Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Невидимая угроза в розетке: к чему приводит бесконтрольная зарядка мобильных устройств

По делу о гибели военнослужащих на Каспии арестованы восемь должностных лиц Генпрокуратура Аналитический интернет журнал Власть

Кофе хороший, адрес подвел: как проверить место для кафе в Алматы до аренды

Проверка Минобороны Казахстана: силовики изучают уже 37 дел

Расставшуюся пару блогеров арестовали в СКО

Азарт выходит за пределы ставки: какую реальную защиту дает Единая система учета (ЕСУ)

Убитая в Дворце бракосочетания в Актобе была матерью четверых детей

Иссыкская чаша и труды Копеева вошли в реестр Память мира

Хакеры атаковали систему охлаждения на складах службы крови Франции

Представители 27 стран обсудили борьбу с киберпреступностью на встрече в Астане (ВИДЕО)

Масштабное перекрытие в Астане: как изменится движение на Аль Фараби с 5 ноября

Заболеваемость корью выросла почти в 17 раз в ЗКО: казахстанцы спорят о прививках

Хотите переехать в Казахстан? Рассказываем, как получить статус кандаса

Король Иордании прибыл в Казахстан

Международная конференция по борьбе с киберпреступностью прошла в Астане (видео)

Как бизнесу защитить свои права: Жанна Хамзина об арбитраже в Казахстане

Вице премьера Баварии нашли мертвым в отеле в Берлине

В Астане не замечал, чтобы после обеда свет включали глава Минэнерго о переводе времени

Объявлена дата запуска поездов Stadler в Казахстане. Как купить билет?

КНБ задержал инспектора службы пробации после получения 400 тыс. тенге

Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақысы неге тең емес? Инфографика

Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақысы неге тең емес? Инфографика

Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Қазақстанда медиандық жалақы жыл сайын өсіп келеді, бірақ бұл өсім ерлер мен әйелдер арасында біркелкі емес. Ресми мәліметтерге сүйенсек, ерлердің табысы әйелдерге қарағанда орта есеппен 25-35 пайызға жоғары. Бұл айырмашылық әсіресе жоғары жалақы төленетін салаларда айқын байқалады.

Неге ерлердің табысы әйелдерге қарағанда жоғары? Мұның қандай да бір әлеуметтік, гендерлік себебі бар ма? Экономикалық зерттеулер институтының аға сарапшысы Жанерке Рахман түсіндіріп берді.

– Еңбекақыда гендерлік теңсіздік – қазіргі заманның аса өзекті проблемаларының бірі. Бұның себебін ғасырлар бойына жалғасқан гендерлік дискриминациямен түсіндіруге болады. Патриархалды жүйедегі көп мемлекетте әйелдер, негізінен, біраз ғасыр бойына экономикалық өмірдің белсенді қатысушысы болудан жасанды түрде шеттетілгенін тарихтан білеміз. Оның үстіне, индустриалды дәуірде, яғни XIX-XX ғасырларда, әйелдер еңбек нарығына шыққанымен, оларды көп жағдайда тек "көмекші" позицияларға алатын еді. Тиісінше, алғашқы еңбек нарқына шыққаннан бастап, әйелдердің еңбекақысы ерлерге қарағанда азырақ болған.

Соғыстың кезінде әйелдер ерлердің еңбек позицияларын игергеніне қарамастан, соғыстан кейінгі жылдарда ерлер жоғары еңбекақы берілетін позициялардан әйелдерді бәрібір қайта ығыстырды. Нәтижесінде, әйелдер, әдетте, еңбекақысы төмен салаларда еңбек етеді: білім, денсаулық, мәдениет және әлеуметтік салалар. Ал еңбекақысы жоғары салаларда, мәселен, қаржы, IT, менеджмент секілді салаларда, тіпті, қазірдің өзінде, ерлердің үлесі әлдеқайда басым. Бұл құбылысты ғылымда "кәсіби сегрегация" деп атайды.

Бұдан бөлек, КСРО дәуіріндегі "әйел отбасы мен жұмысты қатар алуы қажет" деген пропаганданың да қазіргі өмірімізге әлі де ықпал ететінін ұмытпаған жөн. Нәтижесінде, әйелдер жұмыстан кейінгі уақытта да отбасында "екінші ауысыммен" артық еңбек етуге мәжбүр. Себебі үйленіп, үй болу әйелдерге аптасына орта есеппен 7 сағат ақы төленбейтін жұмыс уақытын қосып береді.

Сонымен қатар, көп елдерде әлі күнге дейін "ерлер нан табады, әйелдердің басты жұмысы – отбасы" деген кертартпа таптаурындар бар. Оның үстіне, қоғамдағы әлеуметтік күтілімдерге сәйкес, әйелдер бала күтіміне байланысты мансабында үзіліс алуға мәжбүр. Елімізде ерлердің декреттік демалысқа шығу мүмкіндігінің бар болғанына қарамастан, карьералық үзіліс басым көп жағдайда әйелдерде ғана болады.

Бұдан бөлек, ұйымдардың көпшілігі еңбекақы бойынша "құпиялық" принципін алға тартып, ашық саясатты ұстанбайды. Яғни, бір жерде бірдей позицияда еңбек ететін ер мен әйелдің айлығындағы айырмашылықтың қаншалықты екені ашық айтылмайды. Демек, әйелдің академиялық жетістіктері жоғары, еңбек өтілі көбірек, жұмыс нәтижесі жақсырақ болса да, ол өзімен қатар жұмыс жасайтын, бірақ академиялық деңгейі төмен және аз нәтиже көрсететін ер әріптесіне қарағанда азырақ айлық алуы мүмкін.

Халықаралық Экономикалық форумның 2020 жылғы деректеріне сүйенер болсақ, жалпы әлемде әйелдер ерлерге қарағанда 16 пайызға аз айлық алады.

2025 жылғы "Әлемдік гендерлік айырма" индексі бойынша, Орта Азия әлемдік рейтинге 4-орынға ғана табан тіреген. Зерттеу нәтижесінде Орта Азия мемлекеттерінде гендерлік айырманың бар болғаны 69,8%-ға жабылғаны анықталды. 70 пайыздан жоғары нәтижені бар болғаны 2 мемлекет көрсеткен: Армения – 73,1% және Грузия – 72,9%. Өңірдің 7 елінің ішінде тек Қазақстан, Әзербайжан және Грузия "экономикалық қатысу және мүмкіндіктер" категориясы бойынша гендерлік айырманы 70 пайыздан аса қысқартқан:

Қазақстан – 71,5% Әзербайжан – 74,8% Грузия – 72,4%

Академиялық жетістіктер бойынша тек Тәжікстан төмен нәтиже көрсеткен – 93,9%, қалған 6 мемлекет бойынша білім саласында гендерлік теңдік 98 пайыздан жоғары.

Орта Азия елдері "саяси қатысу" категориясы бойынша екінші ең төмен нәтиже көрсеткеніне қарамастан, министрлік қызметтегі әйелдердің үлесін 8,2 пайыздық көрсеткішке арттырғанын да айта кету керек. Ал парламенттегі гендерлік теңдік көрсеткіші 10 пайызға өсті.

Жалпы әлемдік индекс бойынша, Қазақстан 92 орынға табан тіреді, дегенмен 2024 жылғы қорытындымен салыстырсақ, еліміз рейтингте 16 орынға төмендеген. Рейтингте еліміздің төменгі орында болуы және гендерлік теңсіздіктің жабылмауы – жай статистика емес, бұл әйелдердің әлі күнге дейін жүйелі түрде өз деңгейінде бағаланбауы. Осы себептен айлық пен карьералық позициядағы айырма әлі де болса сақталады.

 Informburo.kz

2019 және 2025 жылдар арасындағы Қазақстанда әйелдер мен ерлер арасындағы медианалық еңбекақыны салыстырар болсақ, айқын флуктуацияны көреміз. Аталған жылдарда ерлердің жалақысы барлық дерлік салада жоғарырақ болған. Мәселен, 2019 жылы ерлер әйелдерге қарағанда 26 пайызға артық айлық алған. Медианалық еңбекақы аталған жылы ерлерде 127 586 теңгені құраса, әйелдердің медианалық айлығы 100 997 теңгені ғана құраған.

2020 жылы бұл пайыздық көрсеткіш 14 пайызды құраған, ерлердің медианалық айлығы 153 303 теңгені, әйелдердің медианалық айлығы 133 979 теңгені құраған.

2021 және 2022 жылдар медианалық еңбекақыдағы гендерлік айырма 9 пайызға дейін төмендеп, жақсы нәтиже көрсетеді. Аталған жылдары ерлердің медианалық айлығы 173 мың теңге (2021) және 214 мың теңгені (2022) құраған. Ал әйелдердің медианалық еңбекақысы 2021 жылы 159 мың теңгені, 2022 жылы 196 мың теңгені құраған.

Дегенмен, 2023 жылы ерлердің медианалық еңбекақысы әйелдерге қарағанда 17 пайызға дейін артық болды: ерлерде – 273 864 теңге, әйелдерде – 234 561 теңге. Ал 2024 жылы аталған пайыздық көрсеткіш 14 пайызды құрайды (ерлердің медианалық еңбекақысы – 305 161 теңге, әйелдердің медианалық жалақысы – 267 677 теңге)

Дегенмен, 2025 жылғы жарты жылдық көрсеткіш бойынша ерлердің әйелдерге қарағанда 18 пайызға артық айлық алатынын көруге болады (медианалық еңбекақы). Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, ерлердің медианалық еңбекақысы биыл 347 642 теңге болса, әйелдердің медианалық еңбекақысы 294 600 теңгені ғана құраған. Ал жалпы медианалық еңбекақы көлемі 317 512 теңгені құраған. Айта кету керек, 2025 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша, номиналды айлық көлемі 448 620 теңгені құрайды.

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:181
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 05 Ноября 2025 17:24
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Невидимая угроза в розетке: к чему приводит бесконтрольная зарядка мобильных устройств

05 Ноября 2026 15:37see128

По делу о гибели военнослужащих на Каспии арестованы восемь должностных лиц Генпрокуратура Аналитический интернет журнал Власть

05 Ноября 2026 14:49see124

Кофе хороший, адрес подвел: как проверить место для кафе в Алматы до аренды

05 Ноября 2026 14:33see119

Проверка Минобороны Казахстана: силовики изучают уже 37 дел

05 Ноября 2026 16:24see119

Расставшуюся пару блогеров арестовали в СКО

05 Ноября 2026 14:43see118

Азарт выходит за пределы ставки: какую реальную защиту дает Единая система учета (ЕСУ)

05 Ноября 2026 14:42see117

Убитая в Дворце бракосочетания в Актобе была матерью четверых детей

05 Ноября 2026 14:24see117

Иссыкская чаша и труды Копеева вошли в реестр Память мира

05 Ноября 2026 15:54see117

Хакеры атаковали систему охлаждения на складах службы крови Франции

05 Ноября 2026 15:08see117

Представители 27 стран обсудили борьбу с киберпреступностью на встрече в Астане (ВИДЕО)

05 Ноября 2026 17:51see117

Масштабное перекрытие в Астане: как изменится движение на Аль Фараби с 5 ноября

05 Ноября 2026 14:23see116

Заболеваемость корью выросла почти в 17 раз в ЗКО: казахстанцы спорят о прививках

05 Ноября 2026 17:30see116

Хотите переехать в Казахстан? Рассказываем, как получить статус кандаса

05 Ноября 2026 14:46see116

Король Иордании прибыл в Казахстан

05 Ноября 2026 15:49see116

Международная конференция по борьбе с киберпреступностью прошла в Астане (видео)

05 Ноября 2026 17:33see114

Как бизнесу защитить свои права: Жанна Хамзина об арбитраже в Казахстане

05 Ноября 2026 14:45see114

Вице премьера Баварии нашли мертвым в отеле в Берлине

05 Ноября 2026 15:08see114

В Астане не замечал, чтобы после обеда свет включали глава Минэнерго о переводе времени

05 Ноября 2026 15:05see114

Объявлена дата запуска поездов Stadler в Казахстане. Как купить билет?

05 Ноября 2026 15:04see114

КНБ задержал инспектора службы пробации после получения 400 тыс. тенге

05 Ноября 2026 14:43see113
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня