Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Психологиялық саулықтың кепілі сапалы өмір

Психологиялық саулықтың кепілі сапалы өмір

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы­ның деректері бойынша, жыл сайын әлемде 720 мыңнан астам адам өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болады. Әсіресе, 15-29 жас аралығындағы әрбір үшінші адамның өлімі суицидпен байланысты екені анық­талған. ДСҰ-ның мәлімдеуінше, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің 73 пайызы табысы төмен және орташа елдерде болған.

Сарапшылардың пікірінше, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу шараларында психологиялық қолдау мен ашық диалог қана жағдайды өзгерте алады. Әрбір суи­цид – бұл жай ғана сан емес. Бұл – балалар мен жасөспірімдер арасындағы ауто­агрессивті мінез-құлық, яғни психикадағы бұзылысы, жан дүниесіндегі бұлқынысы.

Назарбаев университетінің психологі Сымбат Абдрахманова психологиялық денсаулық – жалпы адамның өмір сапасына тікелей әсер ететін фактор екенін айтады.

– Аутоагрессивті мінез-құлық – адамның өзіне зиян келтіруі немесе өз өміріне қауіп төндіруі. Бұл құбылыс түрлі формада көрінеді: өз-өзін жарақаттау, тамақты әдейі шектен тыс тұтыну немесе бас тарту (анорексия, булимия), тәуекелге бел буу, тіпті суицидке бейімдік. Мұндай мінез-құлықтың себептері әртүрлі. Балалар мен жасөспірімдер арасында аутоагрессияның көбеюі қазіргі қоғамның әлеуметтік қысымымен, жоғары талаптармен, интернет пен әлеуметтік желілердің әсерімен байланысты болуы мүмкін, – деді маман.

Маманның ескертуінше, психика – адамға ғана емес, жануарларға да тән биологиялық құбылыс. Сондықтан оның алдын алуға және тәрбиелеуге болады. Сондай-ақ психологиялық саулықтың кепілі – сапалы өмір. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-прак­тикалық орталығының бас директоры Алтынай Есқалиеваның айтуынша, пси­хологиялық әл-ауқатты бағалау ведом­ствоаралық деңгейде жүргізілуі керек.

– Психологиялық әл-ауқатты бағалау ведомствоаралық деңгейде жүргізілуі керек, өйткені психологиялық әл-ауқат мә­селелерін шешу, өмір сүру сапасын жақ­сарту, балалар мен жасөспірімдерді әртүрлі сауықтыру секцияларына тарту және басқа да мәселелерді шешуге бай­ланысты екенін ескеруіміз керек, – деді маман. 

2025 жылы ақпанда Алтынай Есқалиева ұсынған «2021-2025 жылдары өткен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жо­басын іске асыру аясындағы зерттеудің нәтижелеріне сәйкес, жасөспірімдердің 16,6%-ында психикалық әл-ауқаттың нашарлауы, ықтимал депрессия белгілері анықталған. Мектептегі буллинг құр­бандары балалардың 17,5%-ын құраса, ал 3,4%-ы айына бір рет және одан да көп рет кибер­буллингке ұшырайтыны белгілі болған.

– Әр бесінші жасөспірім психикалық әл-ауқатының нашарлығын сезінеді, бұл олардың оқу үлгеріміне, мінез-құлқына және өмір сапасына кері әсер етеді. Мектепте буллингке тап болған балалар психологиялық қысымға ұшырап, өз-өзін төмен бағалауға, күйзеліске түсіп, кейбір жағдайларда өзін-өзі зақымдауға бейім келеді. Жасөспірімдердің 12,7%-ы әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдаланады, бұл олардың психикалық денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. 24% жасөспірімдер ата-аналарынан жеткілікті қолдау сезінбейді, бұл олардың эмоционалдық тұрақтылығына әсер етеді, – деді ол.

Зерттеуші мамандар жасөспірімдер үшін ата-ананың, қоғамның қолдауы мен түсінісіне алуы өте маңызды және кешенді тәсілді талап ететін мәселе екенін айтады. Олардың пікірінше, баланың құқығын қорғау, оның психологиялық саулығын қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – бір-бірімен тығыз байланысты факторлар. Яғни, бала құқығын қорғау үшін – кез келген баланың қауіпсіз ортада, психологиялық қолдаумен, өз құқықтарын білетіндей өсуі маңызды.

Қазіргі уақытта елімізде балалар мен жасөспірімдер арасындағы психологиялық денсаулықтың және әлімжеттік, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерінің алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қарас­тырылып, бағдарламалар қабылданды. Психологиялық және әлеуметтік қолдау мен қорғау, заңнамалық және саяси шара­ларды жетілдіру, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істеу, халықаралық стандарттар мен тәжірибелерді пайдалану, тәжірибе алмасу секілді нақты бағдарланған жүйелер де жүзеге аса бастады. Атап айтар болсақ, 2023-204 жылдары балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың, суицидтің және жасөспірім­дер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында бірқатар шара қабылданып, бағдарламалар мен заңдар әзірленді. Жүйелі атқарылған жұмыс аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасымен заңнамаға 120 түзету енгізілді. Сондай-ақ аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен балалар құқығын қорғау мақсатында отбасылық қолдау орталықтары құрылды. 

Жақында Бала құқықтары жөнінде­гі уәкіл Динара Закиева елімізде кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол салу фактісінің аз да болса, төмендегенін жеткізді.

Оның айтуынша, 2025 жылдың 8 айында Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасында 122 суицид фактісі тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен са­лыс­тырғанда 5,5%-ға азайғанын көрсетеді. Негізгі жағдайлар Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында тіркелген – 56%. Ең жоғары өсім Жамбыл, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақ­стан облыстарында байқалған.

 – Алматы облысында соңғы 10 жылда алғаш рет айтарлықтай төмендеу тіркелген. Шымкент қаласында да азаю бар, ал Абай облысында суицид әрекетінің саны екі есеге түскен. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу жағдайының 62%-ы ата-анамен күрделі отбасылық қарым-қатынас аясында болған. Оның ішінде ата-ананың сөгісінен қорқуы, баланың қызығушылығын елемеу, әке-шешесінің көңіл бөлмеуі, қамқор­лығының жеткіліксіздігі, мазақ етуі, қысым көрсетуі себеп болған. Ал 10 пайызы қиын жағдайда өмір сүргеннен болса, 22% жағ­дайда мектептегі буллинг, жауапсыз ма­хаббат салдарынан өз-өзіне қол салған. Тіпті, әдебиетке, ойынға әуестігінен 10% суицидке барса, 5 пайызы психикалық ау­рудың салдарынан бұл әрекетке бар­ған, – дейді Динара Закиева.

Жалпы, жоғарыда айтқанымыздай, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуда ең бастысы психологиялық қолдау шарала­рының маңызы зор. Бала өзін түсінетін адамдар бар екенін сезінген кезде, ол қиындықпен жалғыз қалмайды, айтады. Ал дер кезінде көрсетілген қолдау бір адамның ғана емес, тұтас бір отбасының болашағын сақтап қалуы мүмкін.

– Шыны керек, біздің қоғамда ата-аналар «балам үйде, қасымда отыр» деп тыныш жүре береді. Бірақ баласы қолын­дағы телефоны арқылы мүлдем басқа, қауіпті әлемде жүруі мүмкін екенін ескер­мейді. Ата-аналарға айтарым: баланың телефонын тінтудің қажеті жоқ, онымен дос болыңыз. Егер балаңыз сізге «Ана, әке, маған желіде біреу жаман сөз жазды» деп қорықпай келіп айта алса, міне, ең үлкен қауіпсіздік осы. Бақылау деген – телефонды жасырын тексеру немесе қатаң тыйым салу емес. Мұндай әрекет баланы алыстатады. Ең тиімді жол – баламен бір толқында болу: оның қандай әлеуметтік желілерде отыр­ғанын, қандай блогерлерді қарайтынын, қандай ойындар ойнайтынын білу. Қажет болса, бірге қарап, бірге талқылау маңызды. Бала ата-анасының қызығушылығын емес, қолдауын сезінуі керек. Дегенмен көп жағдайда интернетті тек қауіп көзі ретінде қабылдаймыз, алайда ол – ең алдымен құрал. Мәселе оны дұрыс пайдалана білуде.

Ең бастысы, ата-ана баласының мінез-құлқындағы өзгерістерге бейжай қарамауға тиіс. Егер бала тұйықталып, ашуланшақ болып кетсе, бірден кінә артпай, сабырмен сөйлесіп, «желіде бірдеңе болды ма?» деп сұрай алатын мәдениет қалыптасуы қажет. Тек осындай ашық әрі сенімді қарым-қатынас арқылы біз балалардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ете аламыз, – деді «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жас­өспірімдер ұйымының төрайымы Ақнұр Тұрдалиева.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 05:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары