Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Заң мен заман үндестігі

Заң мен заман үндестігі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Сондай-ақ Азия даму банкімен жасалған қарыз туралы келісімді ратификациялады. Бұдан бөлек, экономиканың нақты секторларын цифрлық трансформациялауға қатысты Құрылтай тыңдауын өткізу барысы қаралды.

Ветеринария мәселелері бойынша заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленген. Құжат ветеринария мамандарын әлеуметтік жағынан қолдауды күшейтуге, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азық-түлік өнімдерінің қауіп­сіздігін арттыруға бағытталған. Заң жоба­сы­ның негізгі нормаларын Аграрлық мә­се­лелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Серік Егізбаев таныс­тырды.

– Заң жобасында ветеринария маман­дарын әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан қолдау шараларын кеңейту көзделген. Атап айтқанда, оларға жыл сайын ақылы еңбек демалысын беру және сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу қарастырылған. Оның мөлшері кемінде екі айлық жалақыға тең болады. Сонымен қатар негізгі жұмыс орны бойынша ветеринария саласындағы ғылыми дәрежесі үшін ай сайын қосымша ақы төленеді. Ғылым кандидатына – 17 АЕК, ғылым докторына 34 АЕК көлемінде үстемеақы беріледі, – деді депутат.

Бұдан бөлек, ветеринар дәрігерлердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау үшін ветеринариялық палата түріндегі қоғамдық ұйым құру ұсынылып отыр.

Серік Егізбаевтың айтуынша, заң жоба­сында ветеринариялық препараттардың айналымын бақылау үшін Еуразиялық эко­но­микалық одақ талаптарына сай фар­мацевтикалық инспекция құру да көз­делген. Жаңа құрылым ветеринариялық препарат­тардың қауіпсіздігіне бақылау жүргізіп, оларды өндіретін кәсіпорындарға талаптарға сай сертификат беретін болады. Сондай-ақ ветеринария саласында бірыңғай цифрлық жүйе құру және оның жұмысын ұйымдас­тыруға қатысты негізгі бағыттар айқын­далады. Жүйеде ветеринария сала­сындағы ұйымдар мен нысандар, жүргізілген ветери­нариялық іс-шаралар, мемлекеттік ветери­нариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау және ветеринариялық қыз­меттің басқа да бағыттары туралы мәліметтер жинақталады.

Жұмыс тобының жетекшісі, депутат Бота Елеусізованың айтуынша, депутаттар ауыл шаруашылығы жануарларын союға рұқсат етілген орындардың қатарынан сою алаңдарын алып тастауды да ұсынып отыр. Яғни қоғамдық тамақтану орында­рына арналған мал тек арнайы жабдықтал­ған нысандарда сойылуға тиіс. Сонымен қатар ветеринариялық сараптамадан және сою алдындағы тексеруден өтпеген ет өнімдерін қоғамдық тамақтану орын­дарында пайда­лануға шектеу қойылады. Заң жобасында басқа да бірқатар норма қамтылған.

Бұған қоса, ветеринария саласындағы жұмыс істейтін ұйымдарға қойылатын талап­тар күшейтіледі. Атап айтқанда, шаруа қожалықтардың штатында ветеринар дәрігер болуы немесе олар осындай маманды жұмысқа қабылдауы міндеттеледі. Сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге арналған лицензиялар қызмет түріне қарай (ет, сүт, балық, жұмыртқа) нақтыланады.

Заң жобасын талқылау барысында депут­аттар баяндамашыға және жауапты мемлекеттік органдардың өкілдеріне бір­қатар сұрақ қойды. Атап айтқанда, ветеринар дәрігерлерге берілетін әлеуметтік қолдаудың орындалуын бақылау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жаңа талаптар қоюдың себебі және фермерлердің оны орындауға дайындығы, фармацевтикалық инспекция құру, ветери­нариялық препарат­тардың айналымын бақылау және саланы цифрландыру мәселелері көтерілді.

Талқылау нәтижесінде депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді құжатты одан әрі жетілдіру кезінде депутаттар айтқан ұсыныстар мен пікірлер ескерілетін болады.

Отырыс барысында Азия даму банкімен жасалған Қарыз туралы келісімді (Қара­пайым операциялар) (Бюджеттік басқару және қаржы секторын реформалау бағдар­ламасы – 2-кіші бағдарлама) ратифика­циялау жөніндегі заң екі оқылымда қа­был­­­данды. Құжатты депутаттарға Қаржы министрі Мәди Такиев таныстырды.

Келісімге сәйкес, Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юані (227,4 млрд теңге) көлемінде қарыз тартылады. Қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл, оның ішінде үш жыл жеңілдік кезеңі қарастырылған. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 1,69 пайыз.

Құрылтай депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Қайрат Айтуғанов қарыз қаражаты ең алдымен әлеуметтік салаға, көлік инфра­құрылымына, өнеркәсіпке, білім беруге және басқа да басым бағыттарға жұмсала­тынын нақтылады.

Талқылау барысында депутаттар Азия даму банкінен алынған қаражат қандай жобаларға жұмсалатынын сұрады. Сондай-ақ жаңа қарыз алу мемлекеттің жалпы берешегіне және бюджетке қаншалықты салмақ түсіретінін нақтылады.

Сонымен қатар депутаттар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының заңына Мемлекет басшысы ұсынған редакциядағы өзгерістерді қолдады.

Отырыста биылғы 11 желтоқсанда «Цифр­ландыру және жасанды интеллект жылы» аясында «Экономиканың нақты секторларын цифрлық трансформациялау» тақырыбында Құрылтай тыңдауын өткізу мәселесі де қаралды.

Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ах­медиевтің айтуынша, тыңдауға салалық министрліктер мен бірқатар орталық мем­ле­кеттік органның басшылары, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар қатысады. Жиында өнеркәсіп, құрылыс, көлік, энер­гетика және ауыл шаруашылығы салалар­ындағы цифрландырудың қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланады.

Құрылтай Регламентінің 211-тармағына сәйкес, тыңдауды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына барлық тұрақты комитеттер мен саяси партиялар фракцияларының атынан 19 депутат енді. Комиссия төрағасы болып Дархан Ахмедиев сайланды.

Отырыс барысында Айдос Сарым депутаттар атынан Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзек­ті міндеттері» атты Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша үндеу жасады. Депутаттың  айтуынша, Жолдауда көтерілген маңызды бастамалар мен нақты міндеттер қоғам тарапынан кең қолдау тапқан.

– Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы алдағы жоспарларымыз бен іс-қимылы­мыздың негізгі бағытын айқындап берді. Алдымызға тарихи міндет қойылды. Ол – бүкіл эконо­микалық әлеуетті жұмылдырып, инфрақұры­лымды түбегейлі жаңғырту, әлеуметтік саланы сапалы дамыту және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру. Бұл игі бастама­лардың негізінде адам, оның құқығы мен қадір-қасиеті және ертеңгі күнге деген сенімі тұр, – деп атап өтті депутат.

Айдос Сарым Құрылтай Мемлекет бас­шысы айқындаған ұлттық жаңғыру бағдарла­масын толық қолдайтынын және оны заң шығару, сараптамалық әрі қоғамдық деңгейде ілгерілету үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол барша азаматты ел игілігі жолында бірігіп, алға қойылған міндет­терді жүзеге асыруға үлес қосуға шақырды. 

Құрылтай Спикері Айбек Дәдебай бұл үндеу барлық фракция депутаттарының ортақ ұстанымын білдіретінін атап өтіп, Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттарды қолдауға шақырды.

Бұдан бөлек, депутаттар әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мем­лекеттік органдарға 12 депутаттық сауал жолдады. Олардың толық мәтіні Құрыл­тайдың ресми сайты мен Telegram-арнасында жарияланған.

Отырыс соңында ветеринария мәселе­лері жөніндегі заң жобасы мен Азия даму банкімен жасалған қарыз туралы келісімге қатысты БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. Жур­на­­листердің сұрақтарына Қаржы министрі Мәди Такиев, Ауыл шаруашылығы вице-мин­истрі Ермек Кенжеханұлы, сон­дай-ақ Құрылтай депутаттары Серік Егіз­баев, Бота Елеусізова және Қайрат Айтуғанов жауап берді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары