Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Михаил Шайдоров выступил на гала концерте фигуристов Олимпиады

Вооружённого мужчину ликвидировали на территории резиденции Трампа

Михаил Шайдоров выступил на Олимпиаде в образе Кунг фу панды и обнялся с Джеки Чаном (видео)

Облачный вал , накрывший Алматы сегодня, объяснили синоптики

Halyk Arena получила современную архитектурную подсветку

Дорожник погиб при расчистке трассы в ВКО

На Солнце исчезли все пятна

Рабочий получил серьезную травму на птицефабрике в СКО

Начато служебное расследование после гибели дорожника в ВКО

Ученые предупредили об опасном явлении на Земле

Лыжник Клебо первым в истории выиграл шесть золотых медалей на одной зимней Олимпиаде

Внук Назарбаева собирает алматинцев на бизнес поход

Конституционная реформа потребует масштабной переработки законодательства

Экспертный диалог на тему проекта новой Конституции провели в Астане

СМИ: в Иране возобновились протесты против властей

Туристы на снегоходах застряли в ущелье горы Шайтанколь

Мигрантам в России могут отказать в работе при недостаточном доходе

В NASA назвали дату запуска пилотируемого корабля к Луне

UEFA оштрафовал Барселону на 30,5 тысячи евро

В Шымкенте после дождя обрушилось новое дорожное покрытие и повредило водопровод

Мектеп директорының жетіспеушілігі: Оқу министрінің "2+2" формуласы мәселені шеше ме

Мектеп директорының жетіспеушілігі: Оқу министрінің "2+2" формуласы мәселені шеше ме

Как передает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Қазақстанның білім жүйесі маңызды белес алдында тұр. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп директорларын "2+2", яғни алдымен екі оқу жылына, нәтиже жақсы болса – тағы екі жылға, жалпы кемінде төрт жылдан аспай тағайындау туралы бастама көтерді. Бастаманы жақтаушылар да, даттаушылар да бар: Бір тарап бұл әдіс басқару корпусын жаңартады деп сенсе, екінші тарап жағдай одан әрі күрделенуі мүмкін деген күмәнмен қарайды. Informburo.kz мәселенің мән-жайына үңіліп көрді. 

Bu gönderiyi Instagram'da gör

Министр Жұлдыз Сүлейменова (@ministr_suleymenova_zhuldyz)'in paylaştığı bir gönderi

Министрдің ротация туралы желідегі үндеуіне қалдырылған пікірлер екіге бөлінді (Ескерту: пікір иелерінің жазу стилі сақталды):

Мәселен, marzhan351 никті қолданушы: "Кім сыйлайды екі жыл отыратын директорды. Ертең бәрібір кетесің ғой деген ой тұрады емес пе. Тұрақсыздықтан қандай нәтиже болады? Мұғалімдердің түрін жаттап та үлгермей ауысып кететін болса ол директорға да бәрібір болып қалады ғой. Немесе біреуі келіп бір жаңалық ашып, оны игере алмай жатқанда екіншісі келіп өзініңкін айтып тұрса не тірлік ол. Кемінде бес жыл отырғаны дұрыс деп ойлаймын. Осы аралықта нәтиже де көрсетіп үлгереді, еңбегі де бағаланады. Әр жерге ауыса бергеннен не өзгереді",– деп жазды. 

Uspanbaev нигімен тіркелген қолданушы да наразылығын білдірді: "Ешкім басшы болып тауылмайды ғой. Барлығы тәжірибемен келеді. 2 жылда жас директор не жасайды? Қалай нәтиже береді? Тағы 2 жыл отыру үшін көзбояушылыққа барады. Қолдан жасап береміз көзбояушылық есептерді. Зардап шегетін тек білім сапасы болады. Экперимен жасай бермей, дамыған нәтиже көрсеткен шет елдің дайын моделін қарастырып, біздің білім саласына енгізу қажет деп ойлаймын",– деп жазды ол.

Ал kymbat_abildakyzy министрдің бастамасын оң бағалады: "Өте орынды ұсыныс. Қалада да, аймақта да білім бөлімінің басшысы, мектеп директоры әкесінен қалған мұрадай зейнетке шықпай кетпейтіндерді ел біліп отыр. Олар тек өз адамына жұмыс беріп, соларды ғана көтермелейді. Білімді, өз ұстанымы бар, мінезді ұстаздардан қашады. Сондықтан директорлықты бір мектепте – екі жыл, игі бастамасы барға ғана тағы екі жыл қосу – тәртіп болар еді, жүйе жаңарар еді".

Еnlikpal есімді қолданушы да бастамаға қолдау білдірді: "Өте дұрыс ұсыныс. 4-5 жылдан кейін мектеп жеке меншігі сияқты болып, директор директор емес тағына жабысып ХАН болып кетеді. Ішкі мәселені көзі көрмей кетеді. Жаңадан келген адам жан-жағына қарайды, мектептің ой-шұқырын зерттейді. Назар аударады",– деп жазды ол.

Fizika_almaty есімімен тіркелген азамат болса: "Директор мен қоса бухгалтер, завучтарды да ұмытпаңызшы. Ұзақ жылдар завуч болғандар, келген директорларыңды айтқанымен жүргізеді ғой. Соңында директор ауысқаннан дым нәтиже болмайды. Баяғы жартас, бір жартас болады да қалады",– деп ұсыныс айтты.

Мектепті кім басқарып отыр?

Министр Жұлдыз Сүлейменованың дерегіне сүйенсек, Қазіргі кезде елде 8 048 мектеп бар. Оның 5233-і – ауылдық жерде, 2815-і қалада орналасқан. 2026 жылдың 24 қаңтарындағы деректерге сәйкес, елде барлығы 7 238 мектеп директоры жұмыс істейді. 810 мектепті диреткор қызметін уақытша атқарып отыр. Мектепті уақытша басқарушылардың ең жоғары үлесі Батыс Қазақстан облысы (15,6%), Солтүстік Қазақстан облысы (13%), Шығыс Қазақстан облысында (12%). Біз уақытша міндетін атқарушы директорларға да көңіл бөлуіміз қажет деп санаймын.

Мектеп басшыларының жалпы портретіне келетін болсақ, олардың орташа жасы 48,5 жасты құрайды. Оның ішінде 62%-ы – әйелдер. Басшылардың 15,5%-ында магистр дәрежесі бар. Оның ішінде үздік нәтижені мегаполистер көрсетіп отыр. Атап айтқанда Астанадағы мектеп директорларының 43 %-ы, Алматыдағы мектеп директорларының 32 %-ы. Шымкенттегі мектеп директорларының 27,5 %-ы магистр дәрежесі бар мамандар. Елдегі мектеп директорларының орташа еңбек өтілі – 26 жыл:

Ақмола облысында – 23, Жамбыл облысында – 10, СҚО – 24, Павлодар облысында – 13, ШҚО – 12, Ақтөбе облысында – 6, Абай облысында – 14, Жетісу облысында 5 директор бір мектепті 20 жылдан астам уақыт басқарып келеді. Инфографика: Informburo.kz

Сонымен бірге директор лауазымына үміткерлердің сапасы да алаңдатады. Мектепті басқаруға үміткер ұлттық тест тапсырып, сұхбаттасудан өтуі керек. 2025 жылы кандидаттардың тек бестен бірі ғана (21%) өткен. Министрлік мектептердегі басқарушылық дағдылардың әлсіздігін де мойындаған. Уәкілетті органның дерегінше, мектеп директорларының басқарушылық дағдысының төмендігі білім жүйесінің сапасына, ұжымдық мәдениеттің төмендеуіне тікелей әсер етіп жатыр. Оған қоса, мұндай мектептерде мұғалімдердің мазасы қашып, орталыққа хат жазуы жиілеп кеткен.

Неге директор жетіспейді?

Қазір ел аумағындағы мектептерде 490 мектеп директоры лауазымы бос тұр. Алайда 2024 жылы құрылған директорлардың кадрлық резерві аясында дайындалған 376 кандидаттың 29,26%-ы әлі күнге дейін басшылық қызметке тағайындалмаған. Әсіресе, Алматы мен Шымкент қаласында, Түркістан, Қызылорда облыстарында тағайындауды күтіп отырған кадр көп. Яғни кадр тапшылығы біркелкі емес: кей жерде кадр жоқ, кей жерде кадр көп. Директор тапшылығы әсіресе Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында айқын сезіледі. Мәселен, өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы әрбір оныншы мектепте директор болмаса, Павлодар облысында 70 директор жетіспеген. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова бұл мәселенің мәнін былай түсіндірген: 

"Облыс бойынша 70-тен астам мектеп директоры тапшы. Неліктен? Өйткені қазіргі таңда директор болуға ешкім құлықты емес. Біріншіден, жалақысы мұғалімнен төмен. Екіншіден, басшылыққа тағайындалу үшін арнайы тест тапсыру қажет, ал оны көпшілігі өте алмайды. Осыдан тағы да үлкен сұрақтар туындайды", – деген еді облыс әкімінің орынбасары ұлттық арнаға берген сұхбатында. 

Оған өңірдегі демографиялық құлдырау, ауыл мектептерінің көптігі және кадр тартудың қиындығы себеп болуы мүмкін. Демек, мәселе тек кадр саны емес, кадрдың географиялық қолжетімділігі мен оларды ынталандыру тетігінің әлсіздігінде деуге болады. Шын мәнінде, Қазақстан мектебінің директоры – тек педагогикалық ұжым жетекшісі емес, бір мезетте қаржы менеджері, кадрлық қызмет басшысы, шаруашылыққа, қауіпсіздікке жауапты тұлға және ата-аналармен, жергілікті билікпен жұмыс істейтін медиатор. Осындай әкімшілік және құқықтық жауапкершілігі жоғары болғанымен, еңбекақысы оған сай емес. 

Белсенді ұстаз Мейіржан Темірбек те осы тұжырымды қолдады.

"Елімізде 490 директор жетіспесе, оның себебі – қазір көп адамның директорлыққа барғысы келмейді. Өйткені, мектеп директорының жалақысы өте аз. Сол үшін көбінесе мектеп директорлары қосымша 8 сағат пәндік сабақ алады. Сол жағын да қарастыру қажет", – деп санайды ұстаз.

Сонымен қатар ол білім бөлімінің басшыларының да ротация мәселесін көтеру уақыты келгенін айтты.

"Қазіргі таңда мемлекеттік білім беру ұйымдарының директорлары 7 жылдан кейін міндетті түрде ротациядан өтеді. Бұл жүйені жаңарту үшін дұрыс қадам болғанымен, көп жерде жұмыс істей бермейді. Себебі көп жерлерде бір "елдімекен" шегінде екі мектептен жоқ, сондықтан ауылдық жерлерде тиімсіз. Әйтеуір "құс белгісі" үшін шығарып қойғандай. Оны кезінде бұйрық шығып жатқанда айттық. Енді 2+2, жалпы алғанда 4 жыл сайын ротация туралы ұсыныс айтылып жатыр, бұны әлі де ойлану керек сияқты. Сонымен қатар, менің ойымша, реформа тиімді болуы үшін облыс басшылары білім бөлімінің басшыларын да жиі ауыстырып тұру керек. Бір аумақты 10-15 жыл басқару: жабық жүйе қалыптастырады, кадрлық тоқырауға әкелуі мүмкін, жауапкершілікті төмендетеді. Сол себепті білім бөлімі басшыларына да нәтижеге қарай бағалау, ұзақ отыруға шектеу қою, ротация мәселесін көтеру уақыты әлдеқашан келді", – дейді Мейіржан Темірбек.

Басқа елдерде мәселе қалай реттеледі?

Сингапурда мектеп директорларын іріктеу қатаң түрде жүргізіледі. Үміткерлерде кемінде 3 жыл педагогикалық және 3 жыл басқарушылық тәжірибе болуы шарт. Сондай-ақ олар арнайы білім бағдарламасының көшбасшысы сынды бағдарлама мен тестілеуден өтуге міндетті. Директорларды Білім министрлігі тағайындайды, ротация 5-7 жыл ішінде  жүргізіледі. Ротациядан соң директор ментор, кеңесші немесе жоғары лауазымдарға тағайындала алады.

Финляндияда директорларды жергілікті билік тағайындайды. Тағайындау мерзімі анықталған (әдетте 4–5 жыл) немесе мерзімсіз болуы мүмкін. Директорлар жоғары автономияға ие. Ротация туралы нақты талап жоқ, алайда қайта тағайындау туралы шешімді де жергілікті билік шығарады. 

Қырғызстанда мектеп директорлары әр 5 жыл сайын ауыстырылады. Президент жарлығына сай, 2022 жылдан бастап бұл елде мектеп директорлары конкурс арқылы іріктеледі, ал жалпы білім беретін ұйымдардың 5 жылдан астам лауазымда жұмыс істеген басшылары осы жарлықтың күшіне енген күнінен бастап қызметтен босатылған болып есептеледі.

Түркияда мектеп директорлары әдетте 4 жылдық мерзімге тағайындалып, қызметі бағалау нәтижесіне қарай қайтадан 4 жылға бекітілуі немесе басқа мектепке ауыстырылуы мүмкін. Тағайындау кезінде педагогикалық өтіл, басқарушылық даярлық және бағалау нәтижелері есепке алынады. 

Қорыта келгенде, мектеп директорларының 2+2 ротациясы басқару корпусын жаңартудың құралы бола ала ма деген сұрақ әлі ашық. 

"Біз әлі шешім қабылдаған жоқпыз. Бұл мәселені толық зерделеуіміз қажет. Бірақ, менің ойымша, 20 жыл бойы бір жерде мектеп директоры болған адам ротациялануы керек. Егер жақсы қызмет көрсетсе, мектепті дамытса, басқа мектепке барып директор болсын. Біз оны орнынан алып тастап, педагогикаға қайтадан қайтарайық деп жатқан жоқпыз. Бір мектепте 4 жыл көлемінде жақсы қызмет көрсетсін деп отырмыз. Одан кейін басқа мектепті де көтерсін. Сондай ұсынстарымыз бар. Ұсыныстар талқылануда, егер ойларыңыз болса, ортаға салыңыздар", – деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова. 

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:28
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 23 Февраля 2026 15:42
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Михаил Шайдоров выступил на гала концерте фигуристов Олимпиады

22 Февраля 2026 16:56see194

Вооружённого мужчину ликвидировали на территории резиденции Трампа

22 Февраля 2026 22:57see191

Михаил Шайдоров выступил на Олимпиаде в образе Кунг фу панды и обнялся с Джеки Чаном (видео)

22 Февраля 2026 02:43see190

Облачный вал , накрывший Алматы сегодня, объяснили синоптики

21 Февраля 2026 18:21see182

Halyk Arena получила современную архитектурную подсветку

22 Февраля 2026 13:48see179

Дорожник погиб при расчистке трассы в ВКО

21 Февраля 2026 20:01see178

На Солнце исчезли все пятна

22 Февраля 2026 21:51see176

Рабочий получил серьезную травму на птицефабрике в СКО

22 Февраля 2026 22:04see170

Начато служебное расследование после гибели дорожника в ВКО

21 Февраля 2026 21:25see169

Ученые предупредили об опасном явлении на Земле

21 Февраля 2026 18:35see159

Лыжник Клебо первым в истории выиграл шесть золотых медалей на одной зимней Олимпиаде

21 Февраля 2026 17:18see157

Внук Назарбаева собирает алматинцев на бизнес поход

22 Февраля 2026 14:10see157

Конституционная реформа потребует масштабной переработки законодательства

21 Февраля 2026 18:00see154

Экспертный диалог на тему проекта новой Конституции провели в Астане

21 Февраля 2026 18:59see153

СМИ: в Иране возобновились протесты против властей

22 Февраля 2026 12:11see148

Туристы на снегоходах застряли в ущелье горы Шайтанколь

22 Февраля 2026 04:58see147

Мигрантам в России могут отказать в работе при недостаточном доходе

22 Февраля 2026 11:55see146

В NASA назвали дату запуска пилотируемого корабля к Луне

22 Февраля 2026 08:16see143

UEFA оштрафовал Барселону на 30,5 тысячи евро

21 Февраля 2026 20:28see141

В Шымкенте после дождя обрушилось новое дорожное покрытие и повредило водопровод

22 Февраля 2026 12:16see139
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня