Бата, бесік жыры, жарапазан. Қазақстан қандай ұлттық мұраларды ИСЕСКО тізіміне ұсынбақ
Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.
Қазақстан биыл ұлттық материалдық емес мәдени мұраның 10 элементін ИСЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізімдеріне енгізу үшін номинациялық досьелер әзірлеуге кірісті.
Жоба қазақ халқының бірегей мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытуға, оны кеңінен насихаттауға, сондай-ақ дәстүрлерді сақтау мен кейінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған. ИСЕСКО тізіміне ұсыну үшін мынадай материалдық емес мәдени мұра элементтері іріктелді:
алтыбақан – дәстүрлі ойын және халықтық сауық-сайран түрі; бата беру – ақ тілек пен ізгі ниет білдіру дәстүрі; бәйге – дәстүрлі қазақ ат жарысы; бесік жыры – қазақтың бесік жырын айту дәстүрі; жарапазан – Рамазан айында орындалатын дәстүрлі ғұрыптық жыр айту дәстүрі; жеті ата және шежіре тарқату – қазақтың дәстүрлі ата-тек тарату мәдениеті; кимешек – қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімін әзірлеу және кию дәстүрі; құрақ құрау – дәстүрлі құрақ тігу өнері; сал-серілік – қазақ халқының музыкалық-ақындық және орындаушылық өнер дәстүрі; шапан мен қамзол – ұлттық киімдерді әзірлеу және кию дәстүрі.Номинациялық досьелер ИСЕСКО талаптарына сәйкес әзірленеді. Құжаттарды дайындау барысында ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мұра элементтері жан-жақты құжатталады. Сонымен қатар фото және бейнематериалдар әзірленіп, дәстүрді сақтаушылардың келісімі алынады және халықаралық сарапшылардың қарауына ұсынылатын толық құжаттар топтамасы рәсімделеді.
Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ИСЕСКО тізімдеріне енгізілуі Қазақстанның бай мәдени мұрасын әлемге кеңінен танытуға, мәдени дипломатияны нығайтуға, елдің халықаралық беделін арттыруға және халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:76
Эта новость заархивирована с источника 09 Июля 2026 14:55 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















