Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Білікті маманның маңдай тері

Білікті маманның маңдай тері

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жер мен елдің қасиетін еңбекпен таныған жандар аз емес. Кешегі кеңшар дәуірінен бүгінгі нарық заманына дейін үздіксіз еңбек етіп келе жатқан тұл­ға­лар қаншама? Солардың бірі, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, қазыналы қария – Сапарғали Алтынбайұлы. Ол үшін еңбек – абыройдың бастауы, өмірдің мәні.

Суретті түсірген – Жұмабай МҰСАБЕКОВ

С.Алтынбайұлы 1967 жылы Бақанас орта мек­тебін бітіріп, еңбек жолын «Бақанас» асыл тұқымды қой кеңшарында аға шопан болып бастайды. Кейін Дегерес өңірінде де ең­бек етті. Екі жылдан соң Алматы зоотехникалық-мал­дәрігерлік институтына түсіп, студент атанады. Дипломдық жұмысын «Дегерес», «Еділбай» қой тұқымдарының өнімді қасиеттерін зерттеуге арнап, оны табысты қорғайды. 1974 жылы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң туған жеріне оралып, «Бақанас» кеңшарына қарасты Құлан­басы ауылындағы №1 фер­маға зоотехник болып орналасады.

Студент кезінде Панфи­лов пен Қошмамбет ауыл­дарында құрылыс жа­сақ­тарында еңбек етіп, тұр­ғын үйлер салуға атса­лыс­қан. Торғай даласында механикалық жасақ құрамын­да жүріп, комбайн жүр­гізуді де меңгереді. Ке­ңес­тік дәуір талабына сай, қызметтік өсу үшін партияға өту маңызды. Іскерлігі мен жауапкершілігін байқаған партия ұйымы оны кеңшар комсомол комитетінің хатшысы етіп тағайындайды. Бұл қызметте жүріп ауыл көлемінде мәдени, спорттық шараларды ұйымдастырып, мерекелердің мазмұнды өтуіне ықпал етті.

– Әкем Алтынбай Сәт­баев 1900 жылы осы өңірдегі Ұрпақбай қонысында дү­ние­ге келген. Социализм дәуірінің талай кезеңін бас­тан өткеріп, 84 жасқа келіп өмірден озған. Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен жан. 1942 жылы Отан қорғауға аттанып, Волхов майданында шайқасады. Кейін Ленинград қорғанысына қатысып, соғысты Берлинде жеңіс сәтімен аяқтайды. Елге аман оралған соң, ауыр соғыстың зардабынан ең­сесі түскен ауылды қайта түлетуге күш салады. Ақ­күшік Асановпен бірге Шелек өңірін аралап, елге оралмаған ауылдастарын жинап, Бақбақты ауылының қайтадан көркеюіне себепші болды, – дейді қазыналы қария.

Сол ауылдағы саябаққа Жеңістің 80 жылдығына орай Алтынбай Сәтбаевтың есі­мі берілді. Бұл бастама көпшіліктің қолдауына ие болып, бүгінде «Алтынбай Сәтбаев саябағы» ауыл тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған.

Жас маман ретінде аудан­дық партия комитеті­нің, шаруашылық басшы­лары­­ның назарынан тыс қал­мады. Оның іскерлігі, ұйым­дастырушылық қа­білеті мен ұжым арасындағы бе­де­лі жоғары бағаланады. Нә­тижесінде, аудандық пар­тия комитетінің шеші­мі­мен асыл тұқымды қой шаруашылығының негізгі ор­талығы саналатын Құлан­ба­сы ауылындағы №1 фер­маға меңгеруші болып та­ғайындалады.

Бір айта кетерлігі, «Ба­қанас» қой кеңшары аудан көлеміндегі асыл тұ­қым­ды мал өсіруге маман­данған бірегей шаруа­шылық болған. Респуб­ли­ка­лық деңгейдегі зауыт­тар тресіне қарайтын, Алма­ты зоотехникалық-мал­дәрі­герлік институтының ғалымдары тұрақты түр­де ғылыми бақылау жасап, зерттеу жүргізіп отыр­ған нысанның бірі. Мұн­да өсірілген «Дегерес» тұқымды қойлар Грузия, Моңғолия, өзге де елдерге экспортталып, шетелдік шаруашылықтардың да­муы­на үлес қосты. Мәскеу­дегі ауыл ша­руашылығы көр­месінде бұл тұқым жыл сайын алтын медаль алып, кеңес одағы деңгейінде танылды. Осының барлығын-да Сапарғали ақсақалдың үлесі бар.

1965 жыл Балқаш өңі­рінде жаңа кезең басталған уа­қыт болды. Сол жылы ор­талық партия комитетінің шешімімен Ақдала массивін игеру ісі қолға алынып, аудан аумағында он жаңа күріш шаруашылығын құру міндеті қойылды. Осы­ мақ­сатта Бақанас кең­шары­ның Іле өзені бойын­дағы шұрайлы жайылымдары мен шабындық жерлері, сон­дай-ақ құдықтары жаңа күріш совхоздарының ен­ші­сіне берілді. Нәтижесінде, Бақанас кеңшарының тынысы тарылып, Құланбасы жотасы мен Жуанқұм өңірінің оңтүстік-шығыс бөлігіне қарай ығысуға тура келді. Бұрын жазғы жайлау мен қысқы қыстаудың арасы алыс болса, енді небәрі он шақырым шамасында ғана қалды.

– Жайылым мен ша­бын­­­дықтың тарылуы­ мал азы­ғын дайындау­да қиын­дық туғызды. Ма­мыр айы туа салысымен ұжым Құланбасы мен Ма­лай­сары жоталарының раң шөбін шауып, қысқа қа­жет­ті мал азығын жинауға кірісетін. Жетпей қалған шөпті көршілес күріш ша­руашылықтарының аума­ғы­нан дайындауға тура кел­ді. 3 600 гектар алқапқа арпа егілді. Фермадағы 26 мың қой қысы-жазы суды авто­цистернамен тасып ішуге мәжбүр болды. Бұл бүкіл шаруашылықтың негізгі ауыртпалығы еді, өйткені жалпы өнімнің 70%-ы осы фермадан өн­дірілетін. Осындай қиын, шешімі күрделі жағдайда ұжымды басқару үлкен жауапкершілік болатын. Қойды қолдан ұрық­тан­дыру, төл алу, жертө­ле­лер тұрғызу, қырқу мен қозы бөлу сынды науқандық жұ­мыстардың бәрі ферма меңгерушісінің иығына артылды, – дейді қария сол заманды еске түсіріп.

Фермада қой қырқу, қозы алу, бордақылау, етке өткізу жоспарлары ар­тығымен орындалады. «Дегерес» асыл тұқымды қой­ларының сапасы бүкіл­одақ деңгейінде танылып, нәтижесінде, Сапарғали Алтынбайұлына «Кеңестік социалистік ауыл шаруа­шы­лығының үздігі» атағы беріледі.

– Мен де Алматы зоотех­никалық-малдәрігерлік инс­титутының зооинженер­ факультетін тәмамдап, ең­бек жолымды 1979 жылы осы фермада бастадым. Он екі комсомол жастан құралған «Арай» жастар қой бордақылау кешенінің жетекшісі болып, 4 мың  ісек қойды бордақылап, көктемде әрқайсысынан орта есеппен 51 келіден ет өткіздік. Сол кезең менің нағыз өмір мектебім болды. Алғашында кіші зоотехник, кейін аға зоотехник ретінде Сапекеңнің тікелей басшылығымен үш жыл еңбек етіп, тәжірибе мен тəрбие тұрғысынан көп тәлім алдым, – дейді қоғам қайраткері Тынышбай Досымбеков.

1987 жылы аудандық партия комитетінің шешімі­мен «Қарой» кеңшарының бас зоотехнигі болып та­ғайындалады. Бұл кеңшар Іле өзенінің бойындағы, «Санта-Гертруда», қазақтың ақбас, қалмақ тұқымды ірі қарасын өсіретін, сонымен қатар қой шаруашы­лығымен де айналысатын іргелі ұжым еді. Бас зоотехник қызметін атқара жүріп, еңбеккерлердің зор се­німіне ие болады. Кеңшар жұмысшылары оны бір­ауыз­дан шаруашылық ұжы­­мы­ның төрағасы етіп сай­лайды. Мұнда да өзіне тән іскерлік пен адамгер­шілік қасиеттерінің арқа­сында ұжым абыройын ас­қақтатты.

1990 жылы «Бақбақты» кеңшарына бас зоотехник болып ауысып, ірі қара малын бордақылау кешенін іске қосып, мемлекетке сапалы ет жеткізу ісін жол­ға қойды. Осы жылдары кеңшар экономикасы айтар­лықтай өрлеп, табысы есе­леп артты. Сапарғали Алтын­байұлы қай жерде ең­бек етсе де, ұжымды ұйыс­тырып, елдің сеніміне кіріп, жұрттың үмітін ақтай білді.

Бүгінде жары Ділдаш Кездікбайқызы екеуі ба­қыт­ты ғұмыр кешіп жатыр. Ерлі-зайыптылар үш ұл мен екі қыз тәрбиелеп өсіріп, барлығының бойына ұлағат пен ізеттің дәнін септі. Ұл-қыздары жоғары білім алып, ел дамуына өз салаларында сүбелі үлес қо­сып келеді. Немерелерін де ата­ның ақ жолына, еңбек пен адалдыққа баулып отыр.

Зейнет жасына жеткені­мен белсенді өмір салтынан қол үзген жоқ. «Әке көрген оқ жонар» дегендей, жеке қожалық құрып, жылқы шаруашылығын өркенде-тіп келеді. Атбегілік өнерін шебер меңгерген  Сапарғали Алтынбайұлының сәй­гүліктері талай аламан бәй­гелерде топ жарып жүр.

Жетісу облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары