Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Тері илегендер зар илемесін!

Тері илегендер зар илемесін!

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Семей десе, алдымен ойға оралатыны – Алаш тарихы мен әдебиет алыптары. Әйткенмен, бұл жердің руханияты қалай өркендесе, индустриясы да солай қарыштаған еді. Цемент зауыты, ет комбинаты, тері өңдеу өнеркәсібі ерте дамыды. Ал қоғам нарыққа кіргелі бұл өндіріс орындарының да шаруасы шатқаяқтады. Халқымыздың атакәсібі, күнкөрісі, тұрмыс-тіршілігі малмен тығыз байланысты болған соң әр қазақ баласы тері өңдеудің қыр-сырын жете білген.

Доқабадан дермантинге дейін...

Жазушы Мұхтар Мағауин «Шыңғыс хан» романының бірінші томында Найман руының ішіндегі Көншілер табы тері өңдеуде әйгілі болғанын, сондықтан рудың аты Көншілер (тері өңдеудің шеберлері) атанғанын жазады. Сол Көншілер күні бүгін осы өңірде жасап келеді. «Семейдегі тері өңдеу өнеркәсібі қай кезден басталған?» деп сұрасақ, «Патша заманынан басталған» дейді. Шын мәнінде, мұның есте жоқ ескі заманнан бері қалыптасқан өнер екенін ұмытып та барамыз.

«Ескi тарихта, алғашқы кемелердiң желкенi терiден болыпты, тiптi десеңiз, арнайы өңделген терiмен қайықтарды қап­тай­ды екен. Қысқасы, байырғы тұрмыста, от үрлейтiн көрiктен бастап, кiтаптың қымбат сақтиян мұқабасына дейiнгi аралықта терi­нiң қолданылмаған жерi жоқ. Бiрақ терi мен доқабаның ең көп қолданылған жерi, әлбетте, соғыс. Ертоқым, ат әбзелiн былай қойғанда, ертедегi ұрыс-соғыс кезiнде жауынгерлер үстiне темiр қамар жапсырылған ауыр былғары сауыт киетiн болған, қолдарына терiмен қапталған қалқан ұстаған. Кейiннен терi өңдеу жетiлiп, садақтың оғы, найзаның сүңгiсi өтпейтiн, қылыш шаппайтын «құяқ» деп аталатын өте жеңiл сауыт жасалған», деп жазады ұстазымыз, жазушы Таласбек Әсемқұлов.

Жазушының «Боз бетеге, сұр соқпақ...» деген бұл мақаласында мұнай, балық, тері-доқаба саудасынан басталған Батыс өркениетінің қатыгездігі және 1931–1933 жылдардағы қазақ даласында болған ашаршылық трагедиясы параллель беріледі. Тері өңдеу өнеркәсібі адамзат өркениетінде бір кездері әлемдік геосаясаттың өзегіне айналғаны айтылады. Еуропа мен Азия арасындағы сауда жолдарында тері ең өтімді шикізат ретінде жүрген. Әйгілі отарлық экспансияларда да теріге сұраныс стратегиялық маңызға ие болыпты. Осының арқасында Еуропадағы экономикалық дамудың қозғаушы күші – жеңіл өнеркәсіп қалыптасты. Сондықтан тері өңдеу тек қолөнер не шаруашылық емес, тұтас бір дәуірдің саяси, әскери және экономикалық тепе-теңдігі мен ықпалды фактор болғаны жазылған.

Бүгінде былғарының керек емес жері жоқ. Табиғи теріге сұраныс та бар. Бірақ елде сұраныс сезілмейтін себебі – өндірістің аздығы. Біз «табиғи тері» деген сөзді бекер қолданып отырған жоқпыз. Өйткені дамыған елдерде табиғи терінің орнын бірнеше балама материалдар басып келеді. Соның бірі –  өнеркәсіпте кеңінен қолданы­лып жүрген жасанды тері, мұнай қалдықтарынан жасалатын дермантин. Кейінгі жылдары сән индустрия­сында вегантері ұғымы қалыптасты: өсімдік тектес шикізаттардан – ананас жапырағы, кактус, саңырауқұлақ мицелийі немесе алма қабығынан жасалады. Болашақтың материалы саналатын биотері болса – зертханада жасушалық жасанды жолмен өсірілетін жаңа өнім.

Ал бізде кәдемізге молынан жарайтын шикізат көздері қоқыс полигондарының шұңқырын толтырып жатыр. Ветеринария ғылымы далада шашылып жатқан терінің залалды екенін (өртелсе де), оның уы ауаға жайылып түрлі ауру тарататынын айтып-ақ келеді. Тіпті сойылған малдың сүмесінен басқа, терісі, жүні бәрі кәдеге жарап, өндіріс материалына айналуы – қоғамға пайдалы екенін ұғуға көп ақыл керек жоқ, бұл бәріне түсінікті жайт.

Сала салақсуды көтермейді

Ауыл шаруашылығы министрлі­гінің дерегінше, елде тері өңдейтін 9 кәсіпорын бар. Жылына 3,5 млн ірі қара малдан тері алынады, соның 17%-ы ғана өңделеді. Өңдеуші кәсіпорындардың қуаты 3 млн ірі қара мал терісін өңдеуге ғана жетеді.

– Қазір әлем былғары бұйымдарын мұнайдан артық бағалайды. АҚШ, Қытай, Италия, Түркия, Моңғолия сияқты мемлекеттер бұл салада мил­лиард­таған доллар пайда көреді. Түркия әлемдегі шикі тері импортының 30%-ға жуығын бір өзі иемденіп отыр. 3,3 млн халқы бар Моңғолияда заманауи 34 былғары зауыты жұмыс істеп тұр, – дейді Тері өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Нұрман Нүптекеев.

Біздегі былғары кәсібінің ақсап тұруы­ның тағы бір себебі – тері өңдеу сала­сына мем­ле­кет­тен субси­дия бө­лін­беуінен дей­тіндер де бар. Өйткені тері өңдеуге қажетті құ­рал-жабдықтың дені импортқа тиесілі, бұ­ған қоса заманауи тех­нологияның құны едәуір қымбат. Жар­тылай фабрикаттарды өндіру технология­сында қолданатын шикізат пен қа­жетті химиялық реагенттердің өзі шетел­­ден алынады. Мал терісі­нің шикізат түрінде «көлеңкелі арна» ар­­қылы шетел асып жатқаны да айтылып жүр.

Өңделген терінің үш сорты бар. 30-35% өңделген көк тері «Wet blue» деңгейіне жатады; 70% өңделген тері – «Crast» болса, «Finish» деңгейіндегі былғары ғана жоғарғы сапа болып саналады. Әлемдік нарықта қаны жерге тамбай тұрған Италияның «Kelton» аяқкиім бренді осы «Finish» деңгейінде өңделген былғарыдан тігіледі. Соған қарағанда, біздің елден шыққан терінің өзі шетелде тиынға бағаланады.

Семей тері өңдеу зауытының ахуалы

«Семей тері-механикалық комбинаты» ЖШС директоры болған Жұмағазы Рахымғалиевтің айтуынша, кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін отандық тері өңдеу кәсіпорындарының жұмысы тоқырап қалды.

– Семейдегі тері илеу саласының 140 жылдық тарихы бар. Кезінде Мусин, Морозов деген тері илеу зауыттары болған. Ал біз ең үлкен модернизацияны 2011 жылы жасадық, бірақ көлденең кедергілер туындап, кәсіп тарап тынды. Орта есеппен күніне 2 000 қойдың, 1 000 сиырдың терісін иледік. Орталық Азияда жоқ технологиялық жабдықтарды алып келдік. Тіпті Италияға өнім экспорт­тадық. Бір күнде бір контейнер өңделген тері тиейтін едік. Қазір сиыр терісін илейтін жабдық қалды, қой терісін өңдей­тін ештеңе жоқ, бәрі Өзбекстанға кетті. Мен бар кезде зауытта 1 200 қыз­мет­кер жұмыс істеді. Сол кездегі статис­тика мен қазіргі жағдай жер мен көктей», дейді ол.

1983 жылы Семейде иленген теріден тігілген аяқкиім күллі одақты түгел қамтып тұрыпты. Одақ ыдыраған соң зауыт жекеменшікке өтіп, 1998 жылы «Семей тері-механикалық комбинаты» ЖШС ретінде құрылады. Өндірістік қуаты артпаған кәсіпорын 2000 жылға қарай тұралап қалған. 2008 жылы зауытты жаңғырту мақсатында құны 25 млн доллар тұратын реконструкция және модернизация жобасы бас­талып, оған Қазақстан Даму банкі қолдау көрсеткен. 2011 жылы комбинат қайта іске қосылады. Алайда Қазақстан Даму банкінің қаржыны уақтылы аудар­мауы салдарынан зауыт жыл өтпей-ақ қаржылық қиындыққа тап болады. 2010 жылы банк зауыт­ты «Қазақстан инвестициялық» қорына проблемалы кредит ретінде өткізіпті. Соған қарамастан, комбинат әупірімдеп жұмысшыларын сақтап, жұмысын тоқтатпаған. Бірақ 2019 жылы өнеркәсіп банкротқа ұшырап, қордың балансына өткен. Ондаған жыл дау-дамайдан көз ашпаған зауыттың сол кездегі жағдайы әлі де жұмбақ.

Өңірдегі тері өңдеу өнеркәсібінің қазіргі ахуалы туралы Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасына сұрау салдық. Басқарма басшы­сының орынбасары Мирас Тоқтар­хановтың жазбаша жауабына қарасақ, 2024 жылы ірі қара мал терісі 237,4 мың дана, ұсақ мал терісі 464,8 мың дана алынған.

«Биыл 8 ай қорытындысында ірі қара мал терісі 148,5 мың дана, ұсақ мал терісі 318,5 мың дана алынды. Абай облысы бойынша теріні қайта өңдеу саласында Семей қаласында ақуызды өндіруге арналған инвестициялық жобаны «Eastern Protein» ЖШС (Омаров А.Б.) кәсіпорны іске асыруды жоспарлап отыр. Қуаттылығы – жылына
250 мың дана. Жобаның құны – 600,0 млн теңге. Іске асыру мерзімі – 2027 жыл. 2025–2026 жылдары – тері жинау бо­йынша 8 дайындау орталығын ашу (қазіргі саны – 3-еу), жүн жинау бойынша 4 сервистік дайындау орталығын ашу (қазіргі саны – 2-еу) жоспарланып отыр», делінген жауапта.

Басқарма берген бұл жауапқа тұшына алмадық. Бұдан соң «ST Invest Group» ЖШС директоры Нұрбол Жұмабайұлымен тері өңдеу зауытының қазіргі ахуалы жөнінде сөйлестік.

– Былғарыға жарайтын сапалы тері Шымкенттен ғана келеді. Өңірдегі терінің көбі жарамсыз – уақтылы вакцина егілмейді, дұрыс сойылмайды. «Желатин», «белок» ретінде Ресейге жібереміз. Біздің зауыт бір айда 1 000 тонна тері өңдеуге қауқарлы. Алайда соның жартысын істеп отырмыз. Кредит сұрағанбыз, ол да болмады, – дейді.

Оның сөзінше, терінің экспорттық баж салығы (1 тоннаға – 200 еуро) да мәселені шешпейді.

– Зауытта кеңес заманында үш мыңдай адам жұмыс істеген. Кейін кредит алған... Италиялық техникалар бар, сапасы жақсы. Бірақ ескіріп барады. Сонда да ілдебайлап істейміз. Қазір 30-40 адам еңбек етеді. Бұл саланы дамыту үшін дайын өнім шығаруға дейінгі мәселе шешілуі керек. Онсыз қиын. Осы туралы инвесторлармен сөйлесіп жатырмыз, – дейді Н.Жұмабайұлы.

Семейдегі тері өңдейтін тағы бір кәсіпорын – «Semey Tannery» ЖШС. Араға жылдар салып 2020 жылы қайта құрылған бұл компания туралы деректер аз. Тек зауыттың ашылғаны туралы ғана ақпар кездестірдік...

Түйін

Кеше тері илеп, былғарыдан тон тігіп, саптама етік киген қазақ бүгінде былғарыны түстеп тани алмайтын күйге түсті. Тері өндірісі жүйелі жолға қойылмағандықтан ауылдағылар оны қоқысқа лақтыруға мәжбүр. Себебі бұрынғыдай теріні қабылдау орындары жоқ. Содан тері саудасы тоқтап, ауылдағы ағайын қосымша табыс көзінен айырылып отыр. Сондықтан бүгінде тоқырап тұрған тері өндірісі облыс басшылығының да назарына іліксе деген тілек бар. Тері илегендер зар илемесін дейміз. Өйткені өңірде тері өндірісін қайта түлету – жеңіл өнеркәсіпті жаңғыртудың маңызды саласы екені рас. Семейдегі комбинаттар тарихы мен бүгінгі ахуалы соны дәлелдейді.

Қала маңындағы Шақаман ауылында салынып жатқан жаңа ет комбинаты – осы бағыттағы үлкен мүмкіндік. Бұл өз кезегінде өңірдегі былғары зауытының қайта жандануына серпін берері сөзсіз.

Абай облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары