БҚО да Жайық CUP II республикалық пікірсайыс турнирі өтті
Qazaq24.com передает, что по данным сайта Newtimes.KZ.
Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы, «Жастар Рухы» жастар қанатының БҚО филиалы және «Болашақ Қазақстанға» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Жайық CUP II» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Ауқымды шараның басты мақсаты — жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, сыни және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ мәдениетті пікірталас жүргізу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Турнирге еліміздің әр өңірінен — Астана, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Шымкент қалаларынан келген пікірсайысшылар қатысты.
Жарысқа 14 пен 35 жас аралығындағы 32 команда және 64 спикер қатысып, өздерінің білімдері мен шешендік қабілеттерін ортаға салды.
Бірінші күні пікірсайыс турнирінің іріктеу кезеңдері Британдық парламенттік форматта (БПФ) өткізілсе, негізгі бөлім мен финалдық сайыстар Американдық парламенттік форматта (АПФ) ұйымдастырылды.
Екі күнге созылған дода барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жоғары деңгейдегі пікірталастар өрбітті. Айта кетерлігі, турнирдің жалпы жүлде қоры 1 000 000 (бір миллион) теңгені құрады.
Бұл қаражат жеңімпаздар мен үздік спикерлерді ынталандыру мақсатында бөлініп, турнирдің мәртебесін арттыра түсті.
Шара қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар мен жеке спикерлер түрлі номинациялар бойынша марапатталып, арнайы дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.
«Жайық CUP II» республикалық пікірсайыс турнирі — жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, олардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:55
Эта новость заархивирована с источника 28 Октября 2025 11:55 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















