Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Петропавлда хабар ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

Гүлмираның yoonee.ai платформасы

Қазақстан қаңтарда Ресей порттарын айналып өтіп, шамамен 0,5 млн тонна мұнай экспорттады

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

Боран, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды

Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

5 облыста су тасқынына қарсы күрес шараларын күшейту қажет болып тұр

Пәкістанда Президент Қасым Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Финляндияда әлемдегі ең үлкен Рунеберг торты пісірілді

Атыраудан Google ға дейін. Қазақстандық қыз әлемдегі ең жабық IT компаниялардың біріне қалай жол салды

Уақыт жаңғырығындағы үнсіздік

Әбу Дабиде Украина бойынша өткен кеңестің бірінші күнінде тараптар мәлімдеме жасамады

Ақтөбе облысында келінін зорлаған 53 жастағы ер адам сотталды

Қазақстанда +17 градустан кейін күн күрт суытады

Театр ұжымы Конституцияда бекітілген нормаларды талқылады

Бозымбаев су тасқынына қарсы жұмыстарды 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды

Сыртымнан ғайбат айта беріңіздер… : Жігер Ауыпбаев өзін сынағандарға жауап берді

Қазақстан неге Еуразияда үздік авиациялық хаб құра алмай отыр

Исламабадтағы келісім перспективалық дамуға бастайды

Исламабадтағы келісім перспективалық дамуға бастайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында логистикалық бағыттарды әртараптандыру, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту және өңірлік қауіпсіздікті нығайту мәселелері басты назарға алынды. Мемлекеттік сапардың экономикалық және гуманитарлық күн тәртібін Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы сараптады.

Пәкістан тарапынан көрсетілген жоғары құрмет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістан тарапы жоғары деңгейде қарсы алды. Әуеде Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары ұшаққа ілесіп жүрсе, жерде құрмет қарауылы мен 21 зеңбірек дүркіндете атылды. Бұл – халықаралық тәжірибеде ең жоғары деңгейдегі сапардың классикалық белгісі.

Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды. Әдеттегідей, Азия мен Шығыс елдерінде әрбір детальға айрықша мән беріледі, олардың астарында терең символизм бар. Сондықтан Премьер-министр резиденциясындағы сәлемдесу мен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф арасындағы жылы қол алысу екі ел көшбасшылары арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты және құрметті бейнелейді.

Фото: Ақорда

2021 жылы Исламабад «Орталық Азияға көзқарас» (Vision Central Asia) бастамасын бекіткен. Бұл құжат өңірлік өзара байланысты бес негізгі бағыт бойынша нығайтуға бағытталды: саясат, сауда және инвестициялар, энергетика мен көлік коммуникациялары, қауіпсіздік пен қорғаныс, сондай-ақ халықтар арасындағы байланыстар. Пәкістан үшін бұл бастама өңір елдерімен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Қазақстан өңірлік көшбасшы ретінде Пәкістанның диалогті тереңдету және практикалық өзара іс-қимылды кеңейту жоспарларында маңызды рөл атқарады.

Пәкістан үшін Қазақстан – стратегиялық әріптес. Еліміздің бай энергетикалық ресурстары Пәкістанның жеткізілімдерді әртараптандыруына және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстанның географиялық орналасуы Пәкістанға Еуразия нарықтарына – соның ішінде Қытайға, Ресейге және Каспий өңірі мемлекеттеріне шығу үшін тиімді транзиттік торап рөлін атқарады.

Сапар барысында Қазақстан Президенті Пәкістанға сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да басым бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстар пакетін ұсынды.

Транзиттен сенімді серіктестікке

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан Премьер-министрі арасындағы келіссөздерде Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі – көлік байланысы мәселесіне ерекше мән берілді. Еліміз Шығыс пен Батысты, сондай-ақ Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын басты транзиттік бағыттардың тоғысқан тұсында орналасқан.

Фото: Akorda

Президенттің айтуынша, Қазақстан көлік және логистика саласындағы нақты жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып, оларды Орталық Азия елдерімен тығыз үйлестіруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырып, қол жеткізілген келісімдердің орындалуын қорытындылау және екіжақты қарым-қатынасты нығайту үшін биыл жоғары мәртебелі қонақты қабылдауға дайын екенін растады.

– Қазақстан Президенті ретінде Пәкістанға бірінші рет мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Бұл сапар тарихи мәнге ие және уақыт тезінен өткен серіктестігіміздің маңызды кезеңі саналады. Мен бұған сенімдімін. Халықтарымыздың Жібек жолы арқылы және кең таралған ислам өркениеті аясында ғасырлар бойы қалыптасқан достығын жоғары бағалаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Шахбаз Шариф Қазақстан мен Пәкістанның сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда зор әлеуетке ие екенін атап өтті. Ол энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және цифрландыру салаларында серіктестікті кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

– Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз. Достығымызды нығайтып, экономиканың түрлі бағыттарында, саясат, қорғаныс салаларында сенімді серіктестік орнату, сондай-ақ сауда дәліздерін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Үкіметімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегіміз келеді, – деді Премьер-министр.

Саясаттанушы, NU жанындағы Ұлттық талдау орталығының аға ғылыми қызметкері Расул Қоспановтың пікірінше, Қазақстан Президентінің Пәкістанға мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастарға жаңа серпін беруге деген ұмтылысты көрсетеді.

– Пәкістан – Оңтүстік Азиядағы аса маңызды мемлекет, халқы 250 миллионнан асады. Бұл Орталық Азия елдерінің жалпы халық санынан әлдеқайда көп. Қазақстан үшін Пәкістан нарығына шығу тек саудада емес, саяси тұрғыдан да жаңа мүмкіндіктер ашады. Біріншіден, Пәкістанның геосаяси орналасуы ерекше. Ел Арабия теңізіне шыға алады және Қытай, Таяу Шығыс пен Орталық Азия арасында стратегиялық жолда орналасқан, – деп атап өтті сарапшы.

Қазақстан үшін бұл экспорт бағыттарын әртараптандыруға, сондай-ақ Үнді мұхитына, демек Африка мен басқа да өңірлердің нарықтарына тікелей шығуға мүмкіндік береді.

Миллиардқа бағытталған жоспарлар

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық ынтымақтастық сапар қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар арқылы нақты дәлелденді. Ол алдағы кезеңде екіжақты байланыстарды тереңдетуге берік негіз қалады. Ең маңыздысы – Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларация.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумына қатысты. Форум барысында жалпы сомасы шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайтын 30-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысы Үкіметке екі елдің бизнес құрылымдары арасындағы, соның ішінде Қазақстан мен Пәкістан Үкіметаралық комиссиясы аясындағы ықпалдастықты жандандыруды тапсырды.

Пәкістан исламдық қаржыландыру саласында әлемнің жетекші елдерінің бірі. Астана халықаралық қаржы орталығында еуразиялық кеңістікте халал қаржыны дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Осы мүмкіндіктерді Пәкістанның қаржы институттары да тиімді пайдалана алады. Сонымен қатар инвестициялық ынтымақтастыққа назар аудардық. Бұл бағытта бүгін «Самұрық-Қазына» қоры және «Fauji Foundation» арасында құрылған «Бірлескен инвестициялық платформасы» нақты жобаларды зерделейтін болады. Жалпы, пәкістандық кәсіпкерлерге елімізде қолайлы жағдай жасауға дайынбыз, – деді Президент.

Фото: Akorda

Қазақстан мен Пәкістан дипломатиялық қатынастар орнатылған алғашқы күннен бастап экономикалық өзара байланыстарды дамытуға ұмтылды. Дегенмен соңғы онжылдықтарда бірқатар объективті себептерге байланысты елеулі ілгерілеу байқалмады. Сауда көрсеткіштері бұл үрдісті айқын көрсетеді. 2015 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 34,3 млн доллар ғана болып, Қазақстан экспорты Пәкістаннан келетін импорттан әлдеқайда төмен болды.

Тек 2020 жылдары елеулі бұрылыс басталды. Пандемияға қарамастан тауар айналымы 45,5 млн долларға дейін өсті. 2021 жылы айтарлықтай серпіліс байқалып, көрсеткіш 95 млн долларға жетті. Сол кезеңде қазақстандық экспорт алғаш рет Пәкістаннан келетін импорт көлемінен асып түсті. Сарапшылардың болжамынша, экспорттық тауарлар номенклатурасы кеңейген жағдайда сауда айналымы 500 млн долларға жетуі мүмкін. Ал стратегиялық мақсат – алдағы жылдары 1 млрд доллар деңгейіне шығу.

Пәкістаннан Қазақстанға экспорт құрылымында цитрус жемістері, фармацевтикалық өнімдер, киім-кешек, сабын және спорттық тауарлар басым. Қазақстан өз кезегінде көкөністер, астық, майлы дақылдар мен металл бұйымдарын жеткізеді.

Өсімнің перспективалы бағыттары ретінде агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика, тоқыма өнеркәсібі, машина жасау және мұнай-химия салалары белгіленді. Қосымша вектор ретінде цифрлық ынтымақтастық – IT-қызметтер, финтех және электрондық коммерция дамуы қарастырылып отыр. Қазақстан машиналар мен жабдықтар, мұнай-химия өнімдері мен металл бұйымдарының экспортын ұлғайта алады, ал Пәкістан тоқыма, фармацевтика және спорттық тауарлар жеткізімін арттыра алады.

– Ең перспективалы бағыттардың бірі – агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастық. Қазақстан Пәкістан үшін астық, тыңайтқыштар мен майлы дақылдарды жеткізу тұрғысынан қызықты. Пәкістанда өңдеу өнеркәсібі, әсіресе тоқыма саласы жақсы дамыған. Экономиканы цифрландыру Қазақстан мен Пәкістан үшін негізгі міндеттердің бірі. Ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар базасында бірлескен технологияларды дамыту екіжақты ынтымақтастықты және екі елдің экономикалық әл-ауқатын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Almaty Management University жанындағы Халықаралық қатынастар институтының директоры Камран Гусейнов.

Фото: АШМ

Энергетика саласы да маңызды бағыт болып қала береді. ТАПИ газ құбыры мен CASA-1000 электр желісі жобалары, әсіресе Ауғанстандағы жағдай тұрақтанған жағдайда, Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы ынтымақтастыққа қуатты серпін береді. Алайда осы ауқымды жоспарларды жүзеге асырудың басты шарты – тиімді логистика мен транзиттік байланыстар.

«Үміт қақпасының» мүмкіндігі

Бірнеше ғасыр бұрын синдхи халқынан шыққан қарапайым балықшы әйел Май Калачи Арабия теңізінің жағасында ұлдарын алыс сапарға шығарып салу дәстүрімен есте қалған. Оның табандылығы мен теңізге деген толқынысынан кейін оның есімі шағын қоныстың атауына айналып, ал айлақ «Үміт қақпасы» деп аталды.

Бүгінде сол балықшылар ауылы - бүкіл әлемге танымал порт. Қазіргі таңда «Үміт қақпасы» арқылы әлемдік сауданың орасан зор көлемі өтеді. Қазақстан үшін бұл порттар экспорттық бағыттарды әртараптандыруға және еуразиялық өзара байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздерде Пәкістанның транзит және логистика саласындағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтті. Бұл Қазақстан үшін халықаралық нарықтарға шығудың балама жолдарын ашады. Тараптар Карачи және Гвадар порттарының мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар Транскаспий көлік дәлізін дамыту және Ауғанстан арқылы өтетін транзиттік бағыттарды кеңейту мәселелері де назарда болды. Осының аясында Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан бағыты бойынша теміржол жобасын іске асыру перспективалары қарастырылды.

Фото: moneycontrol.com

Мәселе тек техникалық сипатпен шектелмейді. Қазақстан үшін Карачи мен Гвадар порттарына қол жеткізу – стратегиялық маңызы зор қадам. Карачиде терминал ашу Оңтүстік Азияға, Таяу Шығысқа және Африкаға экспорттық бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның көлік әртараптандыру стратегиясындағы негізгі элементке айналуы мүмкін.

– Қазақстан құрлықтың қақ ортасында орналасқандықтан теңізге шығудың жаңа жолдарын үнемі іздеуге мәжбүр, ал Пәкістан порттары осы стратегияның табиғи бөлігіне айналады. Қазақстандық терминал құру тауар айналымын арттырып қана қоймай, жаһандық деңгейде экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтеді. Бұл транзиттік мемлекет ретіндегі позицияны нығайтып, экономиканың орнықты дамуына жол ашады, – дейді сарапшы Расул Қоспанов.

Саясаттанушы атап өткендей, бұл келіссөздер – Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының болашағына тікелей қатысты стратегиялық міндет. Егер тиісті келісімге қол жеткізілсе, Қазақстан Оңтүстік Азия нарықтарына және одан тыс аумақтарға қатысуын кезең-кезеңімен кеңейте алады.

Дегенмен, бірқатар кедергілер бар. Олар – тікелей көлік дәлізінің болмауы, Ауғанстандағы тұрақсыз жағдайға тәуелділік, тауар айналымының шектеулілігі және сауданың жалпы көлемінің төмендігі. Оны еңсеру үшін іскер топтар арасындағы байланыстарды жандандыру, кеден рәсімдерін жеңілдету және стандарттарды үйлестіру қажет.

Сонымен қатар елдер арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандыру перспективаларын зерделеу логистикалық мәселелерді шешуге өз үлесін қосады. Бұл қадам іскерлік байланыстар мен туризмді дамыту үшін де шешуші мәнге ие.

Жаһандық бейбітшілікті ілгерілету жолында

Қазақстан мен Пәкістан гуманитарлық салада туризмді дамыту, білім беру бағдарламаларын кеңейту және мәдени алмасуларды нығайтудың маңызына ерекше мән береді. Туристік ағын, білім беру бастамалары мен мәдени жобалар екіжақты сенімділікті арттырып, қоғамдық қолдауды күшейтетін қосымша негізге айналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифті елін алға батыл бастаған көреген көшбасшы деп атады. Оның келешекке бағдарланған салиқалы саясат жүргізуінің арқасында Исламабадтың аймақтағы және әлемдегі беделі жылдан жылға артып келеді.

– Былтыр Пәкістан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Пәкістан Қазақстанның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі аясындағы бастамаларын үнемі қолдап келеді. Біз бұған ризашылығымызды білдіреміз. Сонымен қатар әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату жолында нақты қадамдарды талқыладық. Осы орайда, бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссияларына бірлесіп қатысу жөніндегі Үкіметаралық меморандумға қол қойылды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықаралық ынтымақтастықтағы үлесі мен ерекше еңбегі үшін Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифтің қолынан Nishan-e-Pakistan ордені табысталды. Бұл – елдің ең жоғары мемлекеттік наградасы, дәстүрлі түрде ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және шетелдік мемлекет, саясат, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне беріледі. Орденнің Қазақстан Президентіне тапсырылуы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, халықтар арасындағы достық пен сенімді нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға белгісі болды.

Фото: Ақорда

Сапар бағдарламасында оқушы және студент жастар арасындағы байланыстарға ерекше мән берілді. Пәкістан азаматтары Қазақстанның жоғары оқу орындарына үлкен қызығушылық танытып отыр. Қазіргі таңда елімізде мыңнан астам пәкістандық студент білім алуда.

- Ғылым және білім саласындағы байланысты одан әрі дамытуға уағдаластық. Исламабад университеттерінде бүгін ашылған «әл-Фараби», «Сәтпаев» және «Ясауи» орталықтары екі елдің ғылым және оқу-ағарту салаларындағы ықпалдастығын нығайтатын болады, – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау және спорт саласындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңызын атап өтті. Сапар аясында әл-Фараби, Қаныш Сәтбаев және Қожа Ахмет Яссауи атындағы мәдени-білім беру орталықтары мен Қазақстан-Пәкістан «Достық» спорт кешені салтанатты түрде ашылды. Бұл орталықтарда қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, бокс және аралас жекпе-жек түрлері бойынша жаттығулар ұйымдастырылады. Сонымен қатар пәкістандық жаттықтырушылар мен спортшыларды даярлауға арналған бірлескен оқу-жаттығу жиындары жоспарланған.

Фото: Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге деген өзара мүддені растады. Қос ел шектеулі тауар айналымынан инвестициялар, инфрақұрылым және гуманитарлық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестікке өту үшін барлық алғышарттарға ие.

Орталық және Оңтүстік Азия елдері бір-біріне көбірек тәуелді болған жағдайда көлік саласындағы ынтымақтастық пен Пәкістан порттарын пайдалану еуразиялық байланыстарды нығайтып, өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 16:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Петропавлда хабар ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

03 Ақпан 2026 22:53see115

Гүлмираның yoonee.ai платформасы

04 Ақпан 2026 08:23see113

Қазақстан қаңтарда Ресей порттарын айналып өтіп, шамамен 0,5 млн тонна мұнай экспорттады

04 Ақпан 2026 12:08see113

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

04 Ақпан 2026 08:50see113

Боран, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды

04 Ақпан 2026 00:06see112

Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды

03 Ақпан 2026 19:56see112

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

04 Ақпан 2026 14:32see112

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

04 Ақпан 2026 15:30see110

5 облыста су тасқынына қарсы күрес шараларын күшейту қажет болып тұр

04 Ақпан 2026 17:42see107

Пәкістанда Президент Қасым Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

04 Ақпан 2026 13:45see107

Финляндияда әлемдегі ең үлкен Рунеберг торты пісірілді

04 Ақпан 2026 23:15see106

Атыраудан Google ға дейін. Қазақстандық қыз әлемдегі ең жабық IT компаниялардың біріне қалай жол салды

04 Ақпан 2026 15:03see105

Уақыт жаңғырығындағы үнсіздік

05 Ақпан 2026 08:50see105

Әбу Дабиде Украина бойынша өткен кеңестің бірінші күнінде тараптар мәлімдеме жасамады

04 Ақпан 2026 23:15see105

Ақтөбе облысында келінін зорлаған 53 жастағы ер адам сотталды

05 Ақпан 2026 13:04see104

Қазақстанда +17 градустан кейін күн күрт суытады

04 Ақпан 2026 12:05see104

Театр ұжымы Конституцияда бекітілген нормаларды талқылады

05 Ақпан 2026 13:29see104

Бозымбаев су тасқынына қарсы жұмыстарды 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды

04 Ақпан 2026 20:48see104

Сыртымнан ғайбат айта беріңіздер… : Жігер Ауыпбаев өзін сынағандарға жауап берді

04 Ақпан 2026 00:27see103

Қазақстан неге Еуразияда үздік авиациялық хаб құра алмай отыр

05 Ақпан 2026 09:02see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары