Семейде локомотив жеңіл көлікті теміржол бойымен сүйреп кетті
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Жол-көлік оқиғасы бүгін түнгі сағат үште болған. Полиция мәліметінше, Mercedes-Benz тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші Қаржаубайұлы көшесімен келе жатқан. Реттелмейтін теміржол өткелінен өту кезінде ол маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, теміржол жолына шығып кеткен, сол сәтте оны локомотив соққан. Пойыз жеңіл көлікті біршама қашықтыққа дейін сүйреп барған, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Halyqstan телеграм арнасына сілтеме жасап.
-Автокөлік салонында 19 жастағы жолаушы қыз болған. Ол медициналық мекемеде тексерілді, өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жүргізуші медициналық көмекке мұқтаж болмады, - деп атап өтті Абай облыстық Полиция департаментінен.
Жүргізуші теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзып, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Баптың санкциясы көлік құралын басқару құқығынан тоғыз ай мерзімге айыруды қарастырады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 11:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















