Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Халықаралық білім білікті кадр кепілі

Халықаралық білім білікті кадр кепілі

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мұндай жобалар білім беру сапасын арттырып қана қоймай, халықаралық тәжірибені енгізуге, академиялық ортаны дамытуға және ел экономикасының түрлі саласына қажетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға берік негіз қалайды.

Осынау жүйелі жұмыстың бірі Шымкент қаласында жүзеге асып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде әлемнің же­текші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тап­сырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар отандық жоғары білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге жол ашып отыр. Соның жарқын көрінісінің бірі – Шымкент қаласындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қа­зақ­стан педагогикалық универ­си­теті жанынан Түркияның беделді Гази университетінің филиалының ашылуы.

Биыл филиал 2026-2027 оқу жы­лына талапкерлерді қабылдау нау­қанын бастап, білімге ұмтылған жас­тардың зор қызығушылығына ие болды. Биылғы оқу жылына 100 мемлекеттік білім гранты бөлінсе, конкурсқа қатысуға 150-ге жуық та­лапкер ниет білдірген. Бұл көр­сет­кіш жастардың халықаралық стандарттарға сай білім алуға және шетелдік жоғары оқу орнының бағ­дарламасы бойынша оқуға де­ген сұранысының жоғары екенін аңғартады. Қабылдау емтихандары халықаралық талаптарға сәйкес екі кезең бойынша ұйымдас­ты­рыл­ды. Алғашқы кезеңде талап­кер­лер жазбаша емтихан тапсы­рып, өздерінің теориялық дайын­ды­ғы мен академиялық білім дең­гейін көрсетті. Жоғары нәтиже көр­сеткен талапкерлер ғана екін­ші кезең әңгімелесуге жолдама ал­ды. Әңгімелесу барысында үміт­керлердің кәсіби мотивациясы, пе­дагогикалық ойлау қабілеті, сы­ни және аналитикалық ойлауы, көш­басшылық қасиеттері, ком­му­никациялық дағдылары және бо­ла­шақ мамандыққа деген көз­қа­расы жан-жақты бағаланады.

Қабылдау емтихандарының әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету мақсатында іріктеу жұмыс­та­рын Түркияның Гази универси­те­тінен арнайы келген профессорлар жүргізуде. Бұл талапкерлердің бі­лімін халықаралық академиялық та­лаптар негізінде бағалауға мүм­кін­дік беріп қана қоймай, қа­был­дау үдерісінің ашықтығы мен объек­тивтілігін қамтамасыз етеді. Алғашқы емтиханның басталуына Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы – Рек­тор Қайрат Балабиев қатысып, та­лапкерлерге сәттілік тіледі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде әлем­нің жетекші жоғары оқу орын­да­ры­ның филиалдарын ашу жөнін­дегі тапсырмасы аясында, Ғылым жә­­не жоғары білім министрлігінің қол­­дауымен жүзеге асқан бұл жо-ба – Қазақстанның жоғары білім бе­ру жүйесін халықаралық деңгей­ге көтеруге бағытталған маңызды бас­тама. Бұл бастама Қазақстан мен Түркия арасындағы академия­лық ынтымақтастықты жаңа дең­гейге шығарып қана қоймай, пе­да­гогикалық білімнің сапасын арт­­тыруға, әлемдік озық тәжіри­бені енгізуге және еңбек нарығына сұранысқа ие білікті мамандар даярлауға ықпал етеді. Біздің мақ­сатымыз – қабылдау емти­хан­да­ры­ның жоғары деңгейде, әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етіп, та­лап­керлерге барлық қажетті жағ­дай жасау, – деді Қайрат Рахымұлы.

Бүгінде еңбек нарығында тек теориялық біліммен шектел­мей­тін, бірнеше тілді меңгерген, ха­лық­аралық тәжірибеге бейімдел­ген, заманауи технологияларды еркін қолданатын мамандарға сұ­раныс артып келеді. Осы тұр­ғы­дан алғанда Гази университеті фи­лиалы кадрларды даярлаудың жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған маңызды білім беру алаңына айналуда. Мұнда білім беру бағдарламалары халықаралық стандарттарға негізделіп, оқу үде­рі­сіне шетелдік профессорлар тар­тылып, академиялық ұтқырлық мүм­кіндіктері қарастырылған. Фи­лиалда білім алатын студенттер Қа­зақстан және Түркия жоғары оқу орындарының талаптарына сәй­кес әзірленген бағдарламалар бойынша оқып, халықаралық дең­гейде мойындалатын екі диплом алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл тү­лек­тердің елімізде ғана емес, шет­елде де кәсіби мансап құруына жол ашады.

ҰБТ-дан 111 балл жинаған Шым­­­­кент қаласының түлегі Жұ­мабек Гүлсезім де таңдауының дәл осы оқу орнына түсу себебін ерек­ше атап өтті.

– Маған ең алдымен осы уни­вер­ситеттің екі дипломдық білім беру жүйесі ұнады. Сонымен қатар ше­телдік профессорлардан дәріс алып, халықаралық деңгейдегі білі­м алу мүмкіндігі қызықтырды. Жазбаша емтиханда оқылым және тың­далым бағыттары бойынша түр­лі тапсырма орындадық. Емти­хан жоғары деңгейде ұйымдас­ты­рыл­ды, – дейді талапкер.

Бүгінгі талапкер ертеңгі ел да­муына үлес қосатын маман. Сон­дық­­тан халықаралық білім беру тә­­жірибесін елімізге енгізу, үздік уни­верситеттердің мүмкіндігін қа­зақстандық жастарға ұсыну – бо­ла­шаққа салынған инвестиция. Га­зи университеті филиалының жұ­мысы да осы мақсатқа қызмет етіп, жаңа буын кәсіби маманда­рын даярлауға берік негіз қа­лайды.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 05:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары