Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жасөспірімдерді зиянды контенттен қорғаудағы жаһандық тәжірибе және Қазақстанның ұстанымы

Жасөспірімдерді зиянды контенттен қорғаудағы жаһандық тәжірибе және Қазақстанның ұстанымы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әлеуметтік желілер мен онлайн платформалардағы агрессия, суицидке бастайтын контент, зорлық-зомбылық, құмар ойындар, радикалды идеологиялар мен жалған ақпарат – бүгінгі күні мемлекеттерді батыл шешімдер қабылдауға мәжбүр етіп отырған басты факторлардың бірі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайдың қорытынды отырысында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі мемлекеттің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық мәселе екенін атап өтті. Мемлекет басшысы цифрлық кеңістіктегі бақылаусыздық ұлттың болашағына қауіп төндіретінін ескертіп, Үкіметке нақты әрі батыл шешімдер қабылдауды тапсырды.

Фото: Ақорда

«Балалардың санасы мен дүниетанымы әлеуметтік желілер мен интернет арқылы қалыптасып жатыр. Сондықтан оларды зиянды, жат идеологиядан, агрессия мен жалған құндылықтардан қорғау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі», – деді Президент Ұлттық құрылтайда.

Президент тапсырмасынан кейін Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контенттен қорғау үшін қатаң шешімдер қабылдауды талап етті. Бұл ретте Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстары ескеріліп, масс-медиа мен онлайн платформаларға қатысты заңнаманы жетілдіру жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге қол жеткізуін жасына қарай шектеу мәселесі қарастырылып жатыр. Онлайн платформалар мен масс-медиа туралы заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленді және олар қоғамдық талқылауға шығарылады», – деді вице-премьер.

Сонымен қатар, пайдаланушылардың жасын анықтау тетіктерін енгізу және жас шектеуін бұзған жағдайда жауапкершілік қарастыру жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары сөйлеген сөздерінде бірнеше мәрте ақпараттық қауіпсіздік пен ұлттық иммунитет мәселесіне тоқталған. Ұлттық құрылтайда да Президент интернет кеңістігінде таралатын деструктивті идеология, зорлық-зомбылық пен радикалды контент жасөспірімдердің психологиясына кері әсер ететінін атап өтті.

Фото: ҚР Парламенті Мәжілісі

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында, балалардың деректерін өңдейтін платформаларға талап күшейтілгенін және жас ерекшелігіне байланысты шектеулерді заңнамалық тұрғыда бекіту жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Министрдің айтуынша, бүгінде қабылданған заңдардың аясында балалардың деректері бекітілетін платформаларға талап күшейтілген. Мұнан бөлек, балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контенттен қорғау үшін олардың әлеуметтік желіні қолдануын жасына байланысты шектеуге қатысты заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр.

- Шектеу мәселесіне келсек, қазір бірнеше ұсынысты қарастырып жатырмыз, жұмыс тобы құрылды. Балаларды заңға қайшы контенттен қорғау үшін көптеген елде қолданылатын тәсілдер бар. Бұл мәселе ашық, ол қоғаммен, ата-аналармен, педагогикалық қауымдастықтармен және БАҚ-пен бірге талқыланады, - деді ол.

Фото: Depositphotos

Ведомство басшысы шектеу шарасы үш тәсіл негізінде іске асатынын айтты.

- Алдымен балаларға арналған SIM-карталарды тіркеуді енгізгіміз келеді. Бұл бірінші тәсіл. Екінші тәсіл – 14 жасқа дейінгі балалар заңға қайшы контентті көре алмайтындай тетік енгізу. Үшіншіден, қазір мектепте цифрландыру және медиа сауаттылық пәндері бар. Осы пәндер аясында біз балалардың цифрлық кеңістікте сауатты болуына күш саламыз, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Әлемдік тәжірибе: қатаң бақылау мен ортақ жауапкершілік

Қазақстан бұл жолда жалғыз емес. Соңғы жылдары көптеген елдер жасөспірімдерді онлайн ортадағы қауіптен қорғау үшін нақты шектеулер енгізе бастады.

Еуропалық одақта Digital Services Act (DSA) аясында ірі платформаларға кәмелетке толмағандарды зиянды контенттен қорғау міндеті жүктелді. Алгоритмдердің балалар психикасына әсерін азайту, жасырын жарнама мен манипуляцияны шектеу – басты талаптардың бірі.

Ұлыбританияда Online Safety Act заңы қабылданып, әлеуметтік желілерге жас пайдаланушылар үшін контентті сүзгіден өткізу, жасын растау жүйелерін енгізу міндеттелді. Талапты орындамаған компанияларға ірі айыппұл салу қарастырылған.

Франция Парламентінің Төменгі Палатасы 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы жасөспірімдердің мектеп аумағында ұялы телефондарды пайдалануына да тыйым салады.

Бұл шара жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға бағытталған және үкімет пен президент Эмманюэль Макронның белсенді қолдауына ие болды. Заң жобасын енді Парламенттің Жоғарғы Палатасы қарауы керек. Ол сандық технологиялар министрі Анн Ле Энанфф уәде еткендей, «алдағы апталарда» өтеді.

Фото: Kazinform

Макронның өтініші бойынша үкімет заң жобасын қараудың жеделдетілген рәсімін бастады. Бұл парламенттің әр палатасында екі оқылымның орнына бір ғана оқылымды талап етеді. Франция көшбасшысы оны «маңызды қадам» деп атады.

Қытайда 18 жасқа толмағандарға онлайн ойындар мен әлеуметтік платформаларды пайдалану уақыты қатаң шектелген. Балаларға арналған контент мемлекет деңгейінде сүзгіден өтеді. Зорлық-зомбылық, құмар ойын, артық тәуелділікке әкелетін контенттер қатаң түрде шектеледі.

Кәмелетке толмағандар онлайн ойындарды тек жұма, сенбі, жексенбі және ресми мереке күндері ғана ойнай алады. Барлық онлайн ойындар нақты аты-жөн мен жеке куәлік нөмірі арқылы тіркеуді талап етеді. 22:00-ден 8:00-ге дейін кәмелетке толмағандарға ойын ойнауға тыйым салынады.

Қытайда сонымен бірге жасөспірімдердің ойын ішіндегі сатып алуларына айлық лимит қойылады, ал жасына байланысты кейбір төлемдерге толық тыйым салынады. Ойын және интернет платформалары бақылау жүйелерін енгізуге және заң бұзған жағдайда жауап беруге міндетті.

АҚШ-та федералдық деңгейде бірыңғай тыйым болмаса да, бірқатар штаттар балалар деректерін қорғау мен жасын растау талаптарын күшейтіп келеді.

Бұл тәжірибелердің барлығы бір нәрсені көрсетеді: балаларды қорғау – тек ата-ананың емес, мемлекеттің және цифрлық платформалардың ортақ жауапкершілігі.

Зиянды контенттің жасөспірімдерге әсері

Осы тақырып аясында зерттеу жасап, семинарлар өткізіп жүрген отбасы және бала тәрбиесі жөніндегі маман, «Жұбайлар құпиясы», «Дәстүріңді қадірле», «Абай қазынасы», «Балаңызды гаджеттен қорғаңыз» кітаптарының авторы Қазим Мұстахимұлымен тілдестік. Маман бала тәрбиесінде ешқашан кешігуге болмайтынын, қазірден бастап нақты шешім қабылдап, оны жүзеге асыру керектігін айтады.

Фото: Пікір иесінің жеке мұрағатынан

- ХХІ ғасыр дерті деп аталатын номофобия, яғни телефонсыз қалудан қорқу – соңғы жылдары кең тараған психологиялық құбылыс. Кез келген нәрсенің пайдалы және зиянды жағы қатар жүреді. Қолымыздағы «ақылды» телефон да дәл солай. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда, әсіресе жастар арасында бұл құрылғыны шектен тыс, қадағалаусыз және мағынасыз пайдалану белең алған. Бұл – уақыттың босқа кетуіне, денсаулықтың нашарлауына, демалыстың сапасыз болуына және отбасылық қатынастардың әлсіреуіне себеп. Біздің мақсат – телефонды мүлде қолданбау емес, оны дұрыс, пайдалы әрі өлшеммен пайдалану мәдениетін қалыптастыру - , дейді ол.

Қазим Мұстахимұлы сонымен бірге ақпараттық иммунитет - өте маңызды ұғым екенін айтады.

- Адам ағзасы сияқты, сана да өзін шектен тыс зиянды ақпараттық вирустардан қорғай білуі керек. Интернеттегі миллиондаған ақпараттың бәрін сіңіру мүмкін емес. Сондықтан балаға экранды мүлде алып қоюдан бұрын, оны дұрыс және пайдалы қолдануды үйрету қажет.

Мысалы, бала телефон сұрады делік. Ата-ана оған нақты уақыт, мақсат пен шекара белгілеп беруі керек. Сонымен қатар, бала қандай контент көріп отырғанын қадағалау, түсіндіру, пікір айту – өте маңызды. «Бұл ойын сенің жасыңа арналмаған», «Бұл мультфильм біздің ұлттық құндылықтарға қайшы», «Мынаны көруге болады, ал ананы әзірге көрмегенің дұрыс» деген секілді нақты ескертулер керек, - деді ол.

Психологтер мен зерттеушілердің пайымынша, бақылаусыз цифрлық орта жасөспірімдерге бірнеше бағытта кері әсер етеді:

• психологиялық күйзеліс, депрессия, өз-өзіне сенімсіздік;

• суицидтік ойлар мен қауіпті челлендждерге еліктеу;

• агрессия мен зорлық-зомбылықты қалыпты құбылыс ретінде қабылдау;

• жалған құндылықтар мен манипуляциялық ақпаратқа сену;

• тәуелділік (экран уақытының артуы).

Жасөспірімнің сыни ойлау қабілеті әлі толық қалыптаспағанын ескерсек, алгоритмдер арқылы ұсынылатын контент оның дүниетанымына тікелей ықпал етеді.

Қалай сақтануға болады?

Әлеуметтік желі мен цифрлық кеңістіктегі қауіп-қатерден қорғау мәселесі бүгінде тек бір саланың емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігіне айналды. Мамандар ұсынған сақтану жолдарын сараласақ, ең тиімді тәсіл – шектеу шаралары мен ағартушылық жұмысты қатар жүргізу екені анық байқалады.

Фото: Анадолы

Ең алдымен, мемлекеттік деңгейдегі шешімдердің маңызды рөл атқаратынын байқаймыз. Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшелігін ескеретін нақты шектеулер мен жауапкершілік нормаларын енгізу цифрлық қауіпсіздіктің құқықтық негізін қалыптастырады. Сонымен қатар, халықаралық және жергілікті онлайн-платформаларға қойылатын талаптарды күшейту, олардың контент саясаты мен алгоритмдерінің ашықтығын талап ету маңызды. Жасын растаудың қауіпсіз цифрлық тетіктерін енгізу арқылы балалардың өз жасына сай емес контентке қол жеткізуін шектеу де өзекті міндеттердің бірі.

Бұл шаралар білім беру жүйесіндегі ағартушылықпен ұштасуы тиіс. Мектеп бағдарламасында медиасауат пен цифрлық гигиенаға ерекше мән беру – баланың ақпаратты саналы қабылдау қабілетін арттырады. Оқушы тек техникалық дағдыларды ғана емес, жалған ақпаратты, манипуляция мен зиянды контентті ажырата білуді үйренуі қажет. Осылайша, бала сыртқы шектеуге ғана емес, өзінің ішкі қорғаныс тетігіне де сүйене алатын деңгейге жетеді.

Отбасындағы тәрбиенің орны бөлек. Ата-ана мен бала арасындағы ашық әрі сенімді диалог – кез келген бақылау құралынан әлдеқайда тиімді. Баланың интернеттегі белсенділігіне қызығушылық танытып, оның не көріп, не оқып жүргенін бірге талқылау қауіптің алдын алады. Экран уақытын реттеу, ата-аналық бақылау функцияларын пайдалану да маңызды, алайда бұл шаралар тыйым салу емес, түсіндіру мен келісімге негізделгені жөн.

Қоғамдық деңгейдегі қолдау бұл жүйені толықтыра түседі. Сапалы, отандық балалар контентін дамыту – шетелдік өнімдерге балама ұсынып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің де тиімді жолы. Психологтар, педагогтер және ІТ мамандардың бірлескен жұмысы арқылы балалардың психологиялық әл-ауқатын сақтауға бағытталған кешенді шешімдер қабылдануы қажет.

Осылайша, сақтану жолдары бір-бірінен бөлек емес, өзара сабақтас жүйе ретінде іске асқанда ғана нәтижелі болады. Тек шектеу қою жеткіліксіз, баланың цифрлық ортада өзін-өзі қорғау дағдысын қалыптастыру – ұзақ мерзімді әрі тұрақты қауіпсіздіктің кепілі. Сонымен бірге, шетелдік платформалармен жүйелі диалог жүргізіп, ұлттық заңнама талаптарын орындауға міндеттеу – қазіргі уақыттың нақты талабы.

Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар мен Үкіметтің батыл ұстанымы осы бағыттағы жүйелі саясаттың басталғанын аңғартады. Ендігі міндет – қабылданатын шешімдердің қағаз жүзінде қалмай, нақты нәтиже беруі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 14:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары