Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Сарапшылар жасанды интеллект болашағын болжап көрді

Сарапшылар жасанды интеллект болашағын болжап көрді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Адам баласы алда не боларын қиял-ғажайып әңгімелер арқылы біледі. Өйткені қазір ертегі шындыққа айналып келеді. Көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін жасанды интеллект бала оқытады, үй шаруасын атқарады, тіпті шала тілшіге репортаж, дәлдүргіш ақынға өлең жазып береді деп кім ойлаған? Бірақ уақыт өтті, технология дамыды. Енді алдағы өмірімізді қандай өзгеріс күтіп тұр?

2050 жылға қарай медицина да, технология да бүгінгі түсінігімізден мүлде өзгеше болады. Жасанды интеллект дәрігердің негізгі серігіне, ал шаңырағымыздың әр бұрышы денсаулыққа жауапты смарт-кеңістікке айналуы мүмкін. Сарапшылар тіпті таңғаларлық болжамдар жасап отыр. Мәселен, болашақта тоңазытқыштағы сенсорлар дәрумен жетіспеушілігін анықтап береді, автокөлік жүргізушінің жүрек соғысын үздіксіз бақылап отырады, ал жарықтандыру жүйесі стресс деңгейіне қарай автоматты түрде өзгеріп тұрады. Қазірдің өзінде отаны роботтарға жасатып отырған елдер бар. Мамандар: «Бұл тек бастамасы ғана», – дейді.

Александр Чулок, халықаралық сарапшы:

- 2053 жылы жасанды интеллект пен роботтар медицина саласына толық еніп үлгереді. Маңызды шешімдерді адам қабылдайды, әрине. Бірақ сала мамандарының үштен бірі роботқа ота жасауды сеніп тапсыруға дайын. Тіпті қартаю ұғымының өзі өзгереді. Жасанды интеллект көмегімен 80 жаста да адам қартаймайды. 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы да жаңа болжамын жариялады. Ұйым әлемдік экономиканың тұрақтылығына негізінен жасанды интеллектке құйылып жатқан рекордтық инвестициялар әсер етіп отырғанын айтады. Болжам бойынша келесі жылы АҚШ экономикасы 2%-, Қытай 5%, ал Еуроаймақ пен Жапонияның экономикасы 1,3% өседі.

Матиас Корманн, ЭЫДҰ бас хатшысы:

- Халықаралық сауда келісімдері неғұрлым әділ әрі тиімді жұмыс істеу керек.  Ол үшін үкіметтерді барынша табанды еңбек етіп, ынтымақтастықты жалғастыруға шақырамыз. Бұл ашық нарықтардың экономикалық артықшылықтарын және ережеге негізделген жаһандық сауданы барынша сақтауға мүмкіндік береді.

Ал енді тым алысқа бармай, таяп қалған 2030 жылға көз жүгіртсек. Төрт жылдан кейін смартфондар мүлде жоғалуы мүмкін. Олардың орнын көзге көрінбейтін дисплей немесе көзге тағылатын смарт-линзалар басуы ықтимал. Бұл туралы Илон Маск мәлімдеді. Демек ұялы телефондар дәуірі аяқталуы мүмкін, ал жаңа буын жасанды интеллектке негізделген құрылғыларға көшеді. Жасанды интеллекттің бірнеше маңызды салалармен тоғысуы – келешектің басты тренді. Сарапшылардың пайымынша, бұл өзгерістер адам өмірінің сапасын арттырып қана қоймай, адам мүмкіндігінің шекарасын да түбегейлі кеңейтеді. 

Авторы: Нұрбике Жігер

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Желтоқсан 2025 13:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары