Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Ертеңгі маманның бүгінгі қадамы

Ертеңгі маманның бүгінгі қадамы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Себебі еңбекке құрмет қалыптасқан қоғам ғана тұрақты дамуға қабілетті. Осы ұстаным аясында елімізде жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған құқықтық тетіктер де жетілдірілуде. Соның бірі – кәмелет жасына толған жасөспірімдердің жазғы демалыс кезінде ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуына мүмкіндік беретін еңбек заңнамасы. Бұл бастама, ең алдымен, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды ғана емес, олардың еңбек нарығымен ерте танысып, кәсіби жауапкершілікті сезінуіне жол ашады.

Алғашқы еңбек тәжірибесі – өмірлік мектеп

Жас адамның еңбек жолын­дағы алғашқы қадамы оның бо­ла­шақ мамандық таңдауы мен өмір­лік көзқарасының қалып­тасуы­на тікелей ықпал етеді. Ал­ғашқы жұмыс орнында ол ұжым­мен жұмыс істеуді, тәртіп сақтау­ды, уақытты бағалауды және өз ең­бегі арқылы табыс табудың қа­дірін үйренеді. Сондықтан көп­теген дамыған елде мектеп жа­сын­дағы жастардың маусымдық жұ­мыстарға қатысуы қалыпты тә­жірибеге айналған. Қазақстан да осы бағыттағы жұмыстарды ке­зең-кезеңімен жетілдіріп ке­ле­ді. Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрінің №476 бұй­рығына сәйкес, 16 жасқа тол­­­­ған азаматтар жазғы демалыс ке­зеңінде ақылы қоғамдық жұ­мыс­тарға қатыса алады. Мұндай жұмыстар олардың денсаулығына зиян келтірмейтін, қауіпсіз әрі еңбек заңнамасының барлық та­ла­бына сай ұйымдастырылуға тиіс. Бұл әлеуметтік қолдау ғана емес, еңбек мәдениетін қалып­тас­тырудың тиімді құралы.

Сапаға басымдық берілуде

Шымкент қаласында жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту жүйе­лі түрде жүзеге асырылып ке­леді. Биыл жазғы маусымда қа­лалық Еңбек мобильділігі ор­талығына 161 мекемеден 661 бос жұмыс орны ұсынылған. Алайда барлық ұсыныс бірдей қабыл­дан­ған жоқ. Қалалық жұмыспен қам­ту және әлеуметтік қорғау бас­­қармасы әр жұмыс берушінің ең­бек заңнамасын сақтау дең­гейін, салықтық міндеттемелерін орындауын, әлеуметтік кепіл­дік­тер беруін және еңбек қауіп­сіз­ді­гін қамтамасыз ету мүмкіндігін мұ­қият зерделеген. Нәтижесінде, талаптарға толық сәйкес келген 47 ұйымнан 192 жұмыс орны ғана іріктелді.

Бүгінде аудандық мансап ор­талықтары арқылы 156 жасөс­пі­рім қоғамдық жұмыстарға жолданып, еңбек етуде. Оның ішінде 129-ы – студент, ал 27-сі – жо­ғары сынып оқушысы. Олар не­гі­­­зінен мемлекеттік мекемелерде, жо­ғары оқу орындарында және қо­ғамдық ұйымдарда еңбек тә­жірибесін жинақтап жүр. Бұл көр­сеткіштер сан қуалаудан гөрі са­палы әрі қауіпсіз жұмыс орын­да­рын таңдауға басымдық беріл­генін аңғартады.

Заң бәрінен жоғары

Кәмелетке толмаған аза­мат­тар­ды еңбекке тарту барысында олардың құқықтары мен қауіп­сіз­дігі басты орында тұрады. Осыған бай­ланысты заңнамада арнайы та­лаптар белгіленген. Шымкент қа­лалық Полиция департамен­ті­нің мәлімдеуінше, 16 жасқа тол­ған жасөспірім еңбек шартын өз бетінше жасай алады. Дегенмен олардың еңбегі ересектермен бір­дей талаптар бойынша ұйым­дас­тырылмайды. Мәселен, 16-18 жас аралығындағы қызметкерлердің апталық жұмыс уақыты 36 сағат­тан аспайды. Егер олар білім алу­­­мен қатар жұмыс істейтін бол­са, бұл уақыт одан әрі қыс­қар­ты­ла­ды. Сонымен бірге заң бойынша оларды түнгі уақытта жұмысқа тар­туға, үстеме жұмысқа қалды­ру­ға, мереке немесе демалыс күн­дері еңбек еткізуге, іссапарға жі­беруге тыйым салынған. Бұл та­лаптардың барлығы жасөс­пірім­дердің денсаулығын сақтау мен оқу процесіне кедергі келтір­меуді көздейді.

Жасөспірімдер ауыр дене ең­бе­гіне, қауіпті өндірістерге, хи­мия­лық заттармен байланысты жұ­мыстарға, биіктіктегі еңбекке не­месе денсаулыққа қауіп төн­ді­ретін қызмет түрлеріне жібе­ріл­мей­ді. Егер олар абаттандыру не­­месе көгалдандыру жұ­мыс­та­ры­на қатысса, арнайы жарық ша­­­­­ғылыстыратын киіммен қам­та­масыз етіліп, міндетті түрде жауап­ты мамандардың бақы­лауын­да болуға тиіс. Мұндай та­лап­тар халықаралық еңбек стандарттарына да толық сәйкес ке­ле­ді.

Сонымен қатар мамандардың ай­туынша, жаз мезгілінде жасөс­пі­рімдердің құқықтарының бұ­зылуы көбіне бейресми жұмысқа орналасу кезінде кездеседі. Ауызша келісім арқылы еңбек ету жа­лақының төленбеуіне, еңбек шар­тының болмауына, әлеу­мет­тік кепілдіктерден айырылуға не­месе заңсыз еңбек пайдалануға алып келуі мүмкін. Сондықтан әр­бір жас азамат жұмысқа орна­лас­қан кезде міндетті түрде еңбек шартын талап етуі қажет. Егер жұ­мыс беруші заң талаптарын бұ­зып, жасөспірімді түнгі уақытта жұ­мысқа тартса, қауіпті еңбекке мәж­бүрлесе немесе жалақысын тө­лемесе, бұл туралы еңбек инс­пек­циясына немесе құқық қорғау ор­гандарына дереу хабарлау қа­жет.

Жұмыс беруші жауап береді

Қазақстан заңнамасы кәме­лет­ке толмағандардың еңбек құ­қық­тарын қорғауға ерекше мән береді. Еңбек шартынсыз жұмыс­қа қабылдау, жұмыс уақытын заң­сыз ұзарту немесе еңбек қауіп­сіздігі талаптарын бұзу жағ­дай­ларында жұмыс берушілерге әкім­шілік жауапкершілік көз­дел­ген. Ал мұндай заңбұзушылық са­л­дарынан жасөспірімнің ден­сау­лығына зиян келсе немесе өмі­ріне қауіп төнсе, қылмыстық жауапкершілікке дейінгі шаралар қолданылады. Бұл талаптардың сақ­талуын еңбек инспекциясы, полиция және прокуратура органдары бірлесіп бақылайды. Қазіргі еңбек нарығы жас мамандардан кәсіби білімді ғана емес, жауапкершілік, тәртіп, коммуникация және ұжымда жұмыс істей білу сияқты дағдыларды талап ете­ді. Осындай қасиеттердің не­гізі алғашқы еңбек тәжірибесі ба­рысында қалыптасады.

Сондықтан жастарды қоғам­дық жұмыстарға тарту маусымдық жұмыспен қамту ғана емес, олар­дың өмірлік ұстанымын қалып­тастыратын маңызды әлеуметтік институт. Адал еңбекке ерте ара­лас­қан жас ертең өз кәсібін сүйе­тін, қоғам алдындағы жауап­кер­ші­лігін сезінетін, елдің дамуына үлес қосатын азамат болып қа­лып­тасады. 

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Шілде 2026 05:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see130

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары