ҰҚК Астанада ұсталған өзбек профессорына қатысты түсініктеме берді
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада ұсталған Өзбекстан азаматы Икболжон Қорабоевқа қатысты ресми түсініктеме берді. Ол бұған дейін Maqsut Narikbayev University-де халықаралық қатынастар пәнін оқытқан.
Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық іс материалдары Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Өзбекстан тарапына бұл жағдай дипломатиялық арналар арқылы хабарланған.
ҰҚК Қорабоевтың процессуалдық мәртебесін, іс бойынша бапты және оған тағылған күдіктің мәнін нақтыламады. Сондай-ақ ресми түрде тергеудің тыңшылық бабымен жүріп жатқаны туралы ақпаратты да растамады.
Бұған дейін шетелдік БАҚ 46 жастағы ғалымды 3 шілдеде Астанада ұстағанын хабарлаған. Туыстарының айтуынша, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы бойынша тыңшылық жасады деген күдік тағылған.
Қорабоев ұсталғанға дейін халықаралық қатынастар, аймақтық интеграция және стратегиялық минералдық ресурстар саласында ғылыми зерттеулер жүргізген. Оның ғылыми жұмыстары мен қылмыстық іс арасындағы байланыс ресми түрде анықталмаған.
Бүгін, 19:12
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:46
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қыркүйек 2026 22:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















