Тамағы кесілген, жүзі тілінген : Нұрай Серікбайдың ағасы сотта куәлік берді
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Instagram/justice_for_nuray
Сот отырысында ол қарындасының мәйітханада екенін 2GIS қосымшасы арқылы анықтағанын айтып, қарындасының денесінде сау жер болмағанын жеткізді.
«Денесінде сау жер қалмаған. Пышақ жаңа күртешесін де тесіп өткен. Тамағы кесілген, беті де түгел жараланған еді», деді ол сот барысында.
Дінмұхамедтің сөзінше, отбасындағы жалғыз қарындасымен екеуі өте жақын араласқан. Марқұм шет тілдерін меңгеріп, болашақта Еуропада білім алуды армандаған. Ал тұрмыс құруды жақын арада жоспарламаған.
Сотта ол айыпталушы Шерхан Аймаханның бұған дейін де Нұрайды алып қашқанын еске салды. Осы оқиғадан кейін қыздың туыстары айыпталушының әкесімен кездесіп, оның Нұрайға қайта жоламауын талап еткен. Алайда тергеу нұсқасына сәйкес, 11 қаңтар күні Шерхан Аймахан қызды аса қатыгездікпен өлтірген.
Тергеу мәліметінше, күдіктіге Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша, атап айтқанда, сталкинг, некеге тұруға мәжбүрлеу және аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру бойынша айыптар тағылып отыр.
Сот отырысында қылмыстың куәгері Индира Беркінбаева да куәлік берді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:45
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 20:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















