Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ақнұр Тұрдалиева: Бүгінгі жас ұлан ертеңгі ел тірегі

Ақнұр Тұрдалиева: Бүгінгі жас ұлан ертеңгі ел тірегі

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз», деген еді. Осы орайда жылдар бойы өкше басқан буынды елжандылыққа, жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымға бейімдеп, жүйелі жұмыс жүргізген ұйымның бірі – «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі. 2011 жылдан бері миллиондаған оқушыны басын біріктірген ұйым басшысы Ақнұр Тұрдалиевамен әңгімелесудің сәті түсті. 

– Ақнұр Нұрталапқызы, «Жас ұлан» ұйымының басты миссиясы мен қоғамдағы рөлін ашып айтып берсеңіз.

– «Жас ұлан» ұйымының басты миссиясы – ұлттық болмысы берік, ел тағдырына бейжай қарамайтын, өз әлеуетін ел игілігіне жұмсай алатын ұрпақ тәрбиелеу. Біз үшін бұл тек тәрбие жұмысы ғана емес, бұл – болашаққа салынған инвестиция. Бүгінде қатарда 3 миллионнан астам жасұландық бар. Бұл – еліміздің әр өңіріндегі балалардың ортақ құндылықтар төңірегінде бірігіп отырғанын көрсетеді.

Президент атап өткен «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасындағы жастардың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру идеясы біздің жұмысымызбен толық үндес. Біз балаларды кішкентайынан өз елінің азаматы ретінде сезінуге баулимыз. «Жас ұлан» – баланың өзін табуына, әлеуетін ашуына, арманына сенуіне мүмкіндік беретін орта.

– Ұйым «Балалар үшін емес, балалармен бірге» қағидатын басшылыққа алады. Бұл ұстаным іс жүзінде қалай жүзеге асады?

– Бұл қағидат – «Жас ұланның» рухани өзегі. Біз балаларды тек бақылаушы немесе тыңдаушы емес, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қабылдаймыз. Әр баланың ойы, ұсынысы, бастамасы біз үшін маңызды. Сондықтан ұйым қызметінде балалардың даусы естілуге тиіс.

Мысалы, кейінгі жылдары жүзеге асқан «Fenomen Jas» жобасы тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен жас қазақстандықтарды насихаттап, жасөспірімдерге шабыт берді. Ал қаржылық және цифрлық сауаттылыққа арналған «Zerdeli» үстел ойыны – астаналық балалардың өз идеясы. Мұндай жобалар арқылы балалар тек қатысушы емес, бастамашы ретінде қалыптасады. Бұл – демократиялық мәдениеттің, еркін ойлаудың нақты көрінісі.

Ұйымның жеті бағыты – тәуелсіз елдің негізгі құндылықтарын баланың бойына жүйелі түрде сіңірудің нақты тетігі. «Отан» бағыты патриоттық тәрбиеге бағытталса, «Зерде» интеллектуалды дамуға жол ашады. «Руханият» ұлттық мәдениет пен рухани мұраны дәріптейді, ал «Экоәлем» табиғатқа жауапкершілікпен қарауды үйретеді. «Жетіжарғы» бағыты арқылы балалар құқықтық және азаматтық сауатын арттырады, «Салауат» дені сау өмір салтын насихаттайды, ал «Еңбек» бағыты еріктілікке, кәсіпкерлікке және кәсіби бағдарға үндейді, негіздейді. Түпкі мақсат – ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын, саналы азамат тәрбиелеу.

– Балалар арасындағы буллинг секілді мәселелерді шешу бағытында қандай жұмыс жүргізіліп жатыр?

– Біз үшін әр бала – маңызды тұлға. Кейде мектепте өз ортасын таба алмай, буллингке ұшыраған немесе өмірге сенімі төмендеген балалар «Жас ұлан» арқылы жаңа тыныс табады. Ұйым олар үшін қауіпсіз, өзара түсіністікке толы орта бола алады.

Күні бүгінге дейін ұйым қатарына қосылған әр бала еріктілікке араласып, достар тауып, өз құндылығын қайта сезіне бастады. Бұл – ең үлкен жетістігіміз дер едім. Себебі жасөспірімнің санасына селкеу түсірмей, бойындағы жарықты ояту – кез келген марапаттан биік. Біздің кредо – мейірім мен қамқорлық.  Ал бұл құндылық елдің қоғамдық жүйесін нығайтатын тетік.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Тұрақты даму мақсаттары аясындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялауына байланысты, волонтерлік қызмет пен халықаралық тәжірибе алмасуда «Жас ұлан» ұйымы қандай рөл атқарады?

– Негізі волонтерлік – жұмысымыздың маңызды бағыты. Астаналық JasUlanTeam волонтерлер штабы ірі спорттық және мәдени іс-шараларға тұрақты түрде қатысады. Олар «Барыс» хоккей клубының матчтарында, халықаралық форумдар мен фестивальдерде белсенділік танытып келеді. Сонымен қатар зейнет жасындағы азаматтарға арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосып жатырмыз.

Ал халықаралық деңгейде біз балалар мен тәлімгерлердің көкжиегін кеңейтуге мән береміз. Жасұландықтар Орталық Азия, Түркия, Әзербайжан және ТМД елдеріндегі форумдар мен білім беру лагерьлеріне қатысып, тәжірибе алмасып жүр. Бұл – тек білім алу емес, елдер арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайтудың да маңызды жолы.

Бүгінгі жас ұлан – ертеңгі ел тірегі. Біз Тәуелсіз Қазақстанның ертеңін сенімді қолда қалдыру үшін еңбек етеміз. Балалардың бойындағы ерік-жігер, ізденіс пен шығармашылықты дамыта отырып, мемлекеттің дамуына серпін беретін ұрпақ тәрбиелейміз. «Адал азамат» қағидаты біздің басты құндылығымыз бен мақсатымыз. Әр жас ұланды адал ойлы, әділ мінезді, мейірімді де жауапкершілікті тұлға ретінде қалыптастыруға ұмтыламыз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен –

Зейін ЕРҒАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

«Халық бухгалтері» акциясы 5 қаңтарда басталады

Қоғам • Бүгін, 13:56

Теңгелік депозиттер бойынша пайыз өсті: салымшылар нені ескеру керек?

Экономика • Бүгін, 13:35

2026 жылы кімдер көп табыс табады?

Қоғам • Бүгін, 12:50

Әлеуметтік желіде ең белсенді спортшы кім?

Спорт • Бүгін, 12:46

Ақтөбеде 42 млрд теңгеге сусын зауыты салынады

Экономика • Бүгін, 12:32

Ұлттық зерттеу: Салауатты өмір салтын ұстанатындардың көрсеткіші 35,7%-ға өсті

Қоғам • Бүгін, 12:13

Нидерландыда отшашуға тыйым салынады

Әлем • Бүгін, 12:10

ҚазҰУ-да 5 жаңа жатақхананың құрылысы басталды

Қоғам • Бүгін, 12:08

Алматыда археологиялық көрме ашылды

Руханият • Бүгін, 11:59

2025 жылы Google-дан ең көп ізделген сұрақтар қандай?

Технология • Бүгін, 11:42

Алматыға кіру ақылы бола ма?

Аймақтар • Бүгін, 11:34

Бестеректегі төрт баланың өліміне себепкер болған жүргізуші 9 жылға сотталды

Оқиға • Бүгін, 11:30

Балуандардың әлемдік рейтингі жаңартылды

Спорт • Бүгін, 11:28

Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі жұмысын бастады

Қоғам • Бүгін, 11:27

Ірі қара мал етін экспорттауға квота енгізіледі

Қоғам • Бүгін, 11:22

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 15:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары