Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Өңірлер үндестігі ортақ дамуға сеп

Өңірлер үндестігі ортақ дамуға сеп

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Шағын құрамдағы кездесуде жоғары деңгей­де қол жеткізілген уағдалас­тықтар­дың жүзеге асырылу барысы қаралып, алда­ғы жұ­мыстың басым бағыттары талқыланды.

«Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Миромо­нович Мирзиёевтің бірлескен күш-жігерінің арқасында біздің көпқырлы байланыс­тарымыз қарқынды дамып келеді және бүкіл Орталық Азия өңіріндегі   өзара іс-қимыл­дың табысты үлгісіне айналды. Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің  Өзбекстанға мем­ле­кеттік сапарының қоры­тындысы қазақ-өзбек серіктестігінің сенім рухындағы сипатын тағы бір айқындап берді», деді Олжас Бектенов.

«Биыл мемлекеттеріміздің басшылары Бұхара, Астана және Түркістан қалаларында өткен кездесулері аясында екі елдің үкімет­теріне ынтымақтастықты кеңейту жөнінде нақты міндеттер жүкте­ді. Аталған тапсырмаларды орындау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауға да­йынбыз. Біздің бүгінгі келіссөздер сауда, инвестиция, өнеркәсіп, көлік, өңіраралық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімдімін», деп атап өтті Абдулла Арипов.

Былтыр екіжақты сауда көлемі 4,8 млрд долларды құрады. Биыл алғашқы бес айда екі ел арасындағы тауар айналымы 37%-ға артып, 2,3 млрд долларға жетті. Еліміздің экспорттық әлеуеті металлургия, машина жасау, мұнай химиясы, химия өнеркәсібі, фармацевтика, көлік құралдары мен құрылыс материалдары өндіру салаларында айқын байқалады. Олжас Бектенов инвес­тициялар және сауда саласындағы жалпы құны 7,8 млрд долларды құрайтын жол картасын сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Оған енгізілген жобаларды бірлесе жүзеге асыру тауар айналымын әртараптандырып, өзара жеткізілімдерді кеңейтуге және жаңа инвс­тициялар тартуға жол ашады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары­ның бірі – өнеркәсіптік кооперация. Қазір Қазақстан мен Өзбекстан жалпы құны 1,8 млрд доллардан асатын 80 бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр. Құны 227 млн долларды құрайтын 15 жоба іске қосылып, 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Бүгінде жалпы сомасы 102 млн доллар болатын 6 жоба белсенді жүзеге асыру кезеңінде. Сонымен қатар құны 1,5 млрд долларды құрайтын келешегі зор 59 бас­таманы жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатыр.

Кездесуде көлік қатынасы мен логисти­калық дәліздерді дамыту мәселелері қаралды. Былтыр екі ел арасындағы темір­жол тасымалының көлемі 16% өсіп, 32,3 млн тоннаны құрады. Тасымалдарды одан әрі ұлғайту мақсатында теміржол дәліздерінің өткізу қабілетін 35 млн тоннадан 60 млн тоннаға дейін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді. Премьер-министр Олжас Бектенов Орталық Азия елдерімен көлік байланыс­тарын кеңейту үшін теміржол инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты іргелес теміржол учаскелерін жаңғырту мен қосымша өткізу пункт­терін ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Еліміздің теңіз инфрақұры­лымын пайдалануда оң динамика байқалады. Авто­мобиль тасымалы саласындағы ынтымақ­тастық дамып келеді. E-Permit жүйе­сін­де шетелдік рұқсат бланкілерімен электрон­дық алмасу тетігінің енгізілуі төрт жыл ішінде олардың санын он еседен астам арттыруға және мемлекеттік шекарадан өту уақытын 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Су шаруашылығы саласында өзара түсіністік пен екі елдің мүдделерін есепке алу негізінде ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігі расталды.

Тараптар сондай-ақ мәдени-гумани­тарлық байланыстарды дамытудың маңызды екенін атап өтті. Бүгінде қос елдің тарихи-мәдени нысандарын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу үшін «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясына қосу жұмысы бірлесе атқарылып жатыр.

Ал бірлескен үкіметаралық комис­сия­ның кеңейтілген құрам­дағы отырысында нақ­ты жобаларды жүзеге асыруға және сау­да-экономикалық ынтымақ­тас­тықты кеңей­ту үшін қабыл­дана­тын шаралардың тиім­ділігін одан әрі арттыруға назар
аударылды.

Талқылау қорытындысында тараптар өнеркәсіпте, көлік-транзит саласында және эконо­миканың басқа да салаларында ынтымақтастықты жандандыруға келісті. Жиын соңында Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комис­сияның 23-отырысының хаттамасына қол қойылды.

Осыдан соң Премьер-министр­лер Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесінің бірінші отырысына қатысты.

Екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің бірлескен шешімімен өңіраралық өзара іс-қимылдың жаңа тетігі құрылды. Олжас Бектенов өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Жаңа Конституцияны жүзеге асыру ұлттық экономиканы нығайту, инвестициялық тартымдылықты арттыру, бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін берік институционалдық негіз қалыптастырады.

«Біз бауырлас Өзбекстанмен страте­гиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамытуға ерекше мән береміз. Өңірлер басшылары кеңесінің құрылуы мемлекеттеріміз арасындағы қарқынды саяси диалогтің дәйекті жалғасы болып, өзара сенім мен тату көршілікке негізделген ықпалдастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен бірге елдеріміз арасындағы сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі жандандыруда өңіраралық қарым-қатынастар орасан зор рөл атқарады. Кеңес жұмысы екі мемлекет басшыларының белгілеген көрсеткіштерін 10 млрд долларға дейін ұлғайту міндетіне қол жеткізуге елеулі үлес қосатынына сенімдімін», деді Олжас Бектенов.

Абдулла Арипов болса, Өзбекстан үшін еліміз сенімді стратегиялық серіктес әрі одақтас мемлекет екенін атап өтті.

«Біздің бүгінгі кездесуіміз Каспий теңізінің інжу-маржаны әрі өңіріміздің маңызды көлік-логистикалық хабы саналатын Ақтау қаласында өтуінің мәні зор. Қазақстан – Өзбекстан үшін жақын көрші ғана емес, сенімді стратегиялық серіктес әрі одақтас мемлекет. Өңіраралық әріптестік өзара іс-қимылымыздың басым бағыттарының біріне айналды. Осыған байланысты мемлекеттеріміздің құрметті президенттері Өңірлер басшылары кеңесін құру туралы шешім қабылдады. Өңірлік деңгейдегі тікелей байланыстар өзбек-қазақ қатынастарын одан әрі нығайтуға қуатты серпін беретініне сенімдімін», деді Өзбекстан Премьер-министрі.

Олжас Бектенов «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіп­тік кооперация орталығын толыққанды іске қосудың және оны өзара тиімді әрі бәсекеге қабілетті жобалармен толықтыру­дың маңызды екенін айтты. Сауда-инвестициялық ынтымақтас­тық­ты одан әрі кеңейту үшін заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту қажеттілігі атап өтілді. Қазақстан мен Өзбекстан Еуразия кіндігінде, стратегиялық маңызы бар негізгі көлік бағыттарының торабында орналасқандықтан айтарлықтай әлеуетке ие.

Солтүстік – Оңтүстік бағыт­тарымен және Трансауған дәлізімен ұштасатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы ерекше атап өтілді.

Өткен жылы Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүк тиеу-жөнелту көлемі 8 млн тоннаны құрады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің порттары арқылы контейнерлік тасымалдау көлемі 5%-ға артып, 50 мың ЖФЭ-ден асты.

Сондай-ақ туристік ынты­мақтас­тықты дамыту әлеуетіне назар аударылды, оның ішінде екі ел азаматтарының тарихи-мәдени орталықтарға баруға деген қызығушы­лығының артып келе жатқаны айтылды.

Пленарлық отырыста Маң­ғыстау мен Түркістан облыстары­ның әкімдері Нұрдәулет Қилыбай мен Нұралхан Көшеров, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, сондай-ақ Жызақ, Сырдария, Ташкент облыстарының әкімдері – Улугбек Мустафоев, Эркинжон Турдимов, Зойир Мирзаев баяндама жасады. Сонымен қатар іс-шараға екі елдің 300-ден астам кәсіпкері қатысты.

Жиын қорытындысында қос елдің өңірлері арасында бірқатар меморандумға, сондай-ақ жалпы сомасы 80 млрд теңгеден астам коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Жаңа уағдаластықтар бауырлас елдер мен шекара маңы байланыстарын нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, Ор­та­лық Азияның орнықты эконо­микалық дамуына ықпал етуге тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 08:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары