Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Спасателям пришлось эвакуировать людей во время пожаров в многоэтажках Астаны, Петропавловска и Алматы

В Кызылординской области обновили три железнодорожных вокзала

Экономический рост или потеря работы: граждан развитых стран пугает внедрение ИИ

Нужно было решать заранее . Риски отставания от сроков сдачи ТЭЦ 3 в Алматы сохраняются

Международный туристический поезд из Китая прибыл в Алматы

24 участника мошеннической ОПГ в Астане получили по восемь лет лишения свободы

США и Дания достигли соглашения о Гренландии

Токаеву показали масштабное преображение аллеи Мыңжылдық в Астане

Алкоголь, лудомания и суицидальные риски: что обсуждали военные психологи

Звонки от имени банков и курьеры из РФ: 24 участника транснациональной ОПГ осуждены в Астане

Девять человек пострадали при столкновении автобуса и авто в Алматы

Казахстанские шахматистки одержали четвёртую победу подряд на Олимпиаде

Азиада 2026: расписание выступлений казахстанских спортсменов на 20 сентября

В Астане прошла монопородная выставка Қазақы тазы

Угрожают одиночной камерой : Иаков Воронцов заявил о давлении в СИЗО

Казахстан стал одной из немногих стран в мире, узаконивших волонтёрство в Конституции, Токаев

Под видом уроков религии вербовали женщин: связанных с террористами супругов объявил в розыск Узбекистан

Президент поручил по примеру Астаны открыть центры урбанистики во всех регионах

Илон Маск поселился в трейлере рядом с суперкомпьютером

Три казахстанских бойца вышли в полуфинал Азиады 2026 по MMA

Қазақстанда неге салафизмге әлі тыйым салынбады депутат

Қазақстанда неге салафизмге әлі тыйым салынбады депутат

Согласно материалам сайта Total.KZ, передает Qazaq24.com.

Қазыбек Исаның ойынша, деструктивті діни ағымдардың негізгі мақсаты — билікке қол жеткізу.

«Мемлекет діннен бөлек» деген ұстанымды алға тартып, елдің іргесі әлсіреп жатқанына бейжай қарауға болмайды — бұл туралы ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса айтты. Оның сөзінше, деструктивті діни ағымдар ұлтты әлсірету мақсатында елдің бірлігін бұзып, мыңдаған жасты қазақ ортасынан ажыратып, өз халқына қарсы бағытталған күшке айналдырады, деп хабарлайды Total.kz.

Еске салайық, 2023 жылғы қазанда ҚР Мәжілісінің бір топ депутаты ұлттық мүддеге, елдің бірлігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін радикалды ағымдарға заң жүзінде тосқауыл қою қажет екенін айтқан болатын. Арада екі жыл өткен соң редакция депутаттарға қайта хабарласып, осы бағытта қандай өзгерістер болғанын және жағдайды түбегейлі жақсарту үшін мемлекет қандай қадамдар жасауы керек деген сұрақтарға жауап беруді өтінді.

TOTAL.KZ: Қазақстанда осы бағыт бойынша қандай да бір өзгеріс бар деп ойлайсыз ба? Қазір елде салафилердің саны көбейіп, медреселердің қатары артып келе жатқандай. Оған қоса, түрлі діни қорлардың атынан халықтан қаражат жиналып жатыр, ал олардың тасасында діни радикалдар жасырынып жүруі де мүмкін.

— Иә, 2023 жылы 4 қазанда ҚР парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында біз, Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса, Ермұрат Бапи, Аманжол Әлтай және тб ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов мен Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасы Ермек Сағымбаевқа еліміздегі діни теріс ағымдарға заңмен қатаң тыйым салу туралы депутаттық сауал жолдадық.

Содан кейін заңдық бағытта  біраз жұмыстар атқарылып, заң жобасының бастамашылар тобы құрылып,  заң жобасының алдын ала нұсқасын дайындап та қойғанбыз.

Бірақ теріс радикалды ағымдарға қарсы тыйым салатын заң жобасы әлі парламентке түскен жоқ. Сондықтан да сіз дұрыс айтасыз, теріс ағымдағылар көбеймесе, азайған жоқ.  Олардың қарқыны бәсеңдеген жоқ. Қаңтар қасыретінен кейін бұрынғыдай талтаңдап жүрмесе де, қарқындары қайта қойған жоқ, жасырын тәсілдермен өз саясаттарын жүргізіп жатыр әлі.

TOTAL.KZ: Қоғамда діни радикалдар, соның ішінде салафилер тобының өкілдері де билікке, тіпті ел басқару деңгейіне дейін жетуге ұмтылып жатыр деген пікір бар. Осыған қатысты сіздің көзқарасыңыз қандай? Қазақстан үшін мұндай қауіп бар ма және оның салдары қандай болуы мүмкін?

—  Иә, теріс діни ағымдардың ең алдымен билік тұтқаларына ұмтылатыны анық. Оған Қаңтар трагедиясы анық дәлел!

Ұмытпасаңыз, менің екі жыл бұрынғы депутаттық сауалымда бұл туралы ашық айтылады. Есіңізге салайын:

Бiрiншiден. 2016 жылы бұл өте маңызды мәселені билік те қолға алып, діни радикализмге заңмен қатаң тыйым салмақ болғанда, барлық министрлік пен бас прокуратура мен Жоғары сот та қолдағанда, қай орган, кімдер қарсы болды?! Тек Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қарсы шығып, осы тыйым салу заңға енбей қалды. Мен мұны сол кезде Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы әкімдігінде ұйымдастырған конференцияда «Радикалдық теріс ағымдарға қарсы заң қабылдауға тек сіздер ғана қарсы болдыңыздар! Арамшөптің тамырын жоймаса, тек бетін ғана шапқан болса, ол қайта қаулап шыға береді. Сіздер осылай елді алдап келесіздер!» — деп, ашық айттым. «Қазақ үні» газетіне: «Ұлттық қауіпсіздік комитеті — ұлтқа қауіпті комитет пе?», деген мақала да жаздық. Енді сол күдігіміз кешегі Қаңтар қасіретінде расқа айналды.

Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшыларынан қосшыларына дейін қаңтарда мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталып жатыр. Ал Қаңтарда болған қанды оқиғаның негізгі күші діни радикал топтар екені анықталып, тергеліп жатқаны белгілі.

Кешегі қаңтар оқиғасындағы бас прокуратура мен құқық қорғау органдарының ресми мәліметтерінде де діни радикалдар мен экстремистердің шабуылы айқын жазылған. Ал діни радикализмге заңмен тыйым салу керектігі туралы біз, «Ақ жол» партиясы 2022 жылы 26 қаңтарда Қаңтар қасіреті шындығын ашық айту, парламенттік тыңдау жасау туралы парламентте алғаш көтергенде де, кейін 14 наурызда, сол тыңдау өткен, мәжіліске бас прокурор бастап келген құзырлы органдардың есебінде де, екі рет жасаған депутаттық сауалымызда да, атап айтсақ та, бірақ әлі нәтиже жоқ.

Енді мемлекеттігімізден айрылып қала жаздаған, қаншама адам құрбан болған қанды төңкерістен кейін не күтіп отырмыз заң қабылдамай?

Екiншiден. Ал 2009 жылы да дін заңына өзгерістер енгізілетін болды да, біз «Қазақ үні» газетінде діни басқармамен бірігіп, заңға діни теріс ағымдарға тыйым салатын бап енгізу мәселесін көтердік.

«Қазақ үні» газеті өз қаржысына осы өте өзекті діни тақырыпқа арнаулы санын 10 мың дана артық шығарып, бірінші бетіне бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің барлық мешіттерде радикал ағымдарға қарсы тосқауыл қою және дін туралы заңға осыған байланысты бап енгізуді қолдау туралы үндеуін жариялап, барлық мешіттерге тараттық.

Бірақ соның өзінде біздің сол кездегі солқылдақ билік осы тыйым салу бабын енгізе алмады. Басты кедергі, жоғарыда атап көрсеткендей, ұлтымызға қарсы қауіпті күштерге ең бірінші тосқауыл қоюы тиіс Ұлттық қауіпсіздік комитеті керісінше осы заңға тосқауыл қойып, қауіпті қарекет жасады.

Сол кезде «Қазақ үні» газеті көтерген сол заң жобасы қабылданғанда, содан кейінгі, ақыры Қаңтардың қанды қасабына әкелген небір қайғылы оқиғалар, бір ұлттың діни теріс ағымдар арқылы екіге бөлінуі секілді қасіреттер болмас еді…

TOTAL.KZ: Қазақстанда неліктен әлі де Өзбекстан мен Орталық Азияның басқа елдеріндегі сияқты салафизм ағымына тыйым салынған жоқ? Мұндай тыйым енгізуге не немесе кім кедергі болып отыр?

— Иә, дін саласында бізден көшілгері көрші туыс ел Өзбекстанның озық тәжірибесін алу керек. Қауіптің қайдан келетінін жақсы білетін өзбектерде бұрын да ешқандай теріс ағымдардың тайраңдауына жол жоқ болатын. Жақында тағы да дін туралы заңын қатаңдатты. Өзбекстанда салафиттік ағымдарға қатаң тыйым салатын заң қабылданып, бір жылдың ішінде тазалап шықты. Өзбекстанда қазір діни теріс ағымдар жоқ деуге болады.

Бізге де көрші туыс еліміздің тәжірибесін қолдануымыз керек. Бұған кімдер неге қарсы болып тұрғаны қазір маған белгісіз, сондықтан  анық айта алмаймын. Мүмкін, халықаралық қатынастарға байланысты шығар...

TOTAL.KZ: Қазіргі уақытта Қазақстанда діни экстремизмді, оның ішінде салафизмді толық жою үшін қандай шаралар қабылдау қажет деп ойлайсыз?

— Діни теріс ағымды радикализмге заңмен қатаң тыйым салуымыз керек, заңды бұдан әрі де соза бермей қабылдауымыз керек. Жоғарыда айтқан депутаттық сауалымызда бұл туралы ашық та, анық айтқанбыз.

Кезінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғұлама ғалым Рахманқұл Бердібай «Қазақ үні» газетінде жазғандай, «Хазария қасіретін» ұмытпайық!

7-10 ғасырларда өмір сүрген, 1) еліне барлық діни ағымдарды кіргізген, 2) көп дінді, көп тілді ел, 3) билеушілерінен бастап, саудагерлеріне дейін өзге тілде сөйлеген Хазариядай алып түркі мемлекеті қайда қазір? Жоқ! Картада жоқ! — Жойылып кетті!

Біздің ел бұдан сабақ ала ма, жоқ па? Тағы кімнің көңіліне қарап, кімнің батасын күтіп отырмыз?!

Тіпті ең қасиетті болып саналатын асыл дініміз исламды ең қауіпті ағымға айналдыру үшін барын салып жатқандар қазір қайта күшейіп келеді.

Діни теріс ағымдағылар елді екіге бөліп, мылтықсыз-ақ мыңдаған жастарымызды қазақтың қатарынан шығарып қана қоймай, ұлтты жою үшін елге қарсы қауіпті күштерге айналдырып жатыр.

«Мемлекет діннен бөлек» деп, көз алдыңда іргеміздің шайқалып жатқанына қол қусырып қарап отыру, ел тағдырын қарсы күштерге беріп қойып, жеңілетінін алдын ала мойындау болып саналады.

Дінге, тілге, жерге қарсы елбұзар теріс ағымдардың бәріне заңмен тосқауыл қойылуы тиіс!

Ел үшін ең қымбат — ұлтқа, адам үшін ең аяулы — әке-шешеге, қазаққа ең адал домбыраға қарсы шыққан харам пиғылдылардың еркін тарап жатқан ел түбіне жетер қауіпті вирусын шұғыл заңмен тоқтататын кез жетті!

Ұлттық мүддеміз бен дәстүрімізге, ел ынтымағына, бірлігіне балта шауып, мемлекетке тағы да қатер төндіріп жатқан діни теріс ағымдарға заңмен қатаң тыйым салу қажет! Бұдан кейін кеш болады!

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:295
embedИсточник:https://total.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 07 Ноября 2025 08:21
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Спасателям пришлось эвакуировать людей во время пожаров в многоэтажках Астаны, Петропавловска и Алматы

20 Сентября 2026 08:41see243

В Кызылординской области обновили три железнодорожных вокзала

19 Сентября 2026 10:31see189

Экономический рост или потеря работы: граждан развитых стран пугает внедрение ИИ

19 Сентября 2026 16:49see180

Нужно было решать заранее . Риски отставания от сроков сдачи ТЭЦ 3 в Алматы сохраняются

19 Сентября 2026 19:25see179

Международный туристический поезд из Китая прибыл в Алматы

19 Сентября 2026 18:27see177

24 участника мошеннической ОПГ в Астане получили по восемь лет лишения свободы

19 Сентября 2026 12:40see170

США и Дания достигли соглашения о Гренландии

19 Сентября 2026 14:17see166

Токаеву показали масштабное преображение аллеи Мыңжылдық в Астане

19 Сентября 2026 18:25see165

Алкоголь, лудомания и суицидальные риски: что обсуждали военные психологи

19 Сентября 2026 17:37see163

Звонки от имени банков и курьеры из РФ: 24 участника транснациональной ОПГ осуждены в Астане

19 Сентября 2026 11:17see162

Девять человек пострадали при столкновении автобуса и авто в Алматы

19 Сентября 2026 21:46see160

Казахстанские шахматистки одержали четвёртую победу подряд на Олимпиаде

19 Сентября 2026 23:43see159

Азиада 2026: расписание выступлений казахстанских спортсменов на 20 сентября

20 Сентября 2026 00:25see156

В Астане прошла монопородная выставка Қазақы тазы

19 Сентября 2026 18:31see150

Угрожают одиночной камерой : Иаков Воронцов заявил о давлении в СИЗО

19 Сентября 2026 14:55see149

Казахстан стал одной из немногих стран в мире, узаконивших волонтёрство в Конституции, Токаев

19 Сентября 2026 16:48see149

Под видом уроков религии вербовали женщин: связанных с террористами супругов объявил в розыск Узбекистан

20 Сентября 2026 12:21see146

Президент поручил по примеру Астаны открыть центры урбанистики во всех регионах

19 Сентября 2026 16:08see142

Илон Маск поселился в трейлере рядом с суперкомпьютером

19 Сентября 2026 22:27see135

Три казахстанских бойца вышли в полуфинал Азиады 2026 по MMA

20 Сентября 2026 16:43see133
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня