Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Жаңарған Конституция және халықаралық тәжірибе

Жаңарған Конституция және халықаралық тәжірибе

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жаңарған Конституцияның преамбуласы халықаралық тәжірибемен салыстырғанда бірқатар жаңашылдығымен ерекшеленеді. Мәселен, 1958 жылғы Франция Республикасы Конституциясының преамбуласында тарихи сабақтастық революциялық-құқықтық дәстүр шеңберінде қарас­тыры­лады. Мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен құрылымдық сипатына арнайы баға берілмеген.

Тарихи санаға негізделген түйін

Еліміздің Конституциясының преамбуласы, керісінше, өркениеттік кеңістіктен бастау алып, қазіргі мемлекетті Ұлы дала кеңістігінде құрылған мемлекеттер­дің заңды мұрагері ретінде танытады. Со­ны­­­мен қатар онда халықтың бірлігі, жер тұ­тастығы, тәуелсіздік пен тұрақ­ты­­лық идея­лары алдыңғы орынға шыға­рыл­ған. Негізгі заңның преамбуласын тек құқық­тық кіріспе емес, ұлттық басқа­ру мен тарихи сананы нығайтатын идео­логиялық-мәндік құжат ретінде жаңа қырынан ашады.

Ал Германия Федеративтік Республи­касының Негізгі заңының преамбуласы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі контексте қалыптасып, адам қадір-қа­сие­тінің мызғымастығын, бейбітшілік пен халықаралық ынтымақтастықты негізгі құндылық ретінде бекітеді. Германияда тарихи жауапкершілік пен моральдық сабақтастық алдыңғы орынға шығып, федеративтік құрылым жанама түрде көрініс табады. Болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен экологиялық мәселе­лер негізгі заңның кейінгі баптарында нақтыланғанымен, преамбулада бұл аспектілер шектелген.

Қазақстан Конституциясының преам­буласында мемлекеттің унитарлық сипа­ты мен аумақтық тұтастығының тіке­лей және нақты бекітілуі, сондай-ақ бола­шаққа бағдарланған ғылым, инновация, эко­логиялық жауапкершілік сияқты құн­­ды­лықтар бірден преамбулалық дең­гей­­де көрсетіледі. Елдің геосаяси жағ­дайын ескере отырып, бұл түрлі мемле­кеттердің аумақтық талаптарына байланысты туындауы мүмкін жағымсыз немесе ықтимал келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Экологияның ортақ құндылық ретінде преамбулада орын алуы да сирек жағдай.

Конституцияның преамбуласында құндылықтар нақты саяси-құқықтық бағдарлармен толықтырылған. «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» сияқты қазіргі саяси-идеялық бағдарламалардың енгізілуі реформалық бағыттарды консти­туциялық деңгейде бекітеді.

1982 жылғы Түркия Республикасы Конституциясының преамбуласы кема­лис­тік идеологияға, ұлттық бірлікке және зайырлылық қағидатына қатаң мән бере­ді. Түркия үлгісінде мемлекет мүддесі жеке тұлға мүддесінен жоғары қойылып, идео­логиялық ұстанымдар айқын көрі­ніс табады. Преамбула идеологиялық сипатқа ие.

Ал Ата заңның преамбуласы идеоло­гиялық бейтараптықты сақтай отырып, жеке тұлғаның құқықтары мен бос­тан­дық­тарын, қоғамдық келісім мен әртүр­лі­лікті басым құндылық ретінде ұсы­на­ды. Мұндай тәсіл көпэтносты қоғам жағ­дайында әлеуметтік тұрақтылықты қам­та­масыз ететін азаматтық ұлт моделін нығайтады.

Жалпы алғанда, салыстырмалы талдау мемлекеттік заңның преамбуласы классикалық құқықтық декларациялар­дан бірқатар өлшем бойынша ерек­шеленетінін көрсетеді. Ол тарихи-өрке­ниеттік сабақтастықты, нақты саяси-құндылықтық бағдарларды және бола­шаққа бағытталған стратегиялық мақсат­тарды біртұтас жүйеге біріктіреді. Сол себептен преамбула тарихи өткенді сипат­т­айтын мәтін ғана емес, елдің ұзақмер­зімді даму бағытын айқындайтын саяси-құқықтық негіз ретінде қабылдануға тиіс. 

Саяси жүйедегі тұрақтылық тетіктері

Жаңа мәтінде президенттіктің бір реттік мерзімі енгізіліп, кезектен тыс сайлау нормасы алынып тасталды. Президенттікке жер­гілікті, жасы қырыққа толған, қазақ тілін еркін меңгерген, жоғары білімді азамат үміткер бола алады. Сондай-ақ кейінгі он бес жыл бойы осы елде тұрып, ресми қызметте кемінде бес жыл еңбек атқаруы міндет. Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылады.

АҚШ-та кандидат 35 жастан асып, соңғы 14 жыл елде тұруы керек. Тәжірибесі мен еңбек өтіліне қатысты талаптар жоқ. Францияда 18 жастан асқан азамат бақ сынай алады. Басқарушылық қызметі мен еңбек өтілі маңызды емес. Германияда кандидат кемінде 40 жаста болу керек, кәсіби біліктілік қажет етілмейді.

Біздің үлгі осы тәжірибелерден ерек­шеленеді. Тұрақтылық, кәсіби талаптар және ана тілін білу шарттары тұрғысынан нақты критерий қойып, ел тізгінін сая­си жүйені және мемлекеттік тетіктің жұмысын жақсы білетін, білікті, құзыретті әрі беделді көшбасшының басқаруына беруді көздейді. Бұл модель елдің саяси тұрақтылығын күшейтіп, президент институтының кәсіби сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа институт – Қазақстан Халық кеңесінің маңызы ерекше. Бұл – ел халқының мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

АҚШ-та Қазақстан Халық кеңесіне тікелей ұқсас бірыңғай ұлттық консульта­тивтік орган жоқ. Алайда Президент жа­нындағы консультативтік кеңестер, аза­маттық бастамалар мен петициялар жүйесі сияқты бірнеше институт арқы­лы іске асырылады. Бірың­ғай ұлттық консуль­тативтік органға шоғырлан­дырылмаған. Бұл тұрғыда Халық кеңесінің референдум бастамашысы ретіндегі рөлі АҚШ тәжіри­бесінен ерекшеленеді. Ел мүддесін білдіруді орталықтандырылған және тұрақты институт ретінде жүзеге асырады. Оның мазмұны мен міндеті жағынан Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінде ұқсастық бар.

Вице-президент институтын енгізуге арналған жаңа бап – мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам. Халықаралық тәжірибе Вице-президент лауазымының әр елде әртүрлі міндет атқаратынын көрсетеді. АҚШ-та Вице-президент халықпен бірге сайланады және Сенаттың төрағасы міндетін атқарады. Президент қайтыс болған немесе қызметін атқара алмаған жағдайда автоматты түрде орнын басады. Ал Бразилияда Вице-пре­зидент тікелей сайланады және атқарушы билікте маңызды рөл атқарады. Оның қызметі саяси сипатқа ие.

Қытайда Вице-төраға бар, бірақ ол негі­зінен протоколдық және өкілдік функцияларды атқарады, нақты билік партия мен Мемлекеттік кеңеске шоғырланған. Фран­ция мен Германияда Вице-президент инс­титуты мүлде жоқ, себебі бұл елдер Пре­мьер-министр, канцлер арқылы бас­қарылады.

Елімізде ұсынылып отырған Вице-пре­зидент моделі АҚШ немесе Латын Америкасындағы саяси Вице-прези­денттен өзгеше. Оны халық сайламайды, партиялық бәсекеге қатыспайды. Президентті алмастыратын фигура ретінде емес, өкілдік және үйлестіруші институт ретінде қарастырылады.

Жаңадан бекітілетін Вице-президент институты атқарушы биліктің жұмысын жүйелеп және халықаралық өкілдікті институционалдық деңгейге көтереді. Оның партиядан тыс мәртебесі мен кәсіби сипаты бұл лауазымды саяси бәсе­келестіктің құралы емес, мемлекеттік басқарудың тиімді элементі ретінде қалыптастыруға ықпал етеді. 

Жобада Парламент институтына байланысты түбегейлі бетбұрыс бар

Құрылтайдың 145 депутаттан тұруы саяси партиялардың кеңейтілген өкілдігін қамтамасыз ете отырып, мандаттар санын оңтайландырады. Бұл көрсеткіш көптеген елдегі ұлттық парламенттердің төменгі палаталарымен салыстырғанда орташа әрі тиімді саналады. Мысалы, Германия Бундестагында депутаттар саны 700-ден асады, бұл федералдық құрылым мен өңірлік өкілдікке байланысты.

Франция Ұлттық жиналысында – 577, Оңтүстік Кореяда 300 депутат бар. Біздің жағдайымызда 145 мандат унитарлық рес­публика үшін жеткілікті өкілдік пен бас­қару тиімділігінің теңгерімін көрсе­теді. Сайлау мерзімінің бес жыл болып белгі­ленуі де әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. 

Құқықтық жаңару кезеңі

«Қорытынды және өтпелі ережелер» бөлімі жаңа Конституцияны қолданысқа енгізу тәртібін нақтылайды. Онда Ата заң қабылданғаннан кейінгі кезеңде­гі нормативтік-құқықтық актілердің қолдану мерзімдері, сондай-ақ бұрын қабылданған заңдар мен басқа да актілердің қолданысы айқындалған. Үкімет пен орталық, жергілікті құзырлы орган­дарға жаңа өзгерістерге сәйкес, нормативтік актілерді өзгерту және үйлестіру міндеті жүктелген.

Сонымен қатар Конституциялық кеңес пен Конституциялық сотқа бұрынғы заңнамалық актілердің Ата заңға қайшы келмейтін бөлігінің өз күшін сақтайтыны көрсетілген. Бұл нормалар тек формалды құқықтық рәсім емес – олар ел азаматтарын Ата заңның мазмұнымен таныстыруға, оны талқылауға және жалпыхалықтық референдум арқылы бекітуге мүмкіндік береді. Конституцияны енгізудің өт­пелі ережелері құқықтық тұрақтылықты қам­тамасыз етіп, нормативтік актілерді үй­ле­с­тіруге және саяси жүйені жаңартуға жағдай жасайды.

Қорыта айтқанда, жаңа Ата заң қо­ғамдағы демократиялық қағидаларды нығайтып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және елдің құқықтық тұрақтылығын күшейтуге қызмет етеді.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы – ректор 

Соңғы жаңалықтар

Отандық оқу орындарының өрісі

Білім • Бүгін, 08:15

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы

Digital • Бүгін, 08:08

Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?

Бизнес • Бүгін, 08:05

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Моноспектакльдегі мөлтек сыр

Театр • Бүгін, 07:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады

Ауа райы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары