Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Туризмге тың серпін

Туризмге тың серпін

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгінде Алакөл – еліміздегі ең танымал демалыс орынының бірі. Маусым қызған шақта көл жағалауына тәулігіне 30 мыңға дейін турист келеді. Мұндай ағын өңірдің инфрақұрылымын заман талабына сай жетілдіруді талап етеді. Соңғы екі жылда жағалаудағы көшелердің 10 шақырымына жаңа асфальт төселіп, бес шақырымдық велосипед жолы толық жаңғыртылды. Тоғыз жыл бойы жөндеу көрмеген көшелер ретке келтіріліп, жағалаудың жарықтандыру жүйесі де айтарлықтай жақсарды. Биыл төрт шақырым аумаққа жарық бағандары орнатылып, бұрын жарық болмаған көшелер электр желісіне қосылды. Сонымен бірге демалыс аймағына малдың кіруіне жол бермеу үшін Алакөл мен Қабанбай ауылы аралығындағы 11 шақырым жағалау қоршаумен қамтылды.

Қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылған. Биыл жағалауға жасанды интеллект технологиясымен жұмыс істейтін 224 бейнебақылау камерасы орнатылды. Ақылды жүйе тәулік бойы қоғамдық тәртіпті бақылап, құқықбұзушылықтар мен төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Ал дауысзорайтқыштар арқылы демалушыларға қауіпсіздік ережелері мен тазалықты сақтау жөнінде тұрақты ескерту жасалады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін туристік маусымда 57 полиция қызметкері қызмет атқаруда. Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар департаментінің 20 құтқарушысы мен 10 ерікті құтқарушы тәулік бойы кезекшілік етеді. Су айдынында ұзындығы бес мың метр болатын қауіпсіздік буйлары орнатылып, 10 құтқару мұнарасы, екі пирс, екі медициналық және алты ақпараттық пункт жұмыс істеп тұр. Демалушылардың жайлылығы да назардан тыс қалған жоқ. Жағалауда санитарлық тораптар, душ кабиналары, киім ауыстыру орындары, қоқыс контейнерлері орнатылып, тұрмыс­тық қалдықтарды басқару жүйесі жаңартылды. Ескі қоқыс полигоны рекультивацияланып, жаңа полигонға тоғыз гектар жер бөлінді. Қоқысты тәулігіне екі рет шығару жүйесі енгізіліп, санитарлық талаптардың сақталуына жағдай жасалды.

Туризмді дамыту бағытындағы жұмыс­тар тек Алакөлмен шектелмейді. Семей қаласындағы «Заря», «Қалалық» және «Затон» жағажайлары толық жаңартылып, құтқару мұнаралары, медициналық пункт­тер, шезлонгтар, күннен қорғайтын қолшатырлар, биодәретханалар, киім ауыстыру кабиналары және қауіпсіз шомылу аймақтары жабдықталды. Бүгінде бұл жағажайлар тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналып келеді.

Өңірдің өзге туристік аймақтарында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Шүлбі су қоймасы жағалауында қажетті санитарлық және демалыс инфрақұрылымы қалып­тастырылса, Бесқарағай ауданындағы Шипалы көлде электр желілерін тарту, сумен жабдықтау және тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастамалар шалғай туристік нысандардың әлеуетін арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Цифрлық сервистерді дамыту бағытында да маңызды қадам жасалды. Туристерге сапалы ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Visit Abai коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, Abai Travel мобильді қосымшасы іске қосылды. Қосымша арқылы өңірдің туристік бағыттары, қонақүйлер, демалыс орындары мен көрсетілетін қызметтер туралы қажетті мәліметтерді алуға болады.

Туристік маусымның қызған кезеңінде облыс әкімі Берік Уәли барлық жауапты мемлекеттік органдар мен аудан, қала әкімдеріне қауіпсіздік, санитариялық тазалық, медициналық қызметтің қолжетімділігі және инженерлік инфрақұ­рылымның үздіксіз жұмысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

– Жазғы туристік маусымның қызған кезеңіне аяқ бастық. Әсіресе, Алакөл жағалауында келушілер саны айтарлықтай артты. Сондықтан туристердің қауіпсіздігі, санитариялық тазалық, инженерлік инфрақұрылымның үздіксіз жұмысы мен көрсетілетін қызметтердің сапасы ерекше бақылауда болуыға тиіс. Туризм – өңір экономикасының маңызды бағытының бірі. Әрбір жауапты мемлекеттік орган мен аудан, қала әкімдері туристік маусымның қалыпты өтуіне тікелей жауапты, – деді облыс әкімі.

Абай облысында қолға алынған бұл жұмыстар туризмді дамытуға кешенді көзқарастың қалыптасқанын көрсетеді. Инфрақұрылымның жаңаруы, қауіпсіздік жүйесінің күшеюі және цифрлық технологиялардың ен­гізілуі өңірдің туристік тартымды­лы­ғын арттырып қана қоймай, жаңа инвес­тиция тартуға, жұмыс орындарын ашу­ға және ішкі туризмнің дамуы­на серпін береді.

     Эльмира Жүрсінбекқызы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 06:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары