Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Министром транспорта назначена Асел Жанасова Аналитический интернет журнал Власть

Расставшуюся пару блогеров арестовали в СКО

Проверка Минобороны Казахстана: силовики изучают уже 37 дел

По делу о гибели военнослужащих на Каспии арестованы восемь должностных лиц Генпрокуратура Аналитический интернет журнал Власть

Убитая в Дворце бракосочетания в Актобе была матерью четверых детей

Хотите переехать в Казахстан? Рассказываем, как получить статус кандаса

Азарт выходит за пределы ставки: какую реальную защиту дает Единая система учета (ЕСУ)

Объявлена дата запуска поездов Stadler в Казахстане. Как купить билет?

Король Иордании прибыл в Казахстан

Хакеры атаковали систему охлаждения на складах службы крови Франции

Невидимая угроза в розетке: к чему приводит бесконтрольная зарядка мобильных устройств

Иссыкская чаша и труды Копеева вошли в реестр Память мира

Как бизнесу защитить свои права: Жанна Хамзина об арбитраже в Казахстане

Вице премьера Баварии нашли мертвым в отеле в Берлине

КНБ задержал инспектора службы пробации после получения 400 тыс. тенге

Заболеваемость корью выросла почти в 17 раз в ЗКО: казахстанцы спорят о прививках

Масштабное перекрытие в Астане: как изменится движение на Аль Фараби с 5 ноября

В Астане не замечал, чтобы после обеда свет включали глава Минэнерго о переводе времени

Кофе хороший, адрес подвел: как проверить место для кафе в Алматы до аренды

14 летний казахстанец выполнил гроссмейстерскую норму на KazChess Masters Almaty

29 қарашада мәслихат сайлауы өтеді. Өзекті 10 сұраққа жауап

29 қарашада мәслихат сайлауы өтеді. Өзекті 10 сұраққа жауап

Согласно информации сайта Informburo.KZ, сообщает Qazaq24.com.

29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Ел бойынша 228 мәслихаттың 3 447 депутатын сайлау жоспарланған. Дауыс беру тәртібі қандай, кандидаттар қалай ұсынылады және сайлаушылар нені білуі керек? Informburo.kz түсіндіреді.

№1. Мәслихат немен айналысады?

Мәслихат – жергілікті халықтың мүддесін білдіретін өкілді орган. Оның депутаттары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді қарайды, жергілікті бюджетті бекітуге және оның орындалуын бақылауға қатысады. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктердің жұмысына қатысты бірқатар мәселелерді қарастырады.

№2. Сайлау қашан және қалай өтеді?

Сайлау 2026 жылғы 29 қарашада өтеді. Депутаттар жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады. 

Негізгі күндер:

14-27 қазан – кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну кезеңі. 1 қараша, сағат 18:00 – кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталды. 1-27 қараша – сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңі. 28 қараша – тыныштық күні. Бұл күні сайлау алдындағы үгітке жол берілмейді. 29 қараша – дауыс беру күні. Әдетте сайлау учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 

№3. Қанша депутат сайланады?

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау нәтижесінде 20 облыстық, 38 қалалық және 170 аудандық мәслихаттың құрамы жаңарады.

Облыстық мәслихаттарда – 668, қалалық мәслихаттарда – 626, аудандық мәслихаттарда 2 153 депутаттық мандат бар. Осылайша, ел бойынша барлығы 3 447 депутат сайланады.

№4. Кандидаттар қалай ұсынылады?

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынудың бірнеше жолы бар:

Партиялық тізім арқылы. Саяси партиялар кандидаттарын партиялық тізімге енгізе алады. Бірмандатты округ арқылы. Саяси партиялар мен заңда көзделген жағдайларда қоғамдық бірлестіктер кандидат ұсына алады. Өзін-өзі ұсыну арқылы. Азаматтар бірмандатты сайлау округі бойынша өз кандидатурасын ұсына алады.

Мәслихат депутаты болу үшін Қазақстан азаматы 20 жасқа толуы керек.

№5. Қай партиялар сайлауға қатысады?

Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының сайлауына төмендегі саяси партияларды жіберу туралы қаулылар қабылдады:

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы; "Ауыл" партиясы; "Әділет" партиясы; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия; Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы; Қазақстан Халық партиясы; "Respublica" партиясы.

№6. Сайлауға қатысу жарнасы қанша?

Конституциялық заңның 104-бабына сәйкес, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар жергілікті атқарушы органдардың шотына партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын өз қаражаты есебінен аударады. Қазіргі уақытта ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшері – 425 000 теңге.

Ал өзін-өзі ұсыну тәртібімен мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған азамат белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін, тіркеуге дейін жергілікті атқарушы органдардың шотына дәл осындай мөлшерде сайлау жарнасын енгізеді.

Ал аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында 5%-дан көп дауыс жинаған саяси партиялар сайлау жарнасын төлеуден босатылады. Ал алдыңғы сайлауда 3-5% дауыс жинаған саяси партиялар сайлау жарнасының 50%-ын, 1-3% дауыс жинаған саяси партиялар сайлау жарнасының 70%-ын төлейді.

Алайда сайлау нәтижесінде саяси партия немесе өзін-өзі ұсынған кандидат кемінде бес пайыз дауыс жинаса, сайлау жарнасы қайтарылады. Қалған жағдайларда сайлау жарнасы қайтарылмайды және республикалық бюджет кірісіне аударылады.

№7. Депутаттар қандай жүйемен сайланады?

Сайлау жүйесі мәслихаттың деңгейіне байланысты ерекшеленеді.

Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихатында аралас сайлау жүйесі қолданылады. Депутаттардың жартысы партиялық тізім бойынша, ал екінші жартысы бірмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Егер мандат саны тақ болса, жартысынан асатын бөлігі бірмандатты округтер арқылы бөлінеді. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихатында депутаттар бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Бұл жағдайда сайлаушылар нақты кандидаттарға дауыс береді.

№8. Үміткерлер тізімін қайдан көруге болады?

Мәслихат сайлауына түсетін үміткерлер тізімі Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланған:

Абай облысы Ақмола облысы Ақтөбе облысы Алматы облысы Атырау облысы Батыс Қазақстан облысы Жамбыл облысы Жетісу облысы Қарағанды облысы Қостанай облысы Қызылорда облысы Маңғыстау облысы Павлодар облысы Солтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы Ұлытау облысы Шығыс Қазақстан облысы Астана қаласы Алматы қаласы Шымкент қаласы

№9. Дауыс беру қалай өтеді?

29 қарашада сайлаушылар өздерінің тіркелген тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесіне барып, дауыс бере алады. Учаскелердің негізгі жұмыс уақыты – сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін. Жекелеген учаскелерде заңда белгіленген шекте басқа уақыт белгіленуі мүмкін.

Сайлаушы өзіне қатысты деректердің сайлаушылар тізіміне дұрыс енгізілгенін алдын ала тексергені жөн. Тізімдермен танысу 13 қарашадан басталады. 

№10. Сайлау қорытындысы қашан шығады?

Сайлау қорытындысы дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірілмей анықталуға тиіс. Яғни, 4 желтоқсанға дейін анықталады. 

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:76
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 05 Ноября 2026 15:07
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Министром транспорта назначена Асел Жанасова Аналитический интернет журнал Власть

03 Ноября 2026 18:31see128

Расставшуюся пару блогеров арестовали в СКО

05 Ноября 2026 14:43see114

Проверка Минобороны Казахстана: силовики изучают уже 37 дел

05 Ноября 2026 16:24see113

По делу о гибели военнослужащих на Каспии арестованы восемь должностных лиц Генпрокуратура Аналитический интернет журнал Власть

05 Ноября 2026 14:49see112

Убитая в Дворце бракосочетания в Актобе была матерью четверых детей

05 Ноября 2026 14:24see111

Хотите переехать в Казахстан? Рассказываем, как получить статус кандаса

05 Ноября 2026 14:46see110

Азарт выходит за пределы ставки: какую реальную защиту дает Единая система учета (ЕСУ)

05 Ноября 2026 14:42see110

Объявлена дата запуска поездов Stadler в Казахстане. Как купить билет?

05 Ноября 2026 15:04see110

Король Иордании прибыл в Казахстан

05 Ноября 2026 15:49see110

Хакеры атаковали систему охлаждения на складах службы крови Франции

05 Ноября 2026 15:08see109

Невидимая угроза в розетке: к чему приводит бесконтрольная зарядка мобильных устройств

05 Ноября 2026 15:37see109

Иссыкская чаша и труды Копеева вошли в реестр Память мира

05 Ноября 2026 15:54see109

Как бизнесу защитить свои права: Жанна Хамзина об арбитраже в Казахстане

05 Ноября 2026 14:45see109

Вице премьера Баварии нашли мертвым в отеле в Берлине

05 Ноября 2026 15:08see108

КНБ задержал инспектора службы пробации после получения 400 тыс. тенге

05 Ноября 2026 14:43see107

Заболеваемость корью выросла почти в 17 раз в ЗКО: казахстанцы спорят о прививках

05 Ноября 2026 17:30see105

Масштабное перекрытие в Астане: как изменится движение на Аль Фараби с 5 ноября

05 Ноября 2026 14:23see105

В Астане не замечал, чтобы после обеда свет включали глава Минэнерго о переводе времени

05 Ноября 2026 15:05see105

Кофе хороший, адрес подвел: как проверить место для кафе в Алматы до аренды

05 Ноября 2026 14:33see104

14 летний казахстанец выполнил гроссмейстерскую норму на KazChess Masters Almaty

05 Ноября 2026 14:48see104
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня