Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Этножурналистика келісім кепілі

Этножурналистика келісім кепілі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға Сенат депутаттары, ҚХА Журналистер клубының мүшелері, жетекші медиаменеджерлер мен сарапшылар қатысты.

Сурет: gov.kz

Этносаралық келісім тақыры­бын жариялайтын медиа маман­дардың кәсіби машығын жетілдіруге бағыт­тал­ған жобаға ел аймақтарынан 30-ға жуық БАҚ өкілі арнайы шақырылған. Олардың қатарында өңірлік басылымдардың бас редакторлары мен журналистер, мемлекеттік ұйымдардың баспасөз хатшылары бар. Кездесуде мамандар өзара тәжірибе алмасып, этносаралық қатынастарға қатысты нәзік тақырыптармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, бұқаралық ақпарат құралдарында этносаяси тер­минологияны дұрыс қолдану сынды этножурналистиканың өзекті мәселелерін саралады.

«Биыл клубымыз 70-тен аса іс-шара ұйымдастыруды жоспарлаған еді. Кезекті басқосу – соның ауқымдыларының бірі. Қыркүйек айында Астанада бір апталық оқу ұйымдастырдық. Этностық бұқа­ралық ақпарат құралдарының мәні, оның жұмыс жағдайы бүгін­гі форумға өзек болып отыр. Прези­дент өңірлердегі Журналистер клубтарының жұмысын жетілдіру мен жолға қоюды тапсырған еді. Қоғамдық тұрақтылық пен өзара сыйластық мемлекет өміріндегі – басты құндылықтардың бірі. Бұл жолда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше. БАҚ өкілдері ел ішіндегі татулықты насихаттап, этносаралық келісімді нығайтуда дәнекер қызметін атқарады. Әр мақала мен сюжет – бейбітшілік пен бірліктің үндеушісі. Сондықтан журналистердің жауап­кер­шілігі зор. Ақпаратты таратуда әділдік пен парасаттылық таныту – қоғамдық келісімнің кепілі», дейді ҚХА Журналистер клубының төрағасы, Сенат депутаты Әлішер Сатвалдиев.

Этножурналистика саласындағы басым бағыттар сараланған жобаға еліміздегі «Бас редакторлар клубы» да үн қосқан. Басқосуда сөз алған «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бибігүл Жексенбай, қазіргі әлеуметтік желі күшейген кезеңде кәсіби журналистикаға үлкен белсенділік керегін, журналист тек тілші ретінде емес, сарапшы деңгейінде пікір айта алатын маман болуы қажеттігіне тоқталды.

«Дәл қазіргі уақытта БАҚ-тың рөлі ерекше. Қазір ақпараттық қауіпсіздік мәселесі өте маңызды мәнге ие. Бұл тұрғыда жаңалықты бұқараға дұрыс жеткізу, ел бірлігіне әсер ететін нәзік мәселелерге қалам тербегенде асқан ұқыптылықпен, пайым-парасатпен іске кіріскен жөн. Көрші елдермен байланысымыз да, ішкі берік татулығымыз да ең алдымен осы ақпараттан бас­талады. Қоғамдағы тұрақтылық пен бірлік құндылықтарын насихаттау этножурналистикаға үлкен жауапкершілік жүктейді», дейді Б.Жексенбай.

Іс-шарада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журна­листика факультетінің деканы Қанат Әуесбай факультетте үш жылдан бері этножурналистика пән ретінде оқытылып келе жатқанын, кәсіби журналистерді даярлауда қоғамдық келісім тақы­рыбы ұдайы назарға алынатынын атап өтті.

Ал «Медиакеңістікте этносаяси терминологияны қолдану ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыған МАМ ЭҚДК Әдістеме­лік қамтамасыз ету және ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы Райхан Тілеубергенова ел азаматтарының 30 пайызын этнос өкілдері құрайтынын, этностық топтар арасындағы сындарлы диалогті дамыту БАҚ-тағы сауатты материал­дармен тығыз байланысты екенін тілге тиек етті.

Іс-шара шеңберінде анти­кри­зистік PR мен медиакоммуникация бағытында тәжірибелік тренинг­тер өтіп, этножурналистка дамуындағы заманауи үрдістер талқы­ланды. Сондай-ақ ҚХА Журна­листер клубы мен Бас редакторлар клубы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

АЛМАТЫ 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 08:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see130

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see128

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see124

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see123

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see122

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see120

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see120

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see120

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see119

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see118

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see117

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see117

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see117

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see115

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see114

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары