді. Биыл 766 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болса, 1 196 оқушы мектепті үздік аттестатпен тәмамдады. Ал 9-сыныпты аяқтаған 1 608 оқушы үздік куәлік алды.

Шымкенттік оқушылардың республикалық және халықаралық деңгейдегі білім додаларында қол жеткізген жетістіктері де қаланың білім беру жүйесіндегі оң өзгерістердің бір көрсеткіші. 80-нен астам түлек әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алып, халықаралық білім гранттарын жеңіп алды. Қала оқушылары ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда жүлделі орындардан көрінді.

Соның бірі – М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназияның оқушысы Керімбай Саян. Ол халықаралық «Regeneron ISEF-2026» ғылыми-техникалық байқауының финалдық кезеңіне жолдама алып, Шымкент оқушыларының халықаралық аренадағы білім-бәсекесіне қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл ретте білім сапасын арттыру тек оқушы жетістігімен ғана өлшенбейтіні анық. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен ізденісі де маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта жүзеге асырылған «Сапалы білім» жобасы аясында 13 мыңнан астам педагогтің қатысуымен «Білім беру шебері» байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысында үздік деп танылған 10 педагогке бір жыл бойы ай сайын 200 мың теңгеге дейін қосымша сыйақы тағайындалды.

ӘРБІР БАЛА ҚАМҚОРЛЫҚТА БОЛУҒА ТИІС

Баланың қауіпсіздігі, оның білім алуға, денсаулығын сақтауға, қолайлы ортада тәрбиеленуге деген құқығын қамтамасыз ету – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағытының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларымен ғана шектелмейді. Әлеуметтік осал санаттағы балаларды қолдау, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға жағдай жасау, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және олардың құқықтарының сақталуын бақылау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Қазір ерекше білім беру қажеттілігі бар 12 857 бала арнайы ұйымдарда және жалпы білім беру мекемелерінде тиісті қолдауға ие. Инклюзивті білім беруді дамыту арқылы әрбір баланың қабілеті мен мүмкіндігіне қарай білім алуына жағдай жасалуда. Балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға да басымдық берілген. Бүгінде 112 мыңнан астам оқушы қосымша білім беру үйірмелерімен қамтылған. Жазғы демалыс кезінде Kitap Camp, PROF START және EduCampShym жобалары ұйымдас­тырылып, оларға 224 мыңнан астам оқушы қатысты.

Әсіресе, әлеуметтік осал санаттағы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға айрықша назар аударылуда. Биыл алғаш рет QOSYMSHA ақпараттық жүйесі енгізіліп, балаларға арналған сауықтыру демалысына жолдамаларды бөлу процесі цифрландырылды. Бұл шешім ашықтықты қамтамасыз етіп қана қоймай, балаларды әлеуметтік мәртебесіне қарай қолдаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Осы бағытта Шымкентте цифрлық техно­логиялардың мүмкіндіктері кеңінен қолда­нылуда. AIQYN жобасы аясында енгізілген биометриялық бақылау жүйесі қауіпсіздікті күшейтіп қана қоймай, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік беруде. Ал бейнеаналитика құралдары арқылы мектеп­тердегі қауіпсіздік жағдайы мен оқу процесіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Сонымен бірге Qarqyn бірыңғай цифрлық платформасы арқылы білім беру жүйесінің 12 негізгі бағыты толық цифрландырылды. Оның ішінде мектеп қауіпсіздігі, биометриялық бақылау, тамақтануды ұйымдастыру, сабақ сапасын бақылау, бухгалтерлік есеп, еңбекақы төлеу, мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік білім беру тапсырысы және балалар контин­гентін басқару процестері бар. Цифрлық жүйе арқылы жүргізілген талдау нәтижесінде қаржыландыруға, оқу жүктемесіне және балалар контингентіне қатысты бірқатар сәйкессіздік анықталып, оларды реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Шымкентте 2026-2027 оқу жылына дайындық жұмыстары да жоспарлы түрде жүргізілуде. Қала мектептерінде бірінші сыныпқа құжат қабылдау 18 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады. Қазірдің өзінде 16 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданған. Мектепалды даярлық тобын өз мектебінде аяқтаған балалардың бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылдануы ата-аналар үшін де, білім беру ұйымдары үшін де қолайлы жағдай қалыптастырып отыр.

Жаңа оқу жылына дайындық барысында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Биыл жеті білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар алдағы жылы тағы сегіз мектеп пен Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінде жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Өткен оқу жылында екі жаңа мектеп пайдалануға беріліп, бірқатар білім беру ұйымдарында қосымша оқу корпустарының құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта тағы бес мектептің қосымша ғимараттарының құрылысы жүргізілуде.

Баланың сапалы білім алуы мектеп табалдырығын аттаған сәттен емес, мектепке дейінгі кезеңнен басталады. Сондықтан Шымкентте мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытуға да ерекше назар аударылып отыр. Мемлекеттік тапсырыс аясында қаладағы 76 мыңнан астам бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілгелі бері 99 мыңнан астам ваучер берілді. Қазір 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 84,5 пайызға жетті.

Биыл мемлекеттік тапсырыс есебінен жекеменшік балабақшаларда 3 500 жаңа орын ашу жоспарланып, оның 2 114 орны пайдалануға берілді. Сонымен бірге мектепке дейінгі ұйымдардағы қызмет сапасы мен заң талаптарының сақталуына бақылау күшейтіл­ген. Мемлекеттік тапсырыстың орындалуына жүргізілген мониторинг барысында талаптарға сәйкес келмеген тоғыз балабақша мемлекеттік тапсырыстан шеттетілді.

Шымкентте техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуға да басымдық беріліп келеді. Қаладағы 37 колледжде 49 мыңнан астам студент білім алуда. Оның ішінде 10 мыңнан астам студент дуальды оқыту жүйесі арқылы тәжірибелік даяр­лықтан өтуде. Жаңа оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6 мың грант бөлініп, құжат қабылдау науқаны басталды.

Шымкенттегі білім беру саласындағы өзгерістердің барлығы бір мақсатқа – баланың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Өйткені бала құқығын қорғау тек белгілі бір мекеменің немесе мамандардың ғана міндеті емес. Бұл – отбасы, мектеп, қоғам және мемлекет бірлесе атқаратын ортақ жауапкершілік.

Шаһарда қолға алынған кешенді шаралар білім сапасын арттырумен қатар, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың қауіпсіз ортада білім алып, шы­ғармашылық және зияткерлік қабілеттерін еркін дамытуына мүмкіндік береді.

Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары­ның қарқынды жүргізілуі де осы мақсаттың айғағы. Жаңа мектептер мен қосымша оқу корпустарының бой көтеруі, білім беру ұйымдарының жөндеуден өтуі, әлеуметтік қолдау көлемінің артуы, мектепке қабылдау процесінің жүйеленуі және цифрлық техно­логиялардың кеңінен енгізілуі – мегаполистегі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетеді.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 04:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары