2027 жылы Қазақстанда Бұланты шайқасының 300 жылдығы мерекеленеді
Qazaq24.com сообщает, что по информации сайта Informburo.KZ.
2027 жылы Қазақстанда Бұланты шайқасының 300 жылдығы мерекеленеді. Бұл күн Ұлытау облысы әкімдігінің ұсынысы бойынша 2026-2028 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күндер тізбесіне енгізілген. Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтың мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған.
"Бұланты шайқасы бойынша бүгінгі күнге дейін ауыздан-ауызға жеткен фольклорлық, археологиялық және топонимикалық деректерге сүйене отырып, Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендерінің аралығы шайқас орны ретінде айқындалды. Дегенмен, Бұланты шайқасына қатысты деректердің әлі де сирек екенін ескере отырып, оның тарихтағы орнын айқындау мақсатында қосымша зерттеулер жүргізу, архивтік деректерді іздестіру және шайқас орнын нақтылаудың маңызы ерекше", – деді Қанат Ысқақов.
Қазіргі таңда Ұлытау облысының әкімдігі тарихи-танымдық экспедициялар, ғылыми конференциялар өткізу сияқты іс-шараларды ұйымдастыру және Бұланты кешенін абаттандыру мәселелерін қарастырып жатыр.
"Мерейтой аясында өткізілетін ғылыми конференцияны Ғылым және жоғары білім министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғалымдарының әлеуетін пайдалана отырып өткізу тиімді. Сонымен қатар, республикалық музейлер мен музей-қорықтардың әлеуетін пайдалана отырып, тиісті шараларды ұйымдастыру мәселесі де назардан тыс қалмайды. Бұланты шайқасы – Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресінің және ұлттық бірлігінің символы, патриоттық тәрбие мен тарихи сананы қалыптастырудағы маңызды мұра", – деп түйіндеді Қанат Ысқақов.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:75
Эта новость заархивирована с источника 31 Октября 2025 15:36 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















