Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жасанды интеллектіден ақыл сұрайтындар көбейді: Сіз қандай кеңесіне құлақ түрдіңіз?

Жасанды интеллектіден ақыл сұрайтындар көбейді: Сіз қандай кеңесіне құлақ түрдіңіз?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: Еgemen.kz / ChatGPT

ChatGPT-ден өмірлік ақыл-кеңес сұрайтындар туралы нақты статистика жоқ. Сондықтан OpenAI олардың нақты үлесін жарияламайды. Белгілісі, пайдаланушылар көбіне оқу мен білім алуға, мәтін жазуға, аударма жасауға, бағдарламалауға, жұмыс пен бизнеске қатысты сауалдар жолдайды.

Қазір бұл бағдарламаға денсаулығындағы кінәратты айтып, сырқатына ем іздейтіндер де көбейген. Дәрігерлердің айтуынша, пациенттердің сырқаты аса қауіпті болмаса да, ChatGPT-дің кеңесінен кейін психологиялық тұрғыда ауырып қалатындар да кездеседі.

«Қазіргі уақытта заман талабына сай интернет желісімен қатар ChatGPT де жоғары деңгейде жұмыс істеп жатыр. Науқастар дәрігерге келмес бұрын өздеріне диагноз қойып, моральды тұрғыда ауырып келеді, психологиясы сынып қалады. Әр адамда организм әр түрлі, патогенезі және ол аурудың өтуі әр түрлі болады, соған орай ChatGPT-ге сенбеулеріңізді сұраймын. Өзіме сырқаты туралы алдын ала ChatGPT-ден оқып алатын науқастар жиі келеді. ChatGPT оларға бірден «рак» деп диагноз қойып, қажет емес анализдермен зерттеулерге өтуге ұсыныс береді. Сол себепті ChatGPT-ге сене бермеуді сұраймын», деді Қорғалжын аудандық ауруханасының онколог дәрігері Ақжол Балғабаева.

Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді

Ал Астана қаласының тұрғыны Әсел Құранова дәл осы бағдарламаның ақыл-кеңесі арқылы баласының терісіне шыққан жараны жазып алғанын айтады. Оның сөзінше, отбасымен елордаға көшіп келгеннен кейін қызының терісі өзгере бастаған. Жеке клиника дәрігері 10 күнге жақпа май жағуға кеңес берген. Алайда бір аптадан соң дәрі жаққан аумақтың барлығы бөртіп, қызарып, жараның ауызы ылғалданып кеткен.

«Дәрігер ұсынған препараттан соң, терінің түсі өзгерген аумаққа іріңді жара шыға бастады. Біраз уақыттан кейін сол аумақ әр жерден дөңгеленіп, қабыршақтанып кетті. Суретке түсіріп, ChatGPT-ден сұрадым. Жүйе мұның теміреткі екенін айтып, одан құтылудың жолдарын жазды. Ұсынған кремді сатып алып, аздап жағып көрдім, алғашқы күні-ақ терісі тегістеліп, тазарды. Осыдан кейін кейде көмегі тиетініне көзім жетті», дейді Әсел Құранова.

ChatGPT банк шоттарын тексеру функциясын іске қосты

ChatGPT-дің көмегімен көлігін жөндеп алғандар да бар екен. Елордалық Тимур Жанғозы көлігінің дауысы өзгергенін байқаған соң, оны бейнежазбаға түсіріп, бағдарламаға жүктеген.

«Мен ChatGPT туралы мүлде білмейді екенмін. Келіншегім айтқан соң, видео жүктеп, сұрақ қойдым. Кәнігі мотористер секілді көліктің қай жерінде ақау бар екенін айтып берді. Сонда да мамандарға апардым. Бірақ олар да ChatGPT тапқан ақауларды айтып, жөндеп берді», дейді қала тұрғыны.

Еске салайық, былтыр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ChatGPT және өзге де жасанды интеллект платформаларынан шариғи үкім, діни пәтуа немесе дінге қатысты кеңес сұрауға болмайтынын мәлімдеген болатын.

«Жасанды интеллект – пайдалы құрал. Бірақ діни үкім беру – үлкен жауапкершілік. Сондықтан бұл істе білімді пәтуа мамандарына жүгінген дұрыс. Ал жасанды интеллектіні тек көмекші құрал ретінде жалпы мәлімет үшін ғана пайдаланған жөн», деген еді басқарманың шариғат және пәтуа бөлімі.

60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты

Кейін басқармада Imam AI жобасы таныстырылды. Бұл жоба діни сұрақтарға жедел жауап беруге негізделген интеллектуалды жүйе.

«Аталған жоба заманауи технологияларды қолдану арқылы жамағатқа жедел әрі сапалы ақпарат ұсынуды, сұрақтарға жедел жауап беру жүйесін қалыптастыруды көздейді», делінген хабарламада.

Елімізде 200 мың педагог ChatGPT Edu-ді пайдаланатын болады

Психолог Анаргүл Ибрайымбекова жасанды интеллект психологиялық кеңес берудің негізін алмастыра алмайтынын, бірақ пайдалы ресурс ретінде қызмет ете алатынын айтады.

«Жасанды интеллект психологиялық сауаттылықты арттыру, белгілі бір күйзеліс, мазасыздық немесе эмоцияның теориялық анықтамасын түсінуге көмектеседі. Мәселен, күйзеліс пен ұйқысыздықтың себебі мен салдарын түсіндіреді. Жаттығулар мен әдістемелерді үйрену, тыныс алу техникасын, когнитивті-мінез-құлықтық терапияның қарапайым тапсырмаларын, күнделік жүргізу немесе медитация түрлерін ұсына алады. Ми шабуылы, тығырықтан шығудың күнделікті қарапайым жолдарын немесе стрессті жеңілдететін қысқаша кеңестерді жылдам береді», дейді ол. 

Флорида тұрғыны ChatGPT-дің көмегімен үйін 5 күнде сатқан

Қандай жағдай болмасын, жауапты шешім қабылдағанда тек ChatGPT-дің көмегіне жүгінбей, әр саланың мамандарынан кеңес алу қажет. Қазақта «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген нақыл бар, яғни әр істі өз кәсібінің иесі атқарғаны жөн. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Маусым 2026 13:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары