Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Шахтинск қаласында 150 жылдық еңбек өтілі бар отбасы тұрады

Шахтинск қаласында 150 жылдық еңбек өтілі бар отбасы тұрады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында көмір өндірісіндегі еңбек өтілі 150 жылдан асып кеткен кеншілер әулеті тұрады.

Бұл құрыштай мықты білек күші мен темірдей төзімді қажет ететін ауыр жұмыс. Сондықтан оған кез келген адам бара бермейді. Ал Сергей Чернобайдың отбасы  кенші қайласын бек ұстап, ауыр еңбекті абыроймен атқарып жүр. Бүгінде өзі, әйелі және екі ұлы  көмір шахтасында жұмыс істейді.

Сергей Чернобай 40 жыл бойы көмір  шахтасында еңбек етіп келеді. Қазір ол конвейер учаскесінің бастығы. Осы жерден қара алтын жер бетіне үздіксіз шығарылады.

Сергей Чернобай, конвейер учаскесінің бастығы:

- Әскерден келген соң шахтаға жұмысқа орналастым. "Шахтинск" кенішіне 1985 жылы монтаждаушы болып келдім. Әкем мен шешем де кеншілер. Олар Ленин атындағы шахтада еңбек етті.

Кеншінің жұбайы Наталья Чернобай да 20 жылдан бері шахтада еңбек етеді. Ол жүк көтергіш техниканың машинисі. 350 метр тереңдіктен көмірді жоғары көтереді.

Наталья Чернобай, жүк көтергіш техниканың машинисі:

- Көмірді жоғарыға тасып, вагондарға тиеп береміз. Бұл техниканы басқару оңай емес. Тетіктерді дер кезінде басып, жүкті уақытылы қабылдауың қажет. Қауіпсіздікті басты орынға қоямыз. 

Чернобай әулетінің көмір өндірісіндегі жалпы еңбек өтілі 150 жылдан асып кеткен. Сергей мен Натльяның екі ұлы да ата-анасының жолын қуған. Қазір үлкені Станислав шахтада тау-кен шебері. 

Станислав Чернобай, тау-кен шебері:

- Мен шахтерлер әулетінен екеніме мақтанамын. Бұл мамандық тек физикалық шыдамдылықты ғана емес, мықты мінезді де талап етеді. Аға буын өкілдерінің сөзін тыңдап, білмегеніңді үйренуің керек. 

Ал Юрий конвейер учаскесінде еңбек етіп жүр. Кенші болу бала күнгі арманым еді, дейді ол. 

Юрий Чернобай, конвейер учаскесі бастығының көмекшісі:

- Әке-шешем осы салада көп жыл адал еңбек етіп келеді. Олар бізді еңбекке баулып, жұмысты адал атқаруға тәрбиеледі. Үлкендер салған сара жолды  бұзбай, жауапкершілікпен жұмыс істеп жүрміз.

Бүгінде Сергей мен Наталья Чернобайдың екі ұлдан алты 6 немересі бар. Олар да кенші мамандығын таңдаса қарсылық білдірмейміз дейді үлкендер. Себебі еңбекті бағалап, жұмысшы қауіпсіздігін жақсартуды, өндіріске цифрлық технологияны енгізуді Мемлекет басшысының өзі тапсырып отыр. Шахтадағы осындай оң өзгерістерді көзімен көріп жүрген еңбек адамдары болашаққа сеніммен қарайды.

Сергей Чернобай, конвейер учаскесінің бастығы:

- Автобустар, өзге де техника жаңартылды. Еңбек қауіпсіздігіне көңіл бөлініп жатыр. Рациялар берілді. Мұның барлығы жұмыс жағдайын, өндіріс қауіпсіздігін жақсартады. 13-жалақыны да берді, бұрын ол мүлде болмаған. Кейінгі жасалған ұжымдық келісім-шартта жұмысшылар мүддесі жақсы ескерілген. Шахтадағы осындай оң өзгерістерді көріп жастар да жұмысқа келіп жатыр. 

Қарағандыдағы 8 көмір шахтасында радиобайланыс және позициялау жүйесі енгізіліп жатыр. Ол шахтада цифрлық «қорғаныс» ретінде жұмыс істейді. Төтенше жағдай туындаған кезде  жүйе көмегімен учаскені тез анықтап, құтқару қызметін жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кеніштерде жүк көтергіш машиналар да автоматты жүйемен жабдықталады. Бұл-жер бетіне көмір таситын техниканы басқаруды жеңілдетіп, өндірістің үздіксіз жүруін қамтамасыз етеді. Өндіріске жаңа технологиялар енгізіліп, техникалар автоматтандырылуының арқасында шахтер мамандығы тек еңбек әулеті өкілдерінің ғана емес, жоғары оқу орындары түлектерінің де қызығушылығын арттыра түсті. Болашағын тау-кен саласымен байланыстырғысы келетін жастар көбейген.

Руслан Нұрланұлы, Аман Хамит

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:225
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 17:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары