Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

ТЭЦ 2 Алматы будет много лет жечь уголь, несмотря на перевод станции на газ

Косанов навестил семьи погибших на Каспии солдат

Игра за колючкой

Трагедию на Каспии использовали для продвижения аккаунтов. Центр по борьбе с дезинформацией отслеживает соцсети

29 человек в 10 регионах страны задержали во время операции КНБ

Казахтелеком готов платить? : как Tele2 и Altel поссорились с Kcell и при чем тут Катар

OpenAI прекратил обучение своих самых эффективных моделей из за проблем с безопасностью

Девятое золото Казахстана: Ясмина Токсанбаева победила на Азиатских игр в Японии

До 17 суток за TikTok эфир: в Шымкенте четверых блогеров отправили под арест за мат

Врач назвал способы выявить у себя алкоголизм

Церемония прощания с погибшими военнослужащими прошла в Мангистауской области

Один за всех и все за одного. Мужская сборная Казахстана по фехтованию на шпаге завоевала золото Азиады

Тасмагамбетов завоевал бронзу Азиады в прыжках на батуте

Сборная Казахстана стала двукратным серебряным призером женской шахматной Олимпиады

Какие фейки сопровождают трагедию в Мангистау. Центр по борьбе с дезинформацией напомнил об ответственности

Переданный компании экс акима мусорный полигон в Алатау вернули государству

Токаев поручил провести комплексную проверку в Министерстве обороны

Казахстан завоевал восемь наград на чемпионате WorldSkills в Шанхае

Президент FIDE Тимур Турлов: Следующая цель шахматы на Олимпийских играх

Гибель 14 военнослужащих следствие преступного непрофессионализм офицеров, уверен Токаев Аналитический интернет журнал Власть

5 мың теңгелік депутат құттықтауы: Парламенттік мәртебе неге жеке мүддеге жұмыс істейді

5 мың теңгелік депутат құттықтауы: Парламенттік мәртебе неге жеке мүддеге жұмыс істейді

Как стало известно Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Соңғы уақытта Мәжіліс мінбері жеке құттықтаулар алаңына айналғандай. Бір депутат ресми отырыс кезінде анасына туған күн тілегін арнаса, енді бірі жұбайын Парламенттің арнайы папкасымен құттықтады. Осы жағдайлар қоғамда қызу талқыланып жатқан тұста, Қазақстанда депутаттық этиканы Конституциялық заң деңгейінде реттеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Ардақ Назаровтың анасын құттықтауы

Мәжілістің қыркүйек айындағы ресми жалпы отырыстарының бірінде депутат Ардақ Назаров депутаттық сауалын бастамас бұрын анасының 70 жас мерейтойымен құттықтағысы келетінін айтты.

Депутат Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан рұқсат сұрап, анасына деген лебізін жария түрде жеткізді.

"Қадірлі анашым, туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге, жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетейым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, Құдай бере салған немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым мен сізді қатты жақсы көремін. Сіздің алдыңызда басымды иемін. Баршаңыздың анаңыз аман болсын", – деді Ардақ Назаров.

Залдағы депутаттар оны қол шапалақтап қолдады. Мәжіліс спикері де "Анаңызға біздің де құттықтауды жеткізіңіз" деп қысқа қайырды. 

Кейін журналистер Мәжіліс кулуарында депутаттан бұл әрекетінің этикаға қаншалықты сай екенін сұраған. Ардақ Назаров бұл әрекеттен ешқандай әбестік көрмейтінін айтып, анасына ерекше қуаныш сыйлағысы келгенін жеткізді.

"Бұл жерде ешқандай регламент, әбестік жоқ деп ойлаймын. Керісінше депутаттардың барлығы қол соғып ерекше құттықтап жатты", – деп жауап берді Ардақ Назаров.

Депутаттың бұл "қылығы" қызу талқыға түсті. Бірі оның балалық махаббатына тамсанса, екінші тарап мінберді жеке мақсатта қолдануға болмайтынын айтып, наразы болды. Кейін Ардақ Назаров Instagram парақшасында жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Анасын туған күнімен құттықтады деп даурығып жатқан жандарға жол болсын. Кеше ғана әкесін қан-жоса етіп тепкілеп, боқтаған видеоны баршаңыз көрдіңіздер. Бұл – қабырғамызды қақыратып, жүрегімізді сыздатты. Оны көрген жас ұрпақ ертең оны қайталамасына кім кепіл? (...) Бірақ дәл осындай сәтте елге ой салсақ, өскелең ұрпаққа сабақ болса деген ниетпен биік мінберден, биік – АНАҒА деген құрметімді жеткізгім келді. Мәселе – Парламент төрінде құттықтағанымда емес. Мәселе – қайда жүрсең де, қандай қызмет атқарсаң да, мейлі кім болсаң да ата-анаңды құрметтеуді ұмытпауда", – деп жазды Ардақ Назаров.

Дәулет Мұқаевтың "Парламент атынан" құттықтауы

Көп ұзамай тағы бір депутат әріптесінен "үлгі алды". Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жұбайының туған күніне Парламенттің атынан ресми құттықтау адресатын табыстады. Депутаттың сөзінше, мұндай адресаттар ресми іс-шараларда қолданылатын болғандықтан, ол "қолымда тұрған нәрсе ғой" деп, бес мың теңгеге жасатып алған.

"Біз парламентте құттықтауды өзіміз сатып алып жасатамыз. Ресми қағаз 5 мың теңге тұрады. Адамның есімін жазып ресми құттықтауларға барғанда алып барамыз. Лаура (жұбайы – авт.) осылай құттықташы деп маған 30 жасқа толған кезде айтқан. Сол гештальті жабылмады. Биыл 32 жасқа толып жатыр. Гештальтін айтқанына үшінші жыл болыпты. Парламент 1 шілдеде тарайын деп жатыр. Қолымда тұрған құттықтау болған соң 5 мың теңге төлеп шығарып алдым. Ішіне жүрек жарды тілегімді жаздым", – деді Дәулет Мұқаев видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Даулет Мукаев (@daulet_mukayev)

Қазіргі уақытта бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Этика нормалары не дейді?

Қазір Мәжілісте "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заң жобасы талқыланып жатыр. Заң жобасын таныстырған депутат Айдос Сарым Қазақстанда алғаш рет депутаттық этика нормалары Конституциялық заң деңгейінде бекітілетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, парламенттік мәдениет жаңа деңгейге шығуы керек.

Жобаға сәйкес:

депутаттарға отырыстарды жеке мәселелерді талқылау үшін пайдалануға тыйым салынады; көпшілік алдында тек тексерілген ақпаратқа сүйену міндеттеледі; әріптестердің сөзін бөліп, пікір білдіруге шектеу қойылады.

Этика талаптарын бұзғандарға бірнеше жаза қарастырылған. Олардың қатарында: 

ескерту жасау; бір немесе бірнеше отырыста сөз сөйлеу құқығынан айыру; залдан шығару; бір күндік жалақысын ұстап қалу бар.

Айдос Сарымның сөзінше, депутат сөз құқығынан айырылса, оған микрофон қосылмайды және депутаттық сауал жолдай алмайды.

Қоғамдық көзқарас қандай?

Желі қолданушылары депутаттардың мандаты мен Мәжілісті жеке өміріне қатысты мақсатта пайдалануына наразы болып жатыр. 

"Ардақ Назаров анасын Мәжіліс мінберінен құттықтап еді. Енді Дәулет Мұқаев деген депутат әйелінің туған күніне Парламенттің атынан адресат жасатыпты. Гештальтын жапқым келді дейді. Заң шығарушы орган гештальт жабатын жерге айналған ба? Мыналарға тоқтам салмасақ, алдағы уақытта аурулары асқынып, құда-жекжатын Ақорданың атынан құттықтап, той-томалаққа Президенттің “Алғыс хатын” апарудан тайынбайды", – деп жазды журналист Диас Нұрақын.

Ал блогер Айсұлтан Жақыпов Парламент атынан деп рәсімделген еркін сатылымда жоқ екенін жазды. 

"Әлгі, Дәулет дегеннің әйелін құттықтаған көк папка еркін сатылымда жоқ. Ірілі-уақты он шақты канц тауарға бардым. Өмірі естімедік дегендер де бар. Соған қарағанда бұл тапсырыспен, белгілі бір мекеме ішінде( біздің жағдайда Парламент) қолданылатын папка", – деп жазды ол.

Қоғам белсендісі Гүлбану Әниятқызы да заң шығарушы органның атынан әйелін құттықтаған депутатты сынады. 

"Картоп қымбаттағанда депутат басымен мәселені көтерудің орнына әйеліне картоптан букет сыйлағанда “ақылының жеткені сол шығар” деп күліп қоя салғанбыз. Енді міне, заң шығарушы органның атауын әйелін құттықтауға пайдаланып, онысын “гештальт жаптық” деп тұр. Әр депутат 5 мың теңгеге сатып алып, әйелін, туған-туысын, құда-жекжатын Парламенттің атынан құттықтай берсе, жетіскен екенбіз. Кетуіне бір жарым ай қалғанда қойшы деп ем, бірақ мына концертіне шыдамадым", – деп жазды ол.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:100
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 12 Мая 2026 13:50
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

ТЭЦ 2 Алматы будет много лет жечь уголь, несмотря на перевод станции на газ

26 Сентября 2026 18:36see170

Косанов навестил семьи погибших на Каспии солдат

26 Сентября 2026 14:15see168

Игра за колючкой

26 Сентября 2026 12:00see163

Трагедию на Каспии использовали для продвижения аккаунтов. Центр по борьбе с дезинформацией отслеживает соцсети

26 Сентября 2026 19:43see157

29 человек в 10 регионах страны задержали во время операции КНБ

26 Сентября 2026 16:06see155

Казахтелеком готов платить? : как Tele2 и Altel поссорились с Kcell и при чем тут Катар

26 Сентября 2026 12:44see142

OpenAI прекратил обучение своих самых эффективных моделей из за проблем с безопасностью

27 Сентября 2026 13:18see142

Девятое золото Казахстана: Ясмина Токсанбаева победила на Азиатских игр в Японии

27 Сентября 2026 11:10see141

До 17 суток за TikTok эфир: в Шымкенте четверых блогеров отправили под арест за мат

26 Сентября 2026 23:19see141

Врач назвал способы выявить у себя алкоголизм

26 Сентября 2026 21:35see140

Церемония прощания с погибшими военнослужащими прошла в Мангистауской области

26 Сентября 2026 14:02see139

Один за всех и все за одного. Мужская сборная Казахстана по фехтованию на шпаге завоевала золото Азиады

27 Сентября 2026 16:05see136

Тасмагамбетов завоевал бронзу Азиады в прыжках на батуте

27 Сентября 2026 11:42see135

Сборная Казахстана стала двукратным серебряным призером женской шахматной Олимпиады

27 Сентября 2026 18:34see134

Какие фейки сопровождают трагедию в Мангистау. Центр по борьбе с дезинформацией напомнил об ответственности

27 Сентября 2026 15:45see133

Переданный компании экс акима мусорный полигон в Алатау вернули государству

26 Сентября 2026 16:36see133

Токаев поручил провести комплексную проверку в Министерстве обороны

26 Сентября 2026 16:47see131

Казахстан завоевал восемь наград на чемпионате WorldSkills в Шанхае

27 Сентября 2026 20:35see131

Президент FIDE Тимур Турлов: Следующая цель шахматы на Олимпийских играх

27 Сентября 2026 23:29see131

Гибель 14 военнослужащих следствие преступного непрофессионализм офицеров, уверен Токаев Аналитический интернет журнал Власть

27 Сентября 2026 18:55see126
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня