Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Количество проданных билетов на концерт Кайрата Нуртаса в Шымкенте значительно превысило вместимость площадки полиция

Как правильно оспорить группу инвалидности, рассказали в Минтруда

Давка на концерте Кайрата Нуртаса задержан организатор

Уголовное дело возбудили после давки на концерте Кайрата Нуртаса в Шымкенте

Токаев и король Бельгии обменялись приветствиями в аэропорту Астаны

Опыт Казахстана по восстановлению тугайных лесов вошёл в число лучших

Яндекс ограничил скачивание файлов и папок после атак на дата центры

В Шымкенте построят корпус лицея и общежитие для девочек за 9,1 млрд теңге

Иностранец схватил алматинку за ягодицу

В Астане горело двухэтажное здание

Десятки двусторонних соглашений намерены подписать Казахстан и Бельгия

Таеквондистка Севостьянова принесла Казахстану бронзу этапа Гран при

Снова качели : тенге укрепляется на бирже в Казахстане

Битум горел на заводе в области Улытау

Не любую семью с доходом 350 тысяч тенге на человека будут считать богатой в Казахстане

Ученые смогли частично вернуть зрение незрячим пациентам

Телевизионную рекламу Трампа запретили показывать в США

Президент Токаев встретил короля Бельгии Филиппа и королеву Матильду в Астане

Крылатые хищники в небе Бозанбая

Не запустили, а он уже течет : алматинка пожаловалась на новую остановку в мегаполисе

Әскери қақтығыстар жағдайындағы туризм: сақтандыру полисі форс мажорда қалай жұмыс істейді

Әскери қақтығыстар жағдайындағы туризм: сақтандыру полисі форс мажорда қалай жұмыс істейді

Qazaq24.com сообщает, что по информации сайта Informburo.KZ.

Геосаяси жағдайдың ушығуы салдарынан Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Оман бағыттарындағы туристік белсенділік бәсеңдеп, рейстер кестесіне өзгерістер енді. Сала мамандары демалушылар арасында үрей басым екенін, тіпті соғыс ошағынан алыс жатқан елдерге де тапсырыстардан бас тартып жатқандар бар екенін айтады. Қазіргі таңда қай бағыттар қауіпсіз және сақтандыру полисі форс-мажор жағдайында қалай жұмыс істейтіні туралы мамандар айтып берді. 

Таяу Шығыстағы жағдайдың туризмге әсері

Peak Tour туристік компаниясының директоры Наргиз Аршиддиннің айтуынша, Таяу Шығыстағы саяси тұрақсыздық отандық туризм нарығына өзіндік өзгерістер енгізіп, саяхатшылардың жоспарына тікелей әсер етіп жатыр. Көктемгі демалыс маусымы басталған тұста көпшіліктің сүйікті бағыттарына қатысты қауіп күшейіп, турларды брондау мен қайтару мәселесі өзекті бола түскен. Қалыптасқан жағдайға байланысты демалушылардың қауіпсіздігі мен қаржысын сақтаудың жаңа тетіктері қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда сала мамандары нарықтағы ахуалды жіті бақылап, туристер үшін тиімді балама жолдарды ұсынуда.

"Таяу Шығыстағы шиеленіс туризм саласына айтарлықтай салқынын тигізіп жатыр. Қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай, Фуджейра, Шарджа, Рас-әл-Хайма сияқты қалаларына, сондай-ақ Катарға жиі баратын. Қысқы салқыннан кейін көктемде бұл бағыттарда нағыз демалыс маусымы басталып, әсіресе балалармен баруға өте қолайлы уақыт туған еді. Алайда қазіргі жағдайға байланысты бұл жақтарға рейстер тоқтап, халық арасында үрей байқалды. Көптеген турист турларынан бас тартып, төлеген ақшасын қайтаруды талап етуде. Биыл жаңа бағыт ретінде ашылған Оман мемлекетіне де сатылым тоқтап қалды. Соғыс жағдайына байланысты сапарынан бас тартқандарға біз қаражатын толық қайтарып бердік. Алдыңғы кикілжіңдер кезінде сол жақта қалып қойған отандастарымызға барлық жағдай жасалып, олар елге аман-есен оралды. Дегенмен, адамдарда әлі де қорқыныш бар. Тіпті мамырдың соңында Түркияға баруды жоспарлағандардың өзі, соғыс ошағы басқа жақта болса да, "салқыны тие ме" деген қауіппен турларын тоқтатып жатыр. Ал Әзербайжан мен Грузия бағыттары бойынша нақты дерек айту қиын, өйткені бұл елдерге отандастарымыз көбіне тур сатып алмай, өз бетінше саяхаттайды", – дейді турагент Наргиз Аршиддин.

Балама бағыттар мен бағаның өсуі

Маманның айтуынша, танымал демалыс орындарындағы шектеулерге байланысты туристік нарықта бағыттардың қайта бөлінісі байқалады. Саяхатшылардың қауіпсіздігін бірінші орынға қоятын туроператорлар қазіргі таңда қолжетімді әрі сенімді балама елдерді ұсынып отыр. Сұраныстың басқа бағыттарға ауысуы баға саясатына да әсер етпей қоймайды. Сонымен қатар, кез келген төтенше жағдайда азаматтардың құқығын қорғайтын арнайы жүйелердің маңызы арта түскен.

"Қазіргі таңда біз Египет бағытын көбірек ұсынып жатырмыз. Сондай-ақ Вьетнамның Нячанг қаласында маусым басталып жатыр. Бұдан бөлек Тайланд, Бали, Куала-Лумпур бағыттарына сұраныс жоғары. Осыған байланысты аталған бағыттарда баға өсуі мүмкін. Себебі белгілі бір мемлекеттер жабылып, халық барудан қорыққан сайын, сұраныс басқа ашық бағыттарға ауысады да, бұл өз кезегінде бағаның көтерілуіне әкеледі. Біз туристердің қауіпсіздігін әрдайым басты орынға қоямыз. Бұған дейін қиын жағдайда қалған саяхатшыларды далада қалдырмай, БАӘ үкіметімен бірлесіп, қонақүй мен үш мезгіл тамағын толық қамтамасыз еткен болатынбыз. Қазіргі таңда біз ұсынатын әрбір дайын турпакеттің ішінде "туристік код" болады. Бұл – жай ғана құжат емес, төтенше жағдайлар, табиғи апат немесе соғыс кезінде мемлекет тарапынан туристерді бірінші кезекте елге қайтаруға кепілдік беретін маңызды құрал", – деді турагент Наргиз Аршиддин.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға Оңтүстік Кореядан келген туристер саны артты

Сақтандыру және ақшаны қайтару тәртібі

Компания директорының айтуынша, сақтандыру полисі бойынша мәселелерге тікелей сақтандыру компаниялары жауап береді. Дегенмен, Peak Tour компаниясы сататын турларда міндетті түрде медициналық сақтандыру мен туристік код болады.

Форс-мажор жағдайларда – ұшақ ұшпай қалса немесе тур тоқтатылса, туроператорлар мынадай нәрселерді ұсынады:

сапар мерзімін кейінге шегеру; басқа бағыттағы елді таңдау; ешқандай айыппұлсыз турды тоқтатып, ақшаны қайтару.

Алайда, мұнда бір ескеретін жайт бар: егер туроператор ресми түрде қауіпті деп жарияласа, ақша толық қайтарылады. Ал егер сапарға әлі 2-3 апта уақыт болып, туроператор жағдайды бақылап отырған кезде турист өз еркімен бас тартса, айыппұл ұсталып, ақшасы толық қайтпауы мүмкін.

Nazar Travel туристік агенттігінің өкілі Батырбек Нұрмағамбет те Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал кейбір танымал туристік бағыттардың кестесіне өзгерістер енгізуге мәжбүр еткенін айтады. Халықаралық жағдайға байланысты туроператорлар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жекелеген рейстердің уақытын қайта қарастыруда. Дегенмен, сұранысқа ие бірқатар елге сапарлар бұрынғы режимде сақталып, әуе қатынасы қалыпты жұмысын жалғастырып жатыр.

"Қазіргі таңда Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты кейбір туристік бағыттарда уақытша өзгерістер енгізіліп жатыр. Туроператорлардың берген ақпараты бойынша Катар бағытына турлар 24 сәуірге дейін, ал Дубайға рейстер 31 наурызға дейін уақытша тоқтатылған. Сонымен қатар Оман бағытына рейстер толықтай алып тасталды. Бұл жағдайлар алдағы уақытта өзгеруі мүмкін. Ал Әзербайжан, Түркия және Египет бағыттарына турлар бұрынғыдай жалғасып жатыр. Әсіресе Египетке рейстер тоқтаған жоқ. Туроператорлар берген мәліметке сәйкес, ұшақтар Әзербайжан, Армения, Кипр және Түркия арқылы ұшады. Бұл маршрут қазіргі жағдайға байланысты өзгерген жоқ, бұрыннан сол бағыт арқылы жүзеге асып келеді", – деді Батырбек Нұрмағамбет.

Сондай-ақ, ол қазіргі таңда халықаралық әуе қатынасының тұрақтылығы мен турпакеттердің құнына геосаяси факторлар тікелей әсер етіп отырғанына тоқталды. Кейбір бағыттарда әуе компаниялары бекітілген кестені қатаң сақтап, тасымалдау жұмыстарын үзіліссіз жалғастыруда. Дегенмен, нарықтағы сұраныстың өзгеруіне байланысты демалыс орындарының баға саясатында айтарлықтай айырмашылықтар байқалады. Маман демалушылардың таңдауы мен сыртқы жағдайларға байланысты кей бағыттардың қолжетімді бола түскенін, ал кейбірінде бағаның жоғарылағанын айтады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға Қытайдан келген туристер 5 жылда 9 есе артты

"Египет бағыты бойынша рейстерді Scat, Air Astana, Air Cairo және Red Sea әуе компаниялары бұрынғы кесте бойынша жалғастырып жатыр. Туроператорлардың айтуынша, бұл рейстер қазіргі геосаяси жағдайға тікелей байланысты емес және тұрақты түрде жүзеге асуда. Сонымен қатар қазіргі жағдай тур бағасына да әсер етіп отыр. Мысалы Египетке тур бағалары белгілі бір деңгейде арзандап жатыр. Ал тропикалық аймақтарға Вьетнам, Таиланд, Мальдив аралдары және Шри-Ланка бағыттарына тур бағалары өсіп жатыр", – деді Nazar Travel компаниясының өкілі. 

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:149
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 31 Марта 2026 14:56
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Количество проданных билетов на концерт Кайрата Нуртаса в Шымкенте значительно превысило вместимость площадки полиция

11 Октября 2026 17:52see270

Как правильно оспорить группу инвалидности, рассказали в Минтруда

11 Октября 2026 17:15see151

Давка на концерте Кайрата Нуртаса задержан организатор

11 Октября 2026 20:34see140

Уголовное дело возбудили после давки на концерте Кайрата Нуртаса в Шымкенте

11 Октября 2026 10:57see139

Токаев и король Бельгии обменялись приветствиями в аэропорту Астаны

11 Октября 2026 23:09see135

Опыт Казахстана по восстановлению тугайных лесов вошёл в число лучших

11 Октября 2026 19:43see135

Яндекс ограничил скачивание файлов и папок после атак на дата центры

11 Октября 2026 22:20see131

В Шымкенте построят корпус лицея и общежитие для девочек за 9,1 млрд теңге

12 Октября 2026 11:49see131

Иностранец схватил алматинку за ягодицу

11 Октября 2026 18:32see129

В Астане горело двухэтажное здание

12 Октября 2026 15:28see128

Десятки двусторонних соглашений намерены подписать Казахстан и Бельгия

12 Октября 2026 17:28see128

Таеквондистка Севостьянова принесла Казахстану бронзу этапа Гран при

11 Октября 2026 18:52see127

Снова качели : тенге укрепляется на бирже в Казахстане

12 Октября 2026 16:06see126

Битум горел на заводе в области Улытау

11 Октября 2026 12:30see125

Не любую семью с доходом 350 тысяч тенге на человека будут считать богатой в Казахстане

12 Октября 2026 17:22see125

Ученые смогли частично вернуть зрение незрячим пациентам

12 Октября 2026 13:33see124

Телевизионную рекламу Трампа запретили показывать в США

12 Октября 2026 13:31see124

Президент Токаев встретил короля Бельгии Филиппа и королеву Матильду в Астане

11 Октября 2026 22:20see124

Крылатые хищники в небе Бозанбая

12 Октября 2026 12:43see124

Не запустили, а он уже течет : алматинка пожаловалась на новую остановку в мегаполисе

12 Октября 2026 13:32see123
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня