БҚО әкімі өңір халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Newtimes.KZ.
«Атамекен» өнер ордасында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Аймақ басшысы батысқазақстандықтарды мерекемен құттықтап, өңірде қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.
«Мемлекет басшысы, ҚР Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен қорғаныс өнеркәсібін дамытуға облысымыз да өзіндік үлес қосып келеді. Күні кеше тарихы терең «Зенит» зауыты еліміздегі ең ірі көпфункционалды кемені жасап шығарды. Әскери теңіз күштерінің әлеуетін арттыра түсетін су көлігі Ақтау айлағына аттанды. Бұл — жергілікті кәсіпорын жұмысшыларының ерен еңбегі, — деді облыс әкімі.
Нариман Төреғалиев Отанды қорғау тек қарудың күшімен өлшенбейтінін, біліммен, еңбекпен және жауапкершілікпен де көрініс табатынын атап өтті.
![]()
«Отан үшін күрес — ерге тиген үлес» демекші, әрбір азаматқа атамекеннің берік қалқаны болу — қасиетті борыш. Отан қорғау — тек әскери міндет емес, ол — әрқайсымыздың перзенттік парызымыз, елге деген адалдық пен жауапкершіліктің көрінісі, — деді аймақ басшысы.
Салтанатты жиында қалтқысыз қызметі мен азаматтық белсенділігі үшін құқық қорғау, аумақтық департаменттер, әскери құрылым мен ҮЕҰ өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.
Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармония «Жасай бер, Ұлы Отан!» атты мазмұнды мерекелік концертін ұсынды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Другие новости на эту тему:
Просмотров:93
Эта новость заархивирована с источника 07 Мая 2026 12:22 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















