Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Жаңа өмір сенімнен басталады

Жаңа өмір сенімнен басталады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» дейтін халықпыз. Рас, қылмыстың қай түрі де – жазаға лайық. Осы орайда жазасын өтеген адамның қоғамға қайта оралуы, сіңісіп кетуі – әлдеқайда күрделі мәселе. Сол тұрғыда сотталғандарды еңбекке тарту мен олардың өмірге бейімделуіне жағдай жасау – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы.

«Еңбекпен түзеу» дегенді тек кешегі кеңестік жүйенің қалдығы деп қарауға келмейді, өйткені ол дамыған елдердің де тәжірибесінде бар. Мы­салға, Панамадағы «La Joyita» түрмесінде отырғандар қал­дықтарды қайта өңдеумен айналысады. Олар түрме қал­дықтарын жинап, қайта өңдеп, сатады. Бұл бастама қылмысты қайталау дең­гейін 65%-дан 45%-ға дейін төмендеткен. Таиландта соттал­ғандар «Muay Thai» жекпе-жегін үйреніп, жарыста жеңіске жеткен жағдайда жазасын қысқартуға жол ашылады. Бұл олардың тәртібі мен өзін бақылауға алу дағдысын арттырады. Тағы бір қызық дерек, Бразилияда сотталғандар кітап оқып, сол жөнінде эссе жазу арқылы жазасын қысқарта алады. Әр дұрыс жазбаға төрт күндік жазаны қысқарту мүмкіндігі бар. Шетелде, негізінен, ауыл шаруашылығы, өндірістік салалар, қоғамдық жұмыстар, кәсіби оқыту арқылы еңбекке бейімдеу сынды еңбекпен түзеу бағыттары жолға қойылған.

Осы мәселені Абай елі де жіті назарда ұстап отыр. Бұл – істі болып, жазасын өтеп жатқан азаматтарға да қоғамда орын бар екенінің айғағы. Мысалы, жыл басынан бері Абай облысында сотталғандарды жұмыспен қамтуды кеңейту бағдарламасы аясында орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекеме аумағында төрт бірдей жаңа өндірістік орын іске қосылды. Өндіріс қатарында темірбетон бұйымдарын өн­діруге бағытталған жаңа жауап­кершілігі шектеулі серік­тес­тік (ЖШС), қолданбалы өнер бұйым­дарын өндіруге маманданған жеке кәсіпкерлік (ЖК), полис­тирол блоктары мен кірпіш өндіретін орын бар.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, биыл Абай облысында 150-ден астам сотталған азамат жұмыспен қамтылған. Маусым айында қайталама шикі­затты өңдеу, картон мен скотч­ты ажыратумен айналысатын тағы бір ЖШС жаңа жұмыс орнын бастады. Жұмыс орындары сотталғандардың еңбекке тартылуына ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік бейімделуіне, кәсіби дағдыларды меңгеруіне ықпалын тигізіп жатыр. Жазалы жандардың еңбегі кесімді ақы төлеу жүйесімен ұйымдастырылған.

«Мекеме аумағында жаңа жұмыс орындарының ашылуы – сотталғандарды түзеу мен оларды қоғамға қайта бейімдеу ісіндегі маңызды қадам. Бүгінде нақты оң нәтижелерді байқап отырмыз: сотталғандар кәсіби дағдыларды меңгеріп, жалақы алып, еңбектің маңызын түсініп келеді. Алда өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа серіктестерді тарту жоспарда бар», дейді сот­тал­ғандарды еңбекпен қамту бө­лімінің бастығы Қуаныш Тоқанов.

Қазір мекеме аумағында 3 ЖШС мен 11 ЖК жұмыс істейді. Әрбір өндірістік орында 5-тен 20-ға дейін сотталған адам еңбек етіп жатыр. Мұнда жұмысқа тартумен қатар, білім саласына да бірқатар мүмкіндік беріледі. Жуырда ғана облыста тігінші, дәнекерлеуші мамандығын игерген 35 азамат техникалық білім туралы диплом алды. Білім бағдарламасы пенитенциарлық мекеме мен өңірдің кәсіптік-техникалық оқу орны арасындағы бірлескен жоба аясында іске асты.

– Бұрын ешқашан зауытта істемеген едім. Түрме ішінде болса да нақты бір кәсіппен айналысып, өз қолыңмен зат жасап шығару қиын. Қазір темірбетон бұйымдарын құюды үйреніп жатырмыз. Бастапқыда қиын болды, бүгінде біртіндеп меңгеріп келеміз. Жалақы да аламыз. Шамам келгенше үйдегілерге көмектесіп жүрмін. Ең бастысы уақыт босқа өтпейді. Шынымды айтсам, еңбекке араласқалы өмірге деген көзқарасым өзгерді, – дейді сотталған азамат Ақтілеу Амантай.

Елде де еңбекпен түзеудің оңтайлы тәсілі мен бағыты артса, сотталғандардың қоғамға сіңі­суіне де ерекше қолдау туары сөзсіз. Сотталғандарды еңбекпен түзеу – тек жазаның бір түрі емес, жаңа өмірге бастар жол болуға тиіс.

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған

Оқиға • Бүгін, 09:21

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:10

Депутаттар бастамашы болған бірқатар заң мақұлданды

Саясат • Бүгін, 09:00

Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығының жұмысымен танысты

Президент • Бүгін, 09:00

Қазақстан – Жапония: Сенімді серіктестік пен достық байланыс нығая береді

Президент • Бүгін, 08:55

Медициналық көмек толықтай автоматтандырылады

Саясат • Бүгін, 08:50

Көлеңкелі экономиканы қалай тоқтатамыз?

Экономика • Бүгін, 08:45

Инфляцияға қарсы күрестің ұтымды тәсілі

Инфляция • Бүгін, 08:43

Заңнамадағы оң өзгерістер

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Атқарылған жұмыс аз емес

Саясат • Бүгін, 08:37

Анар Фазылжан: Мәтінді жасанды жадқа тілтанушылар бейімдеді

Сұхбат • Бүгін, 08:35

Тиімділік пен ашықтық үйлесімі

Экономика • Бүгін, 08:33

Қарулы күштер қуаты

Айбын • Бүгін, 08:30

Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы: Саяси дамудың жауапты кезеңі

Қоғам • Бүгін, 08:28

«Жасыл сутегі» өндіретін қондырғы

Ғылым • Бүгін, 08:25

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 09:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары