30 жылда бір кітабы мың рет шыққан авторлар бар Аида Балаева кітап тапшылығы туралы
Qazaq24.com сообщает, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда балалар кітапханаларының мәселесін көтерді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.
"Еліміздегі кітапханаларда оқитын кітап аз деуге болады. Өйткені осы отыз жылда бір автордың кітабы жүз, екі жүз, тіпті мың рет шыққан деректер бар. Атауын өзгертіп қайта-қайта шығара береді. Біз әр кітапхананың кітап қорын зерделеп шықтық. Шынымен, мұндай өкінішті жағдайлар көп кездесті. Балалар өзі оқығысы келіп, іздеген кітабын таба алмайды. Балалардың кітапқа қызығушылығын арттырғымыз келеді, бірақ олардың сұранысын қанағаттандыратын дүниелер жоқтың қасы. Ол үшін толық деңгейде жағдай жасай алмай келе жатқанымызды ашық айтуымыз керек", – деді Аида Балаева.
Осы ретте министр Үкімет деңгейінде комиссия құрып, кітапханалар қорын толықтыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:112
Эта новость заархивирована с источника 19 Января 2026 11:56 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















