Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Миллиард на закупках: задержаны экс руководители ветеринарной службы в Туркестанской области

Использовали рептилий для запугивания жертв: полиция Италии обнаружила подпольный серпентарий

В Таразе наказали сразу девять водителей свадебного кортежа

Ночные гонки в Астане закончились арестом: водители Lexus и BMW получили по 10 суток

В Казахстане создают озера данных для внедрения ИИ в регионах

КНДР испытала новый мощный двигатель для ракет

В Сатпаеве простились со зверски убитыми матерью и дочерью

Пешеход на проезжей части едва не спровоцировал ДТП в Алматы

Почему так дорого? Алматинка пришла в ужас, увидев счет в квитанциях за комуслуги

Кайрат проиграл десятикратному чемпиону России Зениту в товарищеском матче

Продажа квартиры в Астане обернулась неожиданным подарком для женщины

Полицейские незаконно удерживали водителя в области Абай: раскрыты детали

Серия пенальти определила победителя матча FIFA Series между соперниками сборной Казахстана

Преступник проник в дом американки и шокировал ее странным поступком

Жители Актау пожаловались на слив неизвестной жидкости в Каспий (видео)

Казахстанец выиграл медаль на этапе Кубка мира по артистическому плаванию

МИД РК прокомментировал конфликт с участием казахстанцев в России

Школа жизни для молодежи

Пехота США высадилась в Персидском заливе, к войне подключились хуситы: что известно об обострении конфликта на Ближнем Востоке

Карманники атакуют: топ городов, где туристам стоит быть особенно осторожными

2026 жылы әскерге шақыру тәртібі өзгерді. 27 жасқа дейінгі ер азаматтар үшін 15 сұраққа жауап

2026 жылы әскерге шақыру тәртібі өзгерді. 27 жасқа дейінгі ер азаматтар үшін 15 сұраққа жауап

Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Биылдан бастап азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары жаңарды. Үкімет тиісті қаулыға 2025 жылғы 31 желтоқсанда қол қойды. Енді әскерге шақыру науқаны қалай өтеді? Informburo.kz түсіндіреді.

№1. Әскерге кім шақырылады?

Әскерге. 18-27 жастағы ер азаматтар шақырылады. Соның ішінде:

мектеп түлектері; колледж түлектері; бакалаврлар; магистрлер.

Жаңа заң "білім берудің әр деңгейіне – бір ғана кейінге қалдыру" қағидатын енгізді. Яғни диплом қорғаған сәттен бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру күші бірден жойылуы мүмкін.

№2. Әскерге шақырылған азаматтар қалай іріктеледі?

Енді әскери комиссариаттар әскерге шақыру науқанының басталуын күтпей-ақ, азаматтардың деректерін алдын ала талдайтын болады. Көктемгі шақыруға жататын азаматтардың құжаттары екі кезеңге бөліп:

10 қаңтардан 28 ақпанға дейін және 10 шілдеден 28 тамызға дейін қорғаныс істері басқармаларында; 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жиын пунктінде қаралады.

Олар нені тексереді?

Алдын ала тексеру кезінде әскери комиссариаттың лауазымды тұлғалары әскери бөлімдердің өкілімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен шақырылушы туралы толық дерекқор (досье) жинайды. Онда шақырылушының:

жұмыс (оқу) орны туралы; білімінің бар-жоғы туралы; отбасы құрамы туралы; жүргізуші куәлігінің бар-жоғы туралы; Қазақстан Республикасының аумағында болуы туралы; қылмыстық құқық бұзушылық жасаған-жасамағаны туралы мәліметтері жинақталады.

Осылайша, іріктеп алынған әскерге шақырылушылардың тізімі 28 ақпанға және 28 тамызға қарай қорғаныс істері департаментіне жіберіледі.

№3.  Әскерге шақыру қалай жүргізіледі?

Зерделеуден өткен азаматтардың телефон нөміріне және eGov порталындағы жеке кабинетіне электронды шақыру қағазы жіберіледі. Онда қай күні, қай мекенжайға қандай себеппен келу керек екені жазылады. 

Деректер базасында азаматтың телефон нөмірі туралы мәлімет болмаса, қағаз түріндегі шақыру оның үйіне немесе жұмыс орнына, оқу орнына жіберіледі. Жергілікті әскери басқару органдарының уәкілетті адамдары, ұйым басшысы не пошта операторының курьері шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне табыс етіп, қол қойдырады. 

№4. Әскерге шақыру қағазын қабылдамауға бола ма?

Әскерге шақырылған азамат шақыру қағазын қабылдаудан бас тартса, оны табыс ететін адам шақыру қағазына тиісті белгі қойып, жергілікті әскери басқару органына қайтарады. Алайда шақыру қағазын қабылдаудан бас тартқан азамат тиісті түрде хабарланған болып саналады.

Ал егер азаматтың телефон нөмірі өзгеріп кетуіне байланысты eGov порталына және нөміріне жіберілген шақыру хабарламасын оқымаса, ол тиісті түрде хабарланған деп танылмайды.

№5. Шақыру алғаннан кейін не істеу керек?

Медициналық тексеру мақсатымен шақырылған азамат шақыруда көрсетілген күні тиісті мекенжайға келіп, денсаулығы әскери қызметке қаншалық жарамды екенін анықтау үшін аудандық және облыстық медицина комиссия қарауынан өтеді.

Облыстық (қалалық) жинақтау пунктінде шақырылушылар денсаулық, отбасы жағдайы, моральдық-іскерлік қасиеті, психологиялық зерттеу мен наркологиялық тестілеу нәтижесі бойынша әскери бөлімге бөлінеді.

Іріктеуден, сұхбаттасудан өткен және әскери команда құрамына кірген азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының бұйрығы шығады. Осы бұйырқы шыққан күн әскери қызметтің басталу күні деп есептеледі.

Айта кетейік, медициналық комиссиядан өту кезінде азаматтың жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады.

№6. Шақырылған күні келмесе, не болады?

Әскерге шақыру алған азамат белгіленген мерзімде келе алмаса, өзін шақырған жергілікті әскери басқару органын хабардар етуге міндетті.

Азаматтың келмеуінің дәлелді себептеріне:

ауыр сырқат; жақын туыстарының, жұбайының қайтыс болуы; зілзала, адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер; неке қиюды мемлекеттік тіркеу; Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болу жатады.

Бұдан өзге себептермен келмеген жағдайда, бұл жұмыс тиісті ішкі істер органына, яғни полицияға жүктеледі. 

№7. Полиция әскерге әкете ала ма?

Бұрын полиция әскерге шақыру ісінде тек белгілі бір жағдайларда ғана жұмылдырылса, енді әскерге шақырудан жалтарғандарды ұстауға белсенді қатысады. 

Атап айтқанда полиция:

Әскерден жалтарғандарды іздеу; Әскери міндетін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау; Әскерге шақырылғандарды жөнелту кезінде шақыру пункттері мен жинақтау пункттерінің аумағында (оның ішінде вокзалдар мен әуежайларда) патрульдеу жүргізу; Шақырылушыларды қызмет өтейтін орындарға жеткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.

№8. Әскерде әлімжеттікке тап болса, қайда шағымдануға болады?

Әскерде зорлық-зомбылық, әлімжеттік, қысым көрсету, заңсыз әрекеттер қылмыс болып саналады. Сол бойынша шағымдануға болатын мекемелер:

Бас әскери прокуратураның колл-орталығының нөмірі: 115  Ішкі істер министрлігінің сенім телефоны: 1402 ҚР Қарулы күштері әскери полициясы бас басқармасы:  +7(7172)54-16-81 ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті: 110 Полиция шақыру: 102 Жедел жәрдем: 103 "Қазақстан әскерінің аналары" ұйымы: +7 (707) 498-60-63, +7 (778) 366-15-54, +7 (700) 363-47-00

Сонымен қатар әр әскери бөлімшеде әскери прокуратура, әскери-тергеу басқармаларының офицерлері, әскери полиция органдары, өңірлік қолбасшылық пен әскери бөлім басшылығының сенім телефоны жазылған тақта болуға тиіс . Сол нөмірлер бойынша да хабарласуға болады.

№9. Әскерден жалтарғандар қалай жазаланады?

Әскери қызмет өткеруден жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мәселен:

Әскерге шақыртуды алып, көрсетілген мерзiмде себепсіз келмесе – 21 625 теңге (5 АЕК) мөлшерiнде айыппұл салынады;

Медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтарғандарға – ескерту жасалады немесе 12 975 теңге (3 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.

Ал әскери қызметтен жалтарғандар үшін Қылмыстық кодекстің 387-бабына сай 4 млн 325 мың теңге (1000 АЕК) айыппұл немесе түзеу жұмыстары немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған;

Өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы, аурумын деп жалған сылтаурату жолымен, жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы әскерден жалтарғандарға – 12 млн 975 мың теңге (3000 АЕК) дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер әскерге шақырылушы тергеп-тексеру органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

№10. Әскерге баламалы қызмет бар ма?

Қазақстанда әскерге баламалы қызмет қарастырылмаған. Дегенмен, 24 жастан асқан азаматтарға Қорғаныс министрлігінің "Әскери-техникалық мектебінде" ақылы негізде әскери есептік мамандық алуға мүмкіндік бар.

Оқыту мерзімі – 40 тәулік, құны – 390 000 теңге. Бұл сомаға тәулігіне үш мезгіл ыстық тамақ, киім-кешек, оқу процесінің шығыстары (оқу ату жаттығулары, жанармай-жағармай) және казармада тұру кіреді.

Әскери-техникалық мектебінің түлектері мерзімді әскери қызметке шақырылмайды.

№11. Әскерді кейінге шегеруге бола ма?

Оқу оқып жатқан 18-ден 27 жасқа дейінгі жастарға әскери борышын өтеу мерзімін кейінге шегеруге болады. Оның ішінде:

отбасылық жағдайына байланысты; білімін жалғастыру үшін; денсаулығына байланысты; педагогтарға – еңбек еткен уақытына; ауылдық жердегі дәрігерлерге – еңбек еткен уақытына; Парламент немесе жергілікті өкілді органдар депутаттарына; тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқан азаматтарға; азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипаждары мен су көліктері экипаждарының мүшелеріне; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіби дайындықтан өтіп жатқан азаматтарға әскерге шақыруды шегеруге рұқсат беріледі.

№12. Әскерден кім толықтай босатылады?

Әскерден толық босатылатындар:

денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар; заңды негізде мерзімді әскери қызметке шақырылмай, 27 жасқа толғандар; туыстары (әке, шеше, аға, әпке) әскери борышын өтеп жүріп қаза тапқан, қайтыс болған немесе I, II топ мүгедектігі белгіленгендер; басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызметін өтегендер; Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарында қызмет еткендер; ғылыми дәрежесі барлар; тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері.

Сонымен қатар, бейбіт уақытта сотталған азаматтар әскери қызметке шақырылмайды.

№13. Денсаулығына байланысты кімді әскери қызметтен босатады?

Әскерге жарамдылықтың 6 санаты бар:

"А" – әскери қызметке жарамды; "Б" – кішігірім шектеулермен әскери қызметке жарамды; "В" – әскери қызметке шектеулі жарамды (келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлеріне қатысты); "Г" – әскери қызметке уақытша жарамсыз; "Д" – бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды; "Е" – әскери есептен басқа әскери қызметке жарамды емес.

Денсулық жағдайына байланысты әскерден босатуға жататын аурулардың тізімі бар. Мысалы, туберкулезбен, көз ауруымен, қатерлі ісікпен және басқа да аурулармен ауыратын адам әскерге мүлдем жарамсыз деп танылады. Тізім мерзімді түрде жаңартылып отырады және оны осы жерден көруге болады.

№14. Кімдер отбасылық жағдайына байланысты әскерден босатылады?

Әскери борышты өтеу мерзімін отбасылық жағдайға байланысты да кейінге шегеруге болады. Ол басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша аталған отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.

Атап айтқанда:

әкесi, анасы, зайыбы, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса; ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері; әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi); өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) асырап отырған анасы (әкесi); бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi; отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болса; анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) болса; ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға; некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтарға мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі.​

№15. Әскери кафедрада оқу әскерден босата ма?

Университеттің әскери кафедрасында оқығандар оқу орнын бітірген кезде лейтенант шенін алады және әскери қызметке шақырылмайды.

Алайда кейбіреуі әскерге баруға міндеттеледі.

Жыл сайын үкімет қанша запастағы офицерлерді әскери қызметке шарықу керек екені туралы қаулы шығарып отырады. Мәселен, биыл 850-ден астам запастағы офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр. 

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:65
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 06 Февраля 2026 13:19
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Миллиард на закупках: задержаны экс руководители ветеринарной службы в Туркестанской области

28 Марта 2026 10:42see561

Использовали рептилий для запугивания жертв: полиция Италии обнаружила подпольный серпентарий

29 Марта 2026 14:44see391

В Таразе наказали сразу девять водителей свадебного кортежа

28 Марта 2026 12:37see248

Ночные гонки в Астане закончились арестом: водители Lexus и BMW получили по 10 суток

28 Марта 2026 12:41see218

В Казахстане создают озера данных для внедрения ИИ в регионах

28 Марта 2026 12:40see197

КНДР испытала новый мощный двигатель для ракет

29 Марта 2026 15:03see193

В Сатпаеве простились со зверски убитыми матерью и дочерью

29 Марта 2026 00:04see191

Пешеход на проезжей части едва не спровоцировал ДТП в Алматы

29 Марта 2026 11:01see186

Почему так дорого? Алматинка пришла в ужас, увидев счет в квитанциях за комуслуги

29 Марта 2026 11:01see182

Кайрат проиграл десятикратному чемпиону России Зениту в товарищеском матче

29 Марта 2026 00:00see182

Продажа квартиры в Астане обернулась неожиданным подарком для женщины

28 Марта 2026 23:58see180

Полицейские незаконно удерживали водителя в области Абай: раскрыты детали

28 Марта 2026 23:58see179

Серия пенальти определила победителя матча FIFA Series между соперниками сборной Казахстана

28 Марта 2026 19:24see168

Преступник проник в дом американки и шокировал ее странным поступком

29 Марта 2026 19:13see166

Жители Актау пожаловались на слив неизвестной жидкости в Каспий (видео)

28 Марта 2026 11:21see158

Казахстанец выиграл медаль на этапе Кубка мира по артистическому плаванию

28 Марта 2026 14:24see155

МИД РК прокомментировал конфликт с участием казахстанцев в России

28 Марта 2026 14:15see154

Школа жизни для молодежи

28 Марта 2026 03:35see151

Пехота США высадилась в Персидском заливе, к войне подключились хуситы: что известно об обострении конфликта на Ближнем Востоке

29 Марта 2026 11:36see151

Карманники атакуют: топ городов, где туристам стоит быть особенно осторожными

28 Марта 2026 03:35see151
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня