Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Цифрлық жүйе қауіпсіздік кепілі

Цифрлық жүйе қауіпсіздік кепілі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды ресми түрде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұл цифрлық державаға айналу жолындағы нақты қадамның бірі болғаны даусыз. Қазір еліміздегі барлық салада озық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу кеңінен жүргізіліп жатыр. Ішкі істер органдарында да кейінгі уақытта көптеген цифрлық жоба ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді қолданыла бастады.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Бейнебақылау – алдын алудың тиімді құралы

Қазіргі уақытта ел тұрғындарының жалпы қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ қылмыстар санын барынша азайту үшін ІІМ ең алдымен елді мекендердегі жаппай бейнебақылау жобасын белсенді іске асырды. Бұл өз кезегінде құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғауды жоғары деңгейде қамтамасыз етуге септігін тигізіп жатыр.

Бүгінде «Елді мекендерді жаппай бейнебақылау» жобасы аясында елімізде 1,6 миллионнан аса бейнекамера орнатылған. Оның ішінде 545 мың камера Жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлім­дерге қосылған. Соның арқасында қалалар мен елді мекендердегі жағдайды тәулік бойы бақылауға мүмкіндік туып отыр.

Кейінгі уақытта ашылған қылмыс­тардың көрсеткішіне назар салсақ, бейнекамералардың тиімділігі айқын көрінеді. Мәселен, әр кезеңде ашылған қылмыстық  құқық бұзушылықтардың шамамен  66 пайызы дәл осы бейнебақылау құралдарының көмегімен анықталған. Бұл цифрлық технологиялардың ішкі істер саласындағы іс жүзіндегі маңызын көрсетсе керек.

Сонымен қатар ішкі істер саласында Ұлттық бейнебақылау жүйесі жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл жобаның басты мақсаты – еліміздегі әртүрлі бейне­­ба­қы­лау жүйелерін бір орталыққа бірік­­­тіру мен оларға жасанды интеллект технологияларын енгізу.

Жоба аясында 24 мыңнан аса бейнекамера жасанды интеллект негізіндегі аналитикамен жабдықталды. Бұл техно­логиялар адамның бет-әлпетін тану, күмәнді заттарды анықтау, көлік қозға­­лы­сын талдау сияқты күрделі тапсырмаларды орындай алады. Қазіргі уақытта бұл жүйе еліміздің барлық өңірінде сынақ­тан өткізіліп жатыр.

Жаңа құрылғылар ең алдымен адамдар көп жүретін жерлердегі, яғни әуежайлар, теміржол вокзалдары, ме­­шіт­тер, мектептер, ауруханалар, әкім­шілік ғимараттар және тағы басқа нысан­дарға кеңінен орнатылып жатыр. Осы жүйе қолданысқа енгізілгеннен бүгін­­­гі күнге дейін заң бұзған 1 335 адам анық­талып, ұсталды. 

Жол қозғалысындағы цифрлық жоба

Жол қозғалысын бақылау тиімділігін арттыру мақсатында Ішкі істер министр­лігі бірнеше цифрлық жүйені біріктірді. Атап айтқанда, «ITS», «Қорғау» жүйелері, іздестіру жүйесі және камералар «ТОР» атты бірыңғай цифрлық платформаға біріктірілді.

Бұл платформа жасанды интеллект технологиялары арқылы көлік қозға­лы­сын бақылап, көлік құралдарын іздес­тіре алады, сондай-ақ «шаршаған жүр­гі­зушілерді» анықтайды. Қазіргі уақытта жүйе­ге 32 мың камера қосылған.

Патрульдік полиция қызмет­кер­ле­ріне арналған «Қорғау» мобильді қо­сым­шасы енгізілді. Осы қосымша ар­қы­лы қызметкерлер көлік құралдарын жедел тексере алады. Жыл басынан бері қосымша арқылы 51,7 мыңнан аса көлік құралы тексерілді; 5,4 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды; 618 көлік құралы іздестіру бо­йынша ұсталды; 44,5 мың борышкерге айыппұлдары туралы хабарлама жіберілді.

Ал еліміздегі жолдардағы қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету мақсатында  респуб­лика бойынша 28,7 мың стационарлық камера іске қосылды. Осы камералардың көмегімен биыл тек қаңтар айында ғана 7,5 млрд теңге сомасына жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері тіркеліп, оның 5,2 млрд теңгесі өндірілді.

Бүгінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауға ұшқышсыз ұшу аппараттары да кеңінен қолданысқа енгізіле бас­­­тады. Әлемде мұндай тәжірибе дамы­ған елдерде кең тараған. Еліміздің ішкі істер органдарында қазіргі уақытта 300-ден аса дрон қолданылады. Алдағы уақытта оларды жасанды интеллект жүйелерімен жабдықтау жоспарланып отыр. Осындай технология енгізілген дрондар енді жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде өздері тіркейді. Бұл әсіресе стационарлық камералармен қамтылмаған аймақтарда бақылаудың тиімділігін арттырары сөзсіз. Сондай-ақ әкімшілік айыппұлдардың өндіріп алынуын көбейтіп, жолдағы тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

Жол қауіпсіздігін арттыру бағы­тындағы тағы бір инновациялық жоба – «Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі». Бұл жүйе жасанды интеллектімен жаб­дықталған бейнекамера арқы­лы көлік­тер­дің нөмірлері мен жүргізу­шілердің әрекеттерін автоматты түрде таниды. Егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе немесе ереже бұзса, жүйе оны тіркеп, мәліметтерді процессинг орталығына жібереді.

Мұндай өткелдер көбіне мектеп­тердің, тұрғын аудандардың, адам көп жина­латын қоғамдық орындардың маңына орнатылады. Қазіргі уақытта елімізде осындай 89 «ақылды» өткел жұ­мыс істеп тұр. Олардың көмегімен
11 мың­нан аса жол қозғалысы ережесін бұзу фак­тісі анықталып, 178 млн теңгеден аса айып­пұл салынды. Ал өндірілген қаржы – 173,5 млн теңге.

Бүгінгі таңда цифрлық технология-лар құқық қорғау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Бейнебақылау, жасанды интеллект, интеллектуалды платформалар мен дрондар құқық бұзушылықтарды анықтауды жеделдетіп қана қоймай, олардың алдын алуға да мүмкіндік береді.

Ішкі істер органдарындағы цифрландыру жұмыстары қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтып, азаматтардың құқықтары мен тыныштығын қорғауға бағытталған. Заманауи технологиялар енгізілген са-йын құқық қорғау қызметі тиімдірек, жедел әрі ашық бола түседі. Бұл қауіпсіз және заң үстемдігі орнаған қоғам құру жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз.

Сәкен СӘРСЕНОВ,

Ішкі істер министрінің орынбасары

Соңғы жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта ел чемпионы атанды

Күрес • Кеше

«Егемен Қазақстан» фото тілшісі Ерлан Омаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Марапат • Кеше

Елімізде 30 елді мекенді су басу қаупі бар

Су тасқыны • Кеше

Сарапшы: Елімізде жоғары жылдамдықпен жүретін тасжолдарда жылдамдық режимі біркелкі емес

Қоғам • Кеше

Асхат Аймағамбетов: Қызметкерлерге скринингтен өту үшін жылына 3 күнге дейін демалыс беріледі

Қоғам • Кеше

Жетісу облысындағы балабақшада қауіпті қалдықтар сақталған

Оқиға • Кеше

Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы заң жобасының жаңа редакциясын бірінші оқылымда мақұлдады

Қоғам • Кеше

Ертең еліміздің басым бөлігінде тұман түседі

Ауа райы • Кеше

Көкшетауда 136 млн теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шықты

Оқиға • Кеше

Алматыда «ҚазТАГ» агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды

Оқиға • Кеше

Қазақстандық әуе компаниясы Дубайға рейстерді 19 сәуірге дейін тоқтатты

Қоғам • Кеше

Әкімдер қызметі қандай көрсеткішпен өлшенуі керек?

Экономика • Кеше

Шекара қызметінің сарбаздары үйлеріне орала бастады

Әскер • Кеше

«Ұлттық киім» шеруі: Елордалық тұрғындар дәстүрлі киіммен көпшілікті тәнті етті

Мереке • Кеше

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 08:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see161

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see150

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see150

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see150

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see148

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see146

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see142

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see141

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see138

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see136

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see132

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see132

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see123

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see123

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see121

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары