Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жаңарған мектеп сапалы білім кепілі

Жаңарған мектеп сапалы білім кепілі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Кезең кезеңмен енгізілуге тиіс бұл өзгерістер мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру сапасын арттыруға бағытталады. Бұл мақсатта Ақтөбе облысында атқарылып жатқан істер жетерлік.

Оқу-ағарту министрлігі негізгі назарды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетіл­діруге, балалар үшін қолайлы дамытушы орта қалыптастыруға және сапалы мектепке дейінгі білімнің қол­жетімділігін кеңейтуге аудармақ. Соны­мен қатар мемлекеттік білім беру тапсы­рысын іске асыру тетіктері жетілдіріліп, мектепке дейінгі білім беру қызмет­тері­нің сапасын бағалаудың заманауи тәсіл­дерін енгізуді жоспарлап отыр. Ал бас­тауыш білім берудегі басты өзгеріс оқу мазмұнын жаңартуға бағытталады. Яғни оқу бағдарламаларында оқу жүктемесі оңтайландырылып, математика пәні бойынша оқу мақсаттары қайта қаралды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін тақырыптар алынып тасталды. Бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу кезеңі қарастырылған. «Әліппе» және «Ана тілі» пәндеріне бөлінетін сағат саны ұлғайтылып, оқу және жазу дағдыларын қалыптастыруға көбірек уақыт бөлінетін болады. Барлық орта білім беру ұйымдарында жалпы­ұлттық құндылықтарға, азаматтық жауап­кершілікке, патриотизмге және заңға құрмет қағидаттарына негізделген «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдар­ламасын іске асыру жалғасады. Барлық сынып оқушылары жас ерекшеліктерін ескере отырып, жасанды интеллект негіздерімен танысады.

Сондай-ақ орта білім беру жүйе­сіне жасанды интеллект техно­логияларын енгізу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру басталады. Елі­міздің пилоттық мектептерінде оқытуды дараландыруға, оқу нәтижелерін авто­мат­тандырылған талдауға және білім алушыларға дербес қолдау көрсетуге бағытталған заманауи AI-шешімдер сын­ақ­тан өткізіледі. Жоба аясында бас­тауыш сыныптарда педагог пен интел­ле­ктуалды AI-көмекшінің бірлескен жұмысын көздейтін инновациялық «екі мұғалім» моделі сынақтан өткізіледі. Жасанды интеллект мұғалімді алмас­тырмайды, керісінше, әрбір оқушыға жеке қолдау көрсететін тиімді көмекші қызметін атқарады.

Ақтөбе облысында да аталған өзге­рістер бойынша білім саласын оңтайлан­дыру жұмыстары тиімді іске асырылып жатыр. Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, жаңа оқу жылына дейін облыста жалпы 4 060 орынға арналған 9 мектептің құрылысы аяқталып, пайда­лануға беріледі. Атап айтқанда, Ақтөбе қаласында 3 жаңа мектеп және 2 жапсар­лас құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарланған. Олар – «Алтын орта» тұр­ғын алабындағы 900 орындық, «Оң­түс­тік-Батыс-2» тұрғын алабындағы 300 орындық, «Шилісай-1» тұрғын алабын­дағы 600 орындық нысандар, сондай-ақ №8 орта мектепке 300 орындық және Д.Қонаев атындағы орта мектепке 600 орындық жапсарлас құрылыс. Мұғалжар ауданындағы Ащысай негізгі мектебінің 60 орындық ғимараты, Темір ауданын­дағы Кеңқияқ ауылындағы 600 орындық және Шұбарқұдықтағы 600 орындық мектептер, сондай-ақ Мәртөк ауданын­дағы Кеңсахара ауылындағы 100 орын­дық мектеп пайдалануға беріледі. №8 орта мектепке жапсарлас салынған 300 орындық құрылыс апта басында пайда­ланылуға берілді. Бастауыш сынып оқушы­ларына арналған бұл ғимаратта 11 оқу кабинеті, 4 информатика кабинеті, спорт залы, асхана және ұл балаларға арналған шеберхана орналасқан. Барлық оқу кабинеттері заманауи интерактивті панельдермен, жаңа жиһаздармен және оқу-әдістемелік құралдармен жабдық­тал­ған. Жалпы мектептің негізгі 600 орындық ғимараты 2012 жылы пайда­лануға берілген. Қазір онда 1 368 оқушы білім алады. Оқушы орнының тапшы­лығын шешу мақсатында жапсарлас ғимараттың іргетасы 2024 жылы қалан­ған. Жаңа оқу жылында жаңа корпуста бастауыш сыныптың 26 сыныбы оқиды. Қазірдің өзінде 1-сыныпқа 150-ден астам бала құжат тапсырған, ал мектепте жаңа оқу жылына алты бірінші сынып ашу жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған екі арнайы кабинет жабдық­талған. Өткен оқу жылында мұнда ерекше қажеттілігі бар 30 бала білім алса, биыл 26 баланың құжаты қабылданған. Қазір облыста жаңа білім беру нысан­дарын пайдалануға беру нәтижесінде өңірдегі үш ауысымды бір мектептің, бір апатты мектептің және 3 мың оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешу көзделіп отыр. Осы мақ­сатта биыл жаңа білім беру нысан­дарының төртеуі «Келешек мектептері» ұлтт­ық жобасы аясында жүзеге асыры­луда. Оның бірі – Алтын Орда шағын ауданындағы 900 оқушыға арналған №81 жалпы білім беретін мектебі. Білім ордасында STEM және робототехника, информатика, химия, биология, физика, география, тілдер мен математика каби­нет­тері жабдықталған. Сонымен қатар шеберханалар, кітапхана, акт залы, хореография және спорт залдары қарас­тырылған.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған тағы бір білім ордасы – Ақтөбе қаласының Оңтүстік-Батыс-2 тұрғын алабында салынған 300 орындық №87 жалпы білім беретін мектеп. Мұнда да оқушыларға заманауи білім алуға қажетті жағдай жасалған. Сондай-ақ Темір ауданындағы Кеңқияқ пен Шұбарқұдық елді мекендерінде ашылатын мектептер де «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша салынды. Жалпы алғанда, Ақтөбе облысында 2023-2026 жылдары аталған ұлттық жоба аясында сыйымдылығы 11 400 орындық 14 жаңа мектеп салынды.

Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес жүзеге асыры­лып жатқан «1 300 мектепті реновация­лау» ұлттық жобасы аясында өңірде 2025-2027 жылдары 24 мектеп кешенді жаңғырту жоспарланған. Биыл облыста 10 білім беру нысанын, оның ішінде 9 мектеп пен 1 мектепке дейінгі ұйымды жөндеу қарастырылған. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 3,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 8 мектеп Президент тапсырмасына сәйкес реновация бағ­дарламасы аясында жаңғыртылып, ма­тери­алдық-техникалық базасы толықт­ырылуда.

Бірыңғай заманауи мектеп инфра­құрылымына көшу мақсатында өңірде 2027 жылға дейін 24 мектепті ренова­циядан өткізу көзделген. Оның ішінде ­2025 жылы – 7, 2026 жылы – 8, ал 2027 жылы 9 мектеп жаңғыртылмақ. Сондай-ақ 7 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Олардың материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Аталған жұмыс­тарды жүзеге асыруға облыстық бюджет­тен 3,0 млрд теңге бөлінген. 

Биыл реновация жүргізілетін 8 мек­тептің қатарында Ақтөбе қала­сындағы №37, №22 және №17 орта мектептері, Әйтеке би ауданындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектеп, Бай­­ғанин ауданындағы Қарауылкелді орта мектебі, Темір ауданындағы С.Бәйі­шев атындағы орта мектеп, Шалқар ауданындағы №8 орта мектеп және Мұ­ғал­­жар ауданындағы Құмсай орта мекте­бі бар. Жоба аясында аталған білім беру ұйымдарына 567,0 млн теңге бөлініп, 42 заманауи пәндік кабинет сатып алынды және мектеп кітап­ха­налары мен жиһаз­дары жаңартылды. 

Облыс орталығындағы ең көне білім беру ұйымдарының бірі, 1955 жылы құрылған №22 мектеп реновация жүргі­зілетін мектептер қатарына еніп, мұнда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектептің қасбеті мен шатыры жаңар­тылып, ішкі бөлмелер, едендер және инженерлік жүйелер жөнделуде. Оқу ка­бинеттерінде әрлеу жұмыстары жүргі­зіліп, электрмен, сумен жабдықтау, кәріз және басқа да инженерлік коммуни­кациялар жаңартылуда. Сонымен қатар тарих, география, математика, инфор­матика және алғашқы әскери дайындық пәндеріне арналған бес оқу кабинетін заманауи жабдықтармен және жиһаз­дармен қамтамасыз ету көзделген. Ғи­мараттағы электрмен жабдықтау жүйесі толық жаңартылып, электр кабельдері ауыстырылған. Сонымен қатар мектепке жапсарлас 300 орындық қосымша ғи­мараттың құрылысы жүргізілуде. Жаңа қос­ымша ғимарат мектептің мүм­кін­дік­терін едәуір кеңейтеді. Мұнда арнайы оқу кабинеттері, әкімшілік бөлмелер, психолог пен дефектолог кабинеттері, сондай-ақ акт және спорт залдары орналасады.

2026-2027 жаңа оқу жылында об­лыс­тағы 450-ге жуық мектепте 194 мың­нан астам оқушы білім алады деп күтілуде. Биыл облыс бойынша бірінші сыныпқа 20 234 бала барады. Өңірде әлеу­­меттік осал санаттағы балаларға мектепке дай­ындық үшін қаржылай және материал­дық көмек көрсетіледі. 2026 жылы мұндай қолдау 16 064 балаға көрсетілмек. Бұл мақсатқа 816,9 млн теңге қарас­тырылған. Сонымен қатар 5 мыңнан астам бала демеушілердің қолдауымен өтетін «Мектепке жол» акциясы аясында көмек алады. 

Ал Ақтөбе қаласының аумағында 2026–2027 оқу жылында 93 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеп, онда 116 947 оқушы оқитын болады. Қаланың мек­тепке дейінгі білім беру жүйесінде 25 880 мектеп жасына дейінгі бала мектепке дайындалуда.

Облыстық білім басқармасы адам капиталын дамыту, сапалы білім беру және кәсіби өсуге мүмкіндік жасау бағытында заманауи білім беру тәсіл­дерін енгізу және бәсекеге қабілетті ұрпақ­ты қалыптастыруға қажетті жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аудар­ып келеді. Дегенмен қазір өңір мектеп­терінде 396 педагог жетіспейді. Мұндай қажеттілік барлық аудандарда және Ақтөбе қаласында бар. Кадр тап­шылы­ғын шешу мақсатында облыстық Білім басқармасы бірқатар нақты шешім қа­был­дап, биыл жоғары оқу орындарын педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген түлектерді облыс мектептеріне орналастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырып жатыр.

Тілек ҚАБЫЛ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Тамыз 2026 09:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see156

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see122

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see122

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары