Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Угрожали и требовали 17 млн тенге: в Костанае прошла спецоперация по задержанию подозреваемых (видео)

Теперь без серпантина. В ВКО открыли новую дорогу и самый высокогорный мост в Казахстане

Ученые доказали, что увеличение ежедневного количества шагов защищает мозг от старения и сохраняет внимание

Полицейским Алматинской области передали новые служебные автомобили

Кайрат завершил сезон КПЛ 2026 ничьей с Алтаем

Участок улицы Брусиловского в Алматы закроют больше чем на сутки

Заморозки и высокая пожарная опасность: штормовое предупреждение на 1 ноября

Технологический суверенитет Казахстана. В Минэнерго представили концепцию Energy AI Kazakhstan

Элитный BMW забрали у алматинца из за его поведения (видео)

Камыш загорелся близ села под Атырау

Не пришли к согласию: Госпремию имени Абая не будут вручать в Казахстане в этом году

Трамп отреагировал на возможную причастность КНДР к взлому Binance

Призыв к забастовке дальнобойщиков в Алматы обернулся арестом на 15 суток (видео)

Скидку в 25% на билеты в одном из поездов между Астаной и Алматы объявил перевозчик

Зеленый щит мегаполиса

Казахстанский шорт трекист вошел в топ 5 на втором подряд этапе Мирового тура

Был ли госпереворот ? Что произошло в Польше, и чего можно ожидать дальше

Демонстрация в честь Хэллоуина в Цюрихе закончилась беспорядками (видео)

Переворот в Польше. Президент отменил визит в Сенегал и вернулся в страну из за смены главы Конституционного трибунала

Мужчина напал на врача в областной детской больнице в Актау (видео)

Балалардың көзі нашарлап, өздері неге бүкірейіп барады және оған цифрлық технологиялардың қатысы қандай

Балалардың көзі нашарлап, өздері неге бүкірейіп барады және оған цифрлық технологиялардың қатысы қандай

Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Қазақстандағы педиатрия саласының өзекті мәселелері мен балалар денсаулығына қатысты Информбюро порталының сұрақтарына Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Педиатрия кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Ташенова Алматыда өткен халықаралық педиатрия конференциясының барысында жауап берді. 

– Қазақстанның педиатрия саласы соңғы жылдары көптеген өзгерістерді бастан кешіргенін білеміз. Өзгерістер қаншалықты оң нәтиже берді?

– Салада соңғы 10-13 жылда көптеген технология енгізілді. Қазіргі Қазақстанда емдеу ісіне қажетті әлемдік деңгейде жоғары технологиялардың бәрі дерлік бар. Бірақ, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке басымдық беріліп отыр. Яғни, ауруды асқындырмай тұрып, оның ерте диагностикалау және алдын алу әлдеқайда маңыздырақ. 

Мәселен, қазір балалардың психикалық, соматикалық дамуына қатысты ақаулар, аурулар жиі кездеседі. Сондықтан, дүниеге келген сәтінен бастап 6 жасқа толғанға дейін балалардың дамуындағы осындай ақауларды ерте анықтайға көбірек көңіл бөлеміз.

Осы уақытта, әсіресе 3 жасқа дейін диагноз дұрыс қойылып, түзету шаралары уақытылы енгізілсе, балалардың денсаулығында кінәрат қалмайды.

Бұл үшін профилактикалық тексеру, скрининг, әмбебап патронаждық қызмет сынды құралдар қолданылады. Ерте араласу және оңалту орталықтары өңірлерде белсенді түрде ашылып жатыр. Сондай-ақ, заңнамалық тұрғыда қажетті стандарттар қабылданды. 

– Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге елімізде педиатрлар саны қаншалықты жеткілікті және олардың білім-білігі соған сай ма?

– Бұрын 6 жасқа дейінгі балаларды тек педиатрлар қараған болса, енді мұндай құзырет жалпы практика дәрігерлеріне де берілді. Бұған дейін олар да жасы үлкен балалар мен ересек адамдарды ғана қарайтын. Сәйкесінше, балаларға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге атсалысатын дәрігерлер контингенті артты. 

Әрине, бұл педиатрлар тапшылығына байланысты мәселені шешу үшін қолға алынған шара. Өйткені, өңірлердің бәрінде бірдей педиатрлық учаскелер жоқ, оның орнына жалпы практика дәрігерлері ғана бар. Жаңа өзгерістерге сәйкес, жалпы практика дәрігерлері балаларды қарап, қажет жағдайда түрлі сала дәрігерлерін қамтитын бригадалардың қарауына жібереді. Мұндай бригаданың құрамына қажетіне қарай логопед, психиатр, дефектолог, әлеуметтік қызметкер не басқа сала өкілдері кіруі мүмкін, бірақ дегенмен оның негізінде педиатр басты рөл атқарады. 

Мұнда балаларды емдеу мен профилактикалық ем-шара жасаудың бағдарламасы жасалады. Айта кетейік, мұндай бағдарлама әр балаға жеке-дара түзіледі. Ол міндетті түрде баланың ата-анасының келісімінен өтеді.  

Оқи отырыңыз: Қазақстанда түркиялық сүт және тамақ қоспаларының өндірісі іске қосылады

– Балалар арасында жиі кездесетін сырқат түрлері қандай?

– Ең бірінші орында – тыныс алу жолдарының аурулары. Вирустық инфекциялар, маусымдық тұмау және өзгеде тыныс алу ауруларының статистикасы қай уақытта да жоғары. Одан кейін сезу мүшелерінің аурулары тұр. Олардың ішінде балалардың смартфонды шамадан тыс қолдануына байланысты көз ауруларының көбеюі алаңдатып отыр. Одан қалды, психоэмоциялық, неврологиялық сырқаттар және асқазан аурулары да жиі кездеседі. 

Смартфонға шүйлігу, дұрыс отырмау себепті сүйек-бұлшық ет жүйесіне қатысты сколиоз, остеохондроз, омыртқаның қисаюы сынды аурулар да көбейген. 

Тыныс алу органдарының аурулары негізінен вирустық инфекцияларға байланысты болса, қалғандары салауатты өмір салтын ұстанбаумен тікелей байланысты. Олардың басты себептеріне цифрлық технологиялардың теріс әсерін, фаст-фуд пен газды сусындарға құмарлықты және физикалық дене қозғалысымен айналыспауды жатқызар едім. 

– Бұл мәселелердің шешімі ретінде нені атар едіңіз?

– Балабақшаға баратын балалар арасында мұндай сырқаттар тым жиі байқалмайды. Қанша дегенмен, үйде ата-ананың, балабақшада тәрбиешілердің бақылауы күшті. Режиммен тамақтанады, смартфонға шүйлігетін уақыт аз және түрлі белсенді қимыл-қозғалысқа негізделген шаралар да бар. 

Ал мектеп кезінде бұл режим сақталмайды. Балалар үйден сырт жерде фаст-фуд не газды сусындарды көп тұтынады. Смартфонды көп уақыт қарайды және дене қимылы да азаяды. Мектеп бағдарламасындағы екі күндік дене шынықтыру сабағы жеткіліксіз. Оның өзі көп мектепте тек формалды түрде болатынын жасыра алмаймыз.

Біздің зерттеуімізше, мектеп жасындағы бала аптасына кемі үш рет белсенді спортпен айналысуы қажет. Бұл жай дене шынықтыру емес, белсенді спорт болуы тиіс. 

Жүрек-қан тамырлары жүйесі жақсы жұмыс істеп, қанды бүкіл дене мүшелеріне белсенді айдаған кезде, бала ағзасы да жақсы жұмыс істейді. Оған қоса, мидың жұмысы жақсарып, оқуға да ынтасы артады. 

Оқи отырыңыз: Балалар стоматитінің алдын алу: ата-аналарға арналған пайдалы кеңестер

– Ал сүйек-бұлшық ет жүйесінің саулығы туралы не айтар едіңіз. Бүкір балалар көбейіп бара жатқаны жасырын емес...

– Бұған – балалардың смартфонға шүйлігуінен бөлек, партада дұрыс отырмауын да басты себеп ретінде айтар едім. Парта әртүрлі жастағы балаға лайық болуы үшін, ол адаптивті, яғни көтеріліп-түсірілетін механизммен жасалуы тиіс. Әттегенайы, мұндай талап барлық мектепте бірдей сақтала бермейді. Бесінші сынып баласына арналған партаға оныншы сынып оқушысы отырса, әрине, омыртқасы қисайып, сколиоз не басқа аурулар қалыптасады. 

Адаптивті парталардан бөлек, бұл мәселенің шешімі – бір бала отырып, екінші бала тұрып сабақ оқитын парта болар еді. Яғни, партаның бір бөлігі баланың отырып оқуына, екіншісі тұрып оқуына арналады. Шамамен әр 15 сайын балалар орын ауыстырады. Сонда денесінің құрыс-тұрысы жазылып, қан айналымы жақсарады, сәйкесінше оқуға деген зейіні мен ынтасы да артады. 

Жалпы, бала үнемі қимыл-қозғалыста болуы қажет. Оны ұзақ уақыт бойы қимылсыз қалдыруға болмайды. 

Тағы бір мәселе – оқулықтардың тым ауырлығы. Қазір балалардың мектеп дорбасы 7-8 келі салмаққа ие. Күнделікті оны мектепке, одан кейін үйге тасу баланың сүйек-бұлшық ет жүйесіне зиянын тигізеді. Сондықтан, оқулықтардың салмағы барынша жеңіл болуы тиіс. Кітап бір не жарты оқу жылына арналып шығарылатыны белгілі. Неге оны әр тоқсанға, яғни төрт бөлікке бөліп тастамасқа? Сонда кітап жұқа болып, салмағы да азаяр еді. Мұндай ұсыныстар біздің тараптан жиі айтылады, дегенмен олардың бәрі іске асырыла бермейтіні бар. 

Оқи отырыңыз: Жеті атаны толтырмай үйлену жиіледі. Дүниеге сал балалардың келуіне кім кінәлі?

– Балалар арасында артық салмақ пен семіздік мәселесі қалай шешілуде?

– Балалар арасында семіздің бойынша аздаған болса да, шамамен 3,5 пайыз мөлшерінде тұрақты өсім байқалып отыр. Бұл – негізінен, мектеп жасындағы балаларға тән проблема. Онымен күресте ақпараттық-насихаттық жұмысты күшейту керек. Әрине, семіздіктің, оған әкелетін зиянды тамақтар мен сусындардың зардабы туралы балалардың өздерінің көздерін жеткізген дұрыс деп есептеймін. 

Мәселен, Беларусьтің бір мектебінде жоғары сынып оқушылары қызық тәжірибе жасаған. Мектептің бір бұрышына қоян не тышқандарды жәшіктерге қойып, оларға күнделікті әртүрлі тағам берген. Зиянды тағам берген жануарлар көп семіріп, түрлі ауруларға ұшыраса, көкөністер мен пайдалы тағам жегендері сау әрі ширақ болып қала берген. Міне, бұл тәжірибе фаст-фудтың зиянына оқушылардың өздерінің көзін жеткізуге көмектескен. 

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:212
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 30 Октября 2025 12:50
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Угрожали и требовали 17 млн тенге: в Костанае прошла спецоперация по задержанию подозреваемых (видео)

01 Ноября 2026 12:07see241

Теперь без серпантина. В ВКО открыли новую дорогу и самый высокогорный мост в Казахстане

31 Октября 2026 19:20see198

Ученые доказали, что увеличение ежедневного количества шагов защищает мозг от старения и сохраняет внимание

01 Ноября 2026 12:07see183

Полицейским Алматинской области передали новые служебные автомобили

31 Октября 2026 18:53see176

Кайрат завершил сезон КПЛ 2026 ничьей с Алтаем

31 Октября 2026 18:25see171

Участок улицы Брусиловского в Алматы закроют больше чем на сутки

31 Октября 2026 19:19see166

Заморозки и высокая пожарная опасность: штормовое предупреждение на 1 ноября

31 Октября 2026 18:06see162

Технологический суверенитет Казахстана. В Минэнерго представили концепцию Energy AI Kazakhstan

31 Октября 2026 19:19see161

Элитный BMW забрали у алматинца из за его поведения (видео)

31 Октября 2026 17:59see157

Камыш загорелся близ села под Атырау

31 Октября 2026 15:06see156

Не пришли к согласию: Госпремию имени Абая не будут вручать в Казахстане в этом году

31 Октября 2026 19:17see156

Трамп отреагировал на возможную причастность КНДР к взлому Binance

01 Ноября 2026 12:07see154

Призыв к забастовке дальнобойщиков в Алматы обернулся арестом на 15 суток (видео)

01 Ноября 2026 13:16see152

Скидку в 25% на билеты в одном из поездов между Астаной и Алматы объявил перевозчик

31 Октября 2026 19:20see149

Зеленый щит мегаполиса

31 Октября 2026 17:57see142

Казахстанский шорт трекист вошел в топ 5 на втором подряд этапе Мирового тура

01 Ноября 2026 16:07see140

Был ли госпереворот ? Что произошло в Польше, и чего можно ожидать дальше

01 Ноября 2026 19:58see137

Демонстрация в честь Хэллоуина в Цюрихе закончилась беспорядками (видео)

01 Ноября 2026 12:07see136

Переворот в Польше. Президент отменил визит в Сенегал и вернулся в страну из за смены главы Конституционного трибунала

31 Октября 2026 10:35see131

Мужчина напал на врача в областной детской больнице в Актау (видео)

01 Ноября 2026 15:56see127
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня