Сәрсемалиев ісі: Сотта Қарабалиндер отбасының малын баққан тұрғын куәлік берді
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Фото: Ашық дереккөз
Тұрғынның айтуынша, 2025 жылдың қараша айында Мақсот Қарабалиннің қой кезегі келген кезде ол оның орнына мал бағып, еңбекақысын Kaspi қосымшасы арқылы алып отырған.
«Малын күнделікті бақтым. 25-і күні қырдағы малы келді. Қыс бойы екі ай соны да бақтым. Наурызға ақша керек болғанда жазып тұрдым, сол кезде аударды. Күнделікті ақша аударған жоқ. 2026 жылдың 25 қаңтарына дейін бағып бердім. Екі ай жұмысыма бір баспақ береді деп келістік», деді куә.
Оның айтуынша, 2025 жылдың қараша айының ортасында Наурыз Мұқанғалиев «анасын емдету үшін» ақша қажет екенін айтып, өз орнына адам жіберіп малын сататынын айтқан. Куә бұл процеске өзінің қатысы болмағанын және тек малды көрсетіп бергенін жеткізді.
Куәгер телефон арқылы хабарлама жазған адамды бұған дейін қаза болып кеткен Наурыз Мұқанғалиев деп ойлағанын айтты.
Еске сала кетейік, осыған дейінгі сот отырысында сотталушының әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев пен анасы куә ретінде жауап берген болатын. Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз Мұқанғалиевті өлтіргенін жасыру үшін қалған отбасы мүшелерін де өлтіргенін мәлімдеген еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:16
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 12:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















