Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Невидимая угроза в розетке: к чему приводит бесконтрольная зарядка мобильных устройств

По делу о гибели военнослужащих на Каспии арестованы восемь должностных лиц Генпрокуратура Аналитический интернет журнал Власть

Кофе хороший, адрес подвел: как проверить место для кафе в Алматы до аренды

Проверка Минобороны Казахстана: силовики изучают уже 37 дел

Расставшуюся пару блогеров арестовали в СКО

Хакеры атаковали систему охлаждения на складах службы крови Франции

Азарт выходит за пределы ставки: какую реальную защиту дает Единая система учета (ЕСУ)

Король Иордании прибыл в Казахстан

Убитая в Дворце бракосочетания в Актобе была матерью четверых детей

Представители 27 стран обсудили борьбу с киберпреступностью на встрече в Астане (ВИДЕО)

Иссыкская чаша и труды Копеева вошли в реестр Память мира

Заболеваемость корью выросла почти в 17 раз в ЗКО: казахстанцы спорят о прививках

Масштабное перекрытие в Астане: как изменится движение на Аль Фараби с 5 ноября

Хотите переехать в Казахстан? Рассказываем, как получить статус кандаса

Как бизнесу защитить свои права: Жанна Хамзина об арбитраже в Казахстане

В Астане не замечал, чтобы после обеда свет включали глава Минэнерго о переводе времени

Вице премьера Баварии нашли мертвым в отеле в Берлине

Объявлена дата запуска поездов Stadler в Казахстане. Как купить билет?

Международная конференция по борьбе с киберпреступностью прошла в Астане (видео)

КНБ задержал инспектора службы пробации после получения 400 тыс. тенге

35 жылдық серіктестік: Қазақстан мен АҚШ ты не байланыстырады

35 жылдық серіктестік: Қазақстан мен АҚШ ты не байланыстырады

По данным сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Алматыда АҚШ-тың бас консулы Питер Кауфман БАҚ өкілдерімен жүздесті. Кездесу барысында дипломат екіжақты сауда-экономикалық және стратегиялық ынтымақтастық туралы сұрақтарға жауап берді. 

Питер Кауфман бұл қызметке осы жазда кірісті. Дипломатиялық миссиясын Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен АҚШ пен Қазақстан арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастардың 35 жылдығы тұсында бастап отырғанын ерекше атап өтті. Ол БАҚ өкілдерімен кездесуде Қазақстандағы алғашқы әсері, қазақ тілін үйренуі, екі ел арасындағы дипломатиялық және экономикалық байланыстар туралы айтты.

"Қазақ тілін үйреніп жүрмін"

Питер Кауфман АҚШ Мемлекеттік департаментінде жоғары лауазымды дипломатиялық қызметкерлерінің қатарына кіреді. Питер бұған дейін 2023-2025 жылдары АҚШ-тың Беларусьтегі миссиясында уақытша сенімді өкілі қызметін атқарды. Осы тағайындауға дейін ол 2018-2022 жылдары Бакудегі АҚШ елшілігінде және 2015-2017 жылдары Брюссельдегі АҚШ-Еуропалық медиа орталығында қызмет етті. Сонымен қатар Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымындағы (НАТО) АҚШ миссиясында, Мемлекеттік департаменттің Еуропалық және Еуразия істері бюросындағы Кавказ істері және аймақтық қақтығыстар басқармасында, сондай-ақ Мәскеу мен Вильнюсте жұмыс жасады.

"Екі ай бұрын жұбайым және балаларыммен бірге Қазақстанға келдім. Алматыдағы Бас консул ретінде қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе. Осы уақыт ішінде Алматыны біраз аралап, қаламен танысып үлгердім. Енді Қазақстанның әдемі табиғатын, тарихи және мәдени орындарын көру үшін аймақтарға саяхаттауды асыға күтемін. Алматы мен Қазақстан халқына жылы қарсы алғаны үшін алғысым шексіз. АҚШ – Қазақстанмен дипломатиялық байланыс орнатқан ең алғашқы мемлекет. Сол сәттен бері серіктестігіміз нығайып, өркендей түсті. Біз Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын мызғымас қолдауды әрі қарай да жалғастыра береміз", – деді Питер Кауфман.

Питер Кауфман / Фото: Informburo.kz

Алматыдағы жұмысын бастағанына екі ай болған Питер Кауфман қазақ тілін үйреніп жүргенін атап өтті.

"Қазақ тілі – әуезді әрі өте күрделі тіл. Оның өзіндік құрылымы мен үндестік заңы бар. Мен сияқты жаңа үйреніп жүрген адам үшін бұл оңай емес, бірақ бұл – қазақ мәдениетін ерекшелендіріп тұратын сирек кездесетін бірегей қасиет", – деді АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы.

Бас консул Алматының ерекше қала екенін айтып, қала тұрғындарын Алматы күнімен құттықтады. Ол отбасымен бірге Үлкен Алматы көліне барып үлгерген.

Өзара тауар айналымы 7 млрд АҚШ долларына жетті

Қазақстан тәуелсіздік алғалы 35 жыл ішінде АҚШ Қазақстан экономикасына 100 миллиард АҚШ долларынан астам сомада тікелей инвестиция салды. Соңғы бір жылдың өзінде екі ел компаниялары жалпы құны 17 миллиард доллар болатын маңызды келісімдерге қол қойған.

Бүгінгі таңда елімізде 600-ден астам америкалық кәсіпорын жұмыс істейді. Өзара тауар айналымы 7 миллиард долларға жетіп, 2020 жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік өсті.

"Қазақстанмен арадағы байланысымыз ешқашан дәл мұндай жоғары деңгейге жетпеген еді. Бұған екі ел арасындағы коммерциялық сектордың өркендеуі дәлел болып отыр. Бұл бағыт бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді", – деді Питер Кауфман.

Фото: АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулдығы

Бас консул екіжақты серіктестік энергетика саласында ғана емес, көлік-логистика, жасанды интеллект, авиация және сирек кездесетін металдар (критикалық минералдар) секторын игеруге бағытталғанын атап өтті.

"Сирек минералдарды өндіру мен өңдеу саласындағы ынтымақтастық екі тараптың да экономикалық өсіміне оң ықпал ететін өзара тиімді бағыт болып отыр. АҚШ Қазақстан үкіметімен тығыз жұмыс істей отырып, елдегі маңызды пайдалы қазбалардың мол қорын толыққанды игеруге жағдай жасауды мақсат етеді. Америкалық компаниялар Қазақстандағы осы секторға инвестиция салуға ерекше қызығушылық танытады", – деді Питер Кауфман.

АҚШ компаниялары өндіріске тек инвестиция емес, сонымен бірге озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтарды, экологиялық қауіпсіздік пен корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын енгізуге дайын. Бұл жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіби біліктілікті арттыруға жол ашады.

Дональд Трамп Қазақстанға келе ме?

Өңірлік интеграция алаңы ретінде басталған "C5+1", яғни Орталық Азия және АҚШ дипломатиялық платформасы бүгінде аясын кеңейтіп, коммерциялық және технологиялық жобалар тоғысқан орталыққа айналды. Тараптар жақын арада жасанды интеллект мәселелеріне арналған арнайы кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде Питер Кауфман екі ел басшыларының арасындағы тығыз диалогты ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың желтоқсан айында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуы екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайта түспек. Саммиттің күн тәртібінде экономикалық өсім, өңірлік қауіпсіздік және цифрландыру мәселелері бар.

Фото: АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулдығы

Информбюро тілшісі Тоқаев Трампты Қазақстанға бірнеше рет шақырғанын, АҚШ президенті Қазақстанға ресми сапармен келуі мүмкін бе екенін сұрады.

"Үмітім зор. Қазіргі таңда біздің мемлекеттеріміз арасындағы байланыс бұрын-соңды дәл мұндай берік болған емес. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп жиі сөйлеседі. Олардың арасында өте берік қарым-қатынас қалыптасқан. Меніңше, бұл қазіргі таңда екі ел арасындағы қарым-қатынаста байқалып отырған ерекше әрі бұрын-соңды болмаған динамиканы көрсетеді", – деді Питер Кауфман. 

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы 3000-нан астам қазақ студенттері Штаттардағы универистетттерді оқитынын және "Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарының 60%-ы Америка университеттерін таңдайтынынын мақтанышпен айтты. 

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
seeПросмотров:132
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 18 Сентября 2026 19:35
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Невидимая угроза в розетке: к чему приводит бесконтрольная зарядка мобильных устройств

05 Ноября 2026 15:37see129

По делу о гибели военнослужащих на Каспии арестованы восемь должностных лиц Генпрокуратура Аналитический интернет журнал Власть

05 Ноября 2026 14:49see129

Кофе хороший, адрес подвел: как проверить место для кафе в Алматы до аренды

05 Ноября 2026 14:33see120

Проверка Минобороны Казахстана: силовики изучают уже 37 дел

05 Ноября 2026 16:24see120

Расставшуюся пару блогеров арестовали в СКО

05 Ноября 2026 14:43see120

Хакеры атаковали систему охлаждения на складах службы крови Франции

05 Ноября 2026 15:08see119

Азарт выходит за пределы ставки: какую реальную защиту дает Единая система учета (ЕСУ)

05 Ноября 2026 14:42see118

Король Иордании прибыл в Казахстан

05 Ноября 2026 15:49see118

Убитая в Дворце бракосочетания в Актобе была матерью четверых детей

05 Ноября 2026 14:24see118

Представители 27 стран обсудили борьбу с киберпреступностью на встрече в Астане (ВИДЕО)

05 Ноября 2026 17:51see118

Иссыкская чаша и труды Копеева вошли в реестр Память мира

05 Ноября 2026 15:54see118

Заболеваемость корью выросла почти в 17 раз в ЗКО: казахстанцы спорят о прививках

05 Ноября 2026 17:30see118

Масштабное перекрытие в Астане: как изменится движение на Аль Фараби с 5 ноября

05 Ноября 2026 14:23see117

Хотите переехать в Казахстан? Рассказываем, как получить статус кандаса

05 Ноября 2026 14:46see117

Как бизнесу защитить свои права: Жанна Хамзина об арбитраже в Казахстане

05 Ноября 2026 14:45see116

В Астане не замечал, чтобы после обеда свет включали глава Минэнерго о переводе времени

05 Ноября 2026 15:05see116

Вице премьера Баварии нашли мертвым в отеле в Берлине

05 Ноября 2026 15:08see115

Объявлена дата запуска поездов Stadler в Казахстане. Как купить билет?

05 Ноября 2026 15:04see115

Международная конференция по борьбе с киберпреступностью прошла в Астане (видео)

05 Ноября 2026 17:33see115

КНБ задержал инспектора службы пробации после получения 400 тыс. тенге

05 Ноября 2026 14:43see114
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня